
Дəріс. Жузуді бастау тəсілі.
Үйрену тəсілдері мен жаттығулары
Жүзіп үйрену үшін ең маңыздысы: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік жəне
ептілік. Жалпы дамыту жаттығулары дененің негізгі физикалық қасиеттерін
дамытуға ықпал етеді. Ол омыртқаны, кеудені, аяқты жүзуге бейімдеу үшін
қажет. Сондай-ақ, дұрыс дене бітімінің қалыптасуын қамсыздандырады жəне
жеке бұлшық ет топтарының дамыту бойынша қосымша əсерін жəне
функционалдық мүмкіндіктерінің дағдыларын арттырады. Əдетте жүзу –
қозғалыстарды тиімді дамытудың ең қолайлысы болып табылады. Жалпы
дамыту жаттығулары гимнастикалық жаттығулар түрінде орындалады.
Мысалы, жаяу жүру, секіру, жүгіру денсаулыққа аса пайдалы қарапайым
жаттығулар.
Жүзу алдында ең бастысы адам судан қорықпауы, еш жүрексінбеуі керек. Су
адамды судың бетіне қалай да көтеріп тұрады. Ең бастысы ішке жұтқан
ауаны бірден сыртқа шығарып қоймауы қажет. Жүзумен айналысқан жастың
өкпесі ерекше жетіледі. Кəсіби жүзушілердің өкпесі қарапайым адамдарға
қарағанда 10-20% мықты болады. Жоғары класс ер жүзгіштерде -5-6,5 л,
əйелдерде -4-4,5л. Жүзгіштердің тыныс бұлшықет күші мен өкпенің
сыйымдылығы да кəдімгі мөлщерден 8-15% көп.
Белсенді жүзудегі су иммерсиясы кезінде тыныс жолдарындағы ауа
ағымының кедерғісі 50%-дан аса артады жəне тыныс бұлшық ет
белсенділігінің жоғарлауын талап етеді. Кролль əдісімен жүзу кезінде тыныс
алатын ауаның əр литріне оттегінің қосымша мөлшері 1,3-2,8 мл-ге жетеді.
Жүзу кезінде тыныс алу жүзу (есу) циклдерімен синхрондалады: тыныс алу
фазасының ұзақтығы азаяды, ал тыныс шығару ұзарады жəне көбінесе су
астында брасс əдісімен жəне шалқалап жүзуді қоспағанда, яғни ауа ортасына
қарағанда көп кедергіге қарсы шамамен 50-100 сынап бағанасы жүргізіледі.
Жүзу жылдамдығы 100 метр жүзу кезінде (бассейн ортасында) максималды
орташа таза арақашықтық жылдамдығы кролль əдісімен 1,9м/с,
баттерфляйда – 1,8м/с, шалқалап жүзуде – 1,7м/с, брасс əдісімен – 1,5м/с
болады. Сонымен, неғұрлым жоғары жылдамдылық кролль əдісімен жүзуде,
ал, аз жылдамдық –брасс əдісімен жүзуге тəн.
Салыстыра айтсақ, жүзу кезінде энергия шығыны шамамен балықтарға
қарағанда 30 есе жəне сондай-ақ жылдамдықпен жүгіруге қарағанда 5-10 есе
көп. Өте төмен жылдамдықпен жүзу кезінде адамдардағы энергиялық
шығынның айтарлықтай айырмашылықтары олардағы бытыраушы күштің
əртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде əйелдер
ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең алдымен əйелдерде
қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.
100 метр арақашықтықта (50-60 с) шамамен, энергияның 80%-ы анаэробтық
жолмен максималдығы жуық анаэробық қуаттылық қамтамасыз етіледі.
Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің аэробтық компоненті
жоғарылайды: 400 метр арақашықтықта ол жалпы энергия өндірілуден 50%-

дан асады. 800 жəне 1500 метр арақашықтықта оттектік жүйенің қуаттылығы
мен сыйымдылығы өте маңызды рөл атқарады.
Суда жоғарғы жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден асып түсу
жүзгіш үшін дене жүктемесінің негізгі компонентін құрайды. Егер сүйреу
жолымен адамның денесін суда тартса, онда тіке кедергі бұл пассивті алға
жылжыту шамамен сүйреу жылдамдығынның шаршысына пропорциялы
өседі. Бас, кеуде жəне қол-аяқ қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі
кролль əдісімен жүзу кезінде 1,5 есеге, брасс əдісімен жүзуге 2 есеге көп
болады.
Жүзу тиімділігі аса төмен. Тіпті жоғары білікті жүзгіштерде ол 4-7% құрайды
ол өте төмен көрсеткіш. Жоғарғы тиімділік кролль əдісімен жүзу кезінде-6-7%
максимум-15% ,ал, төмен тиімділік брасс əдісімен жүзу кезінде 4-6%
байқалады.
Су спорт түрлері
Жүзу – спорт түрінің бірі, аз уақытта əр түрлі қашықтықта жүзіп өтетін
спорттық ара-қашықтық. Дегенмен ереже бойынша жүзу қашықтығы сөреден
немесе бұрылыстан кейін 15 м аспауы қажет (брасс жүзуде бұл шектеу
басқаша қаралған); жылдамдық су асты жүзу түрлері жүзуге емес, су асты
спортына жатады.
МОК классификациясы бойынша (тəртіпке байланысты «бір федерация – бір
спорт түрі») жүзу спорт түріне: жүзу, су добы, суға секіру жəне синхрондық
жүзу спорты түрлері жатады, орыс тілді спорт əдебиетінде жүзу сөзіне
синоним ретінде «су спорты түрлері» сөз тіркесі қолданады. Əлемде су
спорты түрлерінің дамуы үйлесімділігімен əлем чемпионаттарын өткізген
Жүзуден халықаралық Федерациясы (1973 ж.бастап); Еуропа

чемпионаттарын өткізген Еуропада (1926 ж.бастап) – Еуропа жүзу лигасы
(ЛЕН, фр. LEN, Ligue Européenne de Natation, 1926 жылы құрылған)
айналысады.
Жүзумен адамдар ежелгі дəуірден бастап айналыса бастаған. Адам балық
аулап, жауларынан қашқанда су арқылы бірнеше қашықтықты жүзіп өткен.
Біздің заманымыздың басында Ежелгі Римде суы жылытылатын жүзу
бассейндері салына бастады. Каракаллы (55х25 м) жəне Диоклетианский
терма (100х50 м) бассейндері көпшілікке аса белгілі бассейндер болып
есептелген. XVI ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы
жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. XVIII ғасырдың екінші жартысында
жəне XIX ғасырдың басында Германия, Австрия, Франция, Чехословакия
елдерінде алғаш мектептер ұйымдастырыла бастады. 1896 жылғы
Афинадағы ең алғашқы Олимпиадада жүзу Олимпиада спорт түрлерінің бірі
ретінде саналды. Əйелдер жүзуден олимпиада ойындарына 1912 жылдан
бастап қатыса бастады.
Түрлері
Олимпиада ойындарында еркін жүзу, баттерфляй, брасс жəне шалқалап
жүзу жарысынан 16 жинақ медальдар сарапқа салынды. Еркін жүзу - 50, 100,
200, 400, 800 м (тек əйелдер), 1500 м (тек ерлер) қашықтықтарды; брасс,
баттерфляй жəне шалқалап жүзу – 100, 200 м қашықтықтарды; аралас жеке
жүзу жарысы - 200, 400 м қашықтықтарды қамтиды.
Бұрылыстар
Еркін жəне шалқалап жүзу кезінде бассейннің жиегіне жүзуші денесінің кез-
келген жері тиюі мүмкін, дегенмен əрі қарай аяғымен итерілуге болады. Жеке
аралас жүзуде шалқалап жүзуден брассқа ауысқанда жүзушілердің денесі
бассейннің жиегіне тигенше шалқалап жүзу қажет.
Сөре жəне мəре
Жалған сөре жасаған жүзуші жүзу құқығынан айырылады. Сөре жəне мəре
бассейннің қабырғаларында жəне сөре тумбасында орналастырылған
электронды құрылғы арқылы анықталады. Бұл эстафета өткізу кезінде қазіргі
сөрені анықтау үшін қажет. Егер келесі жүзуші сөре тумбасын алдағы
жүзушіден 0,03 секунд ерте соқса команда жүзу құқығынан айырылады.
Жүзуші мəре кезінде еркін жəне шалқалап жүзу жарысында бір қолмен,
баттерфляй жəне брасс кезінде – екі қолмен соғуына болады.
Алдын-ала жүзу жарысында жақсы нəтиже көрсеткен 24 жүзуші үш рет жүзу
бойынша əрқайсында 8 адамнан бөлінеді. Ең тез жүзуші 4-жолмен ақырғы
жүзеді, екінші нəтиже көрсеткен – 2-жолмен, үшінші – 3-жолмен, 4-жүзуші –
соңғы жолмен, бесінші нəтиже көрсеткен – екінші жолмен жүзеді жəне т.с.с.
егер финалға 24 жүзушіден көп шықса, онда олар бірінші жүзу жарысында
жүзеді. 400 м қашықтықта жəне одан жоғары жəне эстафетада үздік 8
спортшы бірден финалға өтеді. 200 м қашықтықта жəне одан аз үздік 16

спортшы ширек финалда жарысқа түседі. Ширек финалдағы ең үздік жүзуші
4-жолмен, екінші нəтиже көрсеткен – 5-жолмен, үшінші – 3-жолмен, 4-жүзуші –
6-жолмен жүзеді жəне т.с.с.
Еркін жүзу стилі - Спортшыға рұқсат етілген тереңдігі 15 м астпайтын су
астында сөре жəне бұрылу кезінен басқа еркін жүзу кезінде спортшының
денесі əрдайым судың үстінде болуы шарт.
Шалқалап жүзу кезінде спортшының аяғы сөре кезінде шалқалап жүзуде
судың астында болуы мүмкін. Спортшының беті жоғары қарап, шалқалап
жүзуі қажет. Сонымен қатар жүзу кезінде сөреден жəне бұрылыс жасағаннан
кейін спортшыларға тереңдігі 15 м астайтын су астымен жүзуге рұқсат
беріледі.
Брасс - жарысында спортшылар суда бетпен əрі аяқтары көлденең жəне
синхронно жүзулері қажет. Спортшылар жүзу кезінде сөреден жəне
бұрылыстан кейін су астында əр аяғымен бір тік қимыл жасауына болады, ал
спортшының басы суға кіріп-шығып жүзіп отырады. Спортшы жүзу соңында
жəне əр бұрылыста бассейннің қабырғасына екі қолын бірдей тигізуі қажет.
Баттерфляй - жүзудің ең қиын стилдерінің бірі жəне жылдамдық жағынан
крольден кейін екінші орында тұр. Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде
пайда болған. Бұл жарыста рұқсат етілген тереңдігі 15 м астпайтын су
астында сөре жəне бұрылу кезінен басқа брасстағы сияқты спортшылар су
үстінде бетпен жүзеді. Сонымен қатар бұл жүзушілер де мəре жəне əр
бұрылыс кезінде бассейннің қабырғасына екі қолын бірдей тигізуі қажет. Осы
жүзу тəсілінде жүзуші екі қолын иығынан төмен қарай лақтыра, яғни иығынан
екі қолын сермете жүзіп, екі аяғын қосып бірдей қозғалыс жасауы шарт.