Жолдауға
қолдау
Біз әрбір Қазақстан азаматтары
сияқты Елбасымыздың әр жылғы халыққа Жолдауын асыға күтеміз. Биылғы
Президент Жолдауы халықаралық мұғалімдер мерекесімен сәйкес келуі
ұстаздар үшін үлкен құрмет болды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында
өткен жылдардағы атқарылған жұмыстарды баяндай келе, 2019 жылға
арналған жұмыс жоспарларымен таныстырды.Елбасы ғылымға көп көңіл
бөлу керектігі экономиканың дамуына аса маңызды екенін атап
өтті.
Мектепке дейінгі Білім берудің
жаңа сапасын қалыптастыру керектігіне тоқталды. «Барлық жастағы
азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді
құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі
басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру
қабілетін дамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беру ісінде
балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік
дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай халықаралық
стандарттарын енгізу қажет»- деді Елбасы
Жолдауында.
Бұдан бөлек, Президент орта
білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталғанын, бұл
2021 жылы аяқталатынын атап өтті. Орта білім беру ісінде Назарбаев
зияткерлік мектептерінің іс – тәжірибелері мен әдіс – тәсілдерін
Қазақстанның барлық мектептерінде жүзеге асу керетігін тапсырды.
Өйткені, бұл халықаралық білім стандартына
сәйкес.
2019- 2021 жылдары аралығында
мектеп құрылысына 50 миллиард теңге бөліну арқылы 3 аусымдық
оқытуды жою керектігі айтылды. Сонымен қатар педагог
қызметкерлерінің статусын көтеру мақсатында мұғалімдердің
жүктемесін қысқарту керектігі және үнемі тексеріс іс – шараларын
тоқтатуды талап етті.
Президент Жолдауы бізге
бағдаршам ретінде болашаққа сенімділікке қарауға зор ықпалын
тигізеді.
Мен 2018 жылдың қыркүйегінде
өзім таңдаған Қарағанды политехникалық университетінің «Сәулет
өнері» мамандығына оқуға түстім. Студенттерге білім алуға барлық
жағдайлардың жасалуы еліміздегі білім жүйесінің жақсаруынан деп
білемін. Оқу орнындағы білікті мамандардың дәріс беруі әр шәкірттің
оқуға деген ынтасын арттырары сөзсіз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы
жолдауында білім беру жүйесін, коммуникация ,
стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу
қажет екендігін мәлімдеді. Педагогтарды оқыту және олардың
біліктілігін арттыру бойынша да ерекше назар
аударылды.
Ұстаздардың мәртебесін көтеру туралы
Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа
бөледі. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру.
Себебі барлық маман иесі болашақ ұстаз да, дәрігер де, біз секілді
болашақ сәулетшілер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын
кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Ендеше, ұстаз
мәртебесін көтеру -ел болашағы үшін
маңызды.
Сонымен қатар, биылғы Жолдауында Мемлекет
басшысы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10
негізгі міндетін белгілеп берді. Өнеркәсіп немесе мемлекеттік
басқару , осы 10 міндеттің барлығында цифрландыру бағыты анық
көрсетілген. Бұл біздің экономикамыз үшін үлкен тәуекел. Осы
бағыттар бойынша жұмыс төртінші индустриалды революцияның қазіргі
жағдайында теңгерімсіздікті азайтуға көмектеседі.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік
салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға
ерекше назар аударды. Бұл Елбасының халықтың әлеуметтік
жағдайына баса назар аударғанын
көрсетеді.
Біз, Қазақстанның жастары Мемлекет басшысының
жолдауын қолдай отырып, қызметкерлермен қатар студенттерге тиімді
жағдайлар жыл сайын артып келе жатқаны үшін алғысымызды
білдіреміз!
ҚарМТУ
мұғалімі
Шойымбекова Альвира
Каирберлиевна
ҚарМТУ «Арх 18-1» І курс
студенті
Әбішқызы
Іңкәр