Материалдар / КЕЙС-СТАДИДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ – АҚИҚАТТЫ ІЗДЕНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КЕЙС-СТАДИДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ – АҚИҚАТТЫ ІЗДЕНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі заман жаңа технологиялар дәуірі, жаңа үрдіс, жаңа түсінік пен мінез – құлықтың әлемі. Заманына сай мұғалімі де жаңашыл, жан – жақты ұшқыр ойлы, оқушымен жұмыс жасауға ерік – жігері, қабілеті мол болуы басты мәселе. Сондықтан өмір талабына қарай әрбір ұстаз, қоғам үміт күткен болашақ жас мамандар оқушының яғни, тәрбиеленушінің ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы, олардың мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы іс- әрекетке бағыттайтын әдіскер болып шығуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2022
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КЕЙС-СТАДИДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ – АҚИҚАТТЫ ІЗДЕНУ

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы Джакаева Гульзира Баженовна

«Ақиқатты іздену – ақиқаттың өзінен де маңызды».

Кейс-стадидін басты қағидасы

Бүгінгі  заман  жаңа технологиялар дәуірі, жаңа үрдіс, жаңа түсінік пен мінез – құлықтың  әлемі. Заманына сай мұғалімі де жаңашыл, жан – жақты ұшқыр ойлы,  оқушымен жұмыс жасауға ерік – жігері, қабілеті мол болуы басты мәселе. Сондықтан өмір талабына қарай әрбір ұстаз, қоғам үміт күткен болашақ жас мамандар оқушының яғни, тәрбиеленушінің ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы, олардың мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы іс- әрекетке бағыттайтын әдіскер болып шығуы тиіс.

Қазіргі білімнің салтанат құрған кезінде өскелең ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулуда рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған сабақтың маңызы өте жоғары және берер ұлағаты мол. Осы орайда оқу орнымызда әр пән өзін-өзі тану пәнімен сабақтасып, жаңа әдіс-тәсілмен, ерекше серпінмен, заманауи технологиямен өткізіледі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп дана халқымыз айтқандай, ұлағат иелерінен алған білімімді тәжірибемен ұштастыруға диплом алды педагогикалық практикаға «ИнтеллектУм элиталық мектеп-лицейі» мекемесіне сұраныс бойынша қабылдандым. Күнделікті сабағыма сан түрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлерін, сұрақ қоюда белсенді әрекеттерді пайдалана бастадым. Әр сабақта жүздері бал-бұл жанған шәкірттерді көріп, жаңа білімге құлшыныспен ұмтылып, іздену нәтижесінде Британдық оқыту және оқу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөнінде әзірленген кейс – стади әдісін оқыдым. Бұл әдіс мен тәжірибеден өтіп жатқан мектеп – лицейінің оқушыларына арналғандай екен деп зерттей бастадым. [1. 13 бет]


Бұл не үшін қажет?

Кейс – стади практикалық мәселелерді жан-жақты қарастыру арқылы пәннің теориялық мазмұнын толықтырады. Кейс–стади әдісі көмегімен өмірде туындайтын проблемаларға жауап іздену арқылы студенттер немесе оқушылар ертеңгі өмірде кездесуі мүмкін жағдайлар мен мәселелердің дұрыс шешімін табуға жаттығады.

Бұл әдіс қалай пайда болған?

Кейстердің қолдану әдісі алғаш рет ХХ - ғасырдың бас кезінде Еуропа университеттерінде құқықтану және медицина пәндері бойынша студенттерді үйретуде қолдана бастаған. Бұл кезде кейс-стади құқықтық немесе медициналық практикада орын алған оқиғаларды (проценттерді) зерттеу тәсілі ретінде танылып, оның негізін студенттерді өздік жұмыстарды құрады: практикалық оқиғаны зерттеу үшін студенттер көптеген теориялық мағлұматтарды қарастыруға мәжбүр болды.

1910 жылы америкалық профессор Копленд (Copeland) нақты ситуацияларды талдауда пікірталасты бизнеске оқыту әдісі ретінде қолдана бастайды. Ал бизнес пәндері бойынша оқудың негізгі әдісіне кейс-стади тек 1920-шы жылдары Гарвард университетінің (АҚШ) бизнес мектебінде ғана айналған. Кейстерді бірінші жинағы 1921 жылы «The Case Method at Harvard Bussiness Shool » деген атпен осы университетте жарыққа шыққан.

Бүгінгі күні кейс-стадидің екі негізгі мектебі қалыптасқан: Гарвардтық мектеп және батыс еуропалық Манчестер мектебі. Олар айырмашылығы көлемі мен дұрыс шешім келтіру тұрғысына байланысты.




Гарвардтық мектеп

Манчестер мектебі

Шешімі:

Гарвардтық кейстер студенттерден бір ғана дұрыс шешім іздеуді талап етеді.

Шешімі:

Еуропалық кейстердің шешімдері біреу емес, сан қилы болып келеді: мұндағы ең басты мәселе – студенттердің өз шешімдері мен көзқарастарын теориялық тұрғыдан негіздеп, оларды дәлелдеп және пікірталастардың өрбуін қолдап отырады, алайда ол студенттерді кейстердің дұрыс шешіміне қарай жетелемейді.

Көлемі:

Америкалық кейстер 20-25 беттен тұрады және 8-10 беттен тұратын қосымша мен иллюстрациялары бар.

Көлемі:

Еуропалықтар 1,5-2 еседей көлемдірек болып келеді.

Кейстің жан жақты анықтамасы 1954 жылы шыққан Гарвард бизнес мектебінің басылымына келтірілген: «Студенттер мен оқытушылардың бизнес проблемалары немесе ситуациялары бойынша пікірталастаррға қатынасатын оқу/оқыту әдісі. Бизнестің өзекті проблемаларының мысалы ретінде ситуациялар жазба түрде келтіріледі. Студенттер оларды өзіндік тұрғыдан зерттеп, қарастырады. Студеттердің бұл жұмысы болашақта оқытушының басқаруымен аудиторияда бірлесе талқыланып, пікір таластырудың негізі болады. Сонымен сase-study- әдісі арнайы дайындалған материалдары мен бұл материалдарды оқу процесінде қолданудың арнайы технологиясынан тұрады».

Кейс-стади әр-түрлі әдістер мен тәсілдерді біртұтас күрделі жүйеге біріктіреді. Олардың қатарына келесідей бірлескен жұмыс тәсілдерін жатқызуға болады:

- ой қозғау;

- модельдеу;

- пікірталас;

- талқылау мен жүйелі талдау;

- іскерлік және рөльдік ойындар;

- тәжірибе жасау;

- проблемалық әдіс;

- жазу тәсілдері.

Басқа жаңа технологиялардан артықшылығы:

  1. Білім алушылар білім алу процесінде таңдау еркіндігіне ие болып, оқытушыны, пәндерді, оқу тәсілдерін, тапсырмаларды және оларды орындау жолдарын таңдай алады.

  2. Оқытушы білім алушыларға теориялық мәліметті толығымен бермей, тек негізгі ұғымдарға тоқталып, теорияны практикалық тұрғыдан қолдануын қадағалайды.

  3. Әр шәкірттің өзін-өзі басқару дағдылары қалыптасады, ақпаратпен тиімді түрде жұмыс жасауды үйренеді, қажетті мәліметті таңдайды, шешім қабылдайды, жауапкершілігі артады, өз іс-әрекеттерін жоспарлайды.

  4. Оқытушы мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастық нығаяды, оқытушы әрбір оқушының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескереді, олардың жағымды қасиеттеріне көңіл аударады.

  5. Білім алушылар абстракциялы біліммен айналыспай, нақты нәтижеге әкелетін мәселелерді қарастыру арқылы (кәсіби практикада) кездесетін ситуацияларды зерттеу және талдау дағдыларын қарастырады.

  6. Олар өз шешімдерін дәлелдеуге машықтанады, шешімдердің барлық баламаларын дұрыс бағалап, басқа пікірлерді ескеріп, жан жақты талдауды үйренеді.

  7. Өзекті мәселелерді шешуде қажетті көрнекі материалдар: ғылыми әдебиет, мақалалар, видео-және аудиокасеталар, CD-дискілері, кейсте қарастырылатын компаниялардың өнімдерімен қамтамасыздандырылады.

Кейстің форматы қандай болуы тиіс ?

1. Мұқаба (мұнда кейстің атауы, авторы, жазылған жылы келтіріледі).

2. Кіріспе. Тақырыптың даму тарихы сипатталып, басты кейіпкерлер суреттеледі, оқиғаның басталу уақыты көрсетіледі.

3. Негізгі бөлім. Ақпараттың негізгі бөлігі беріледі. Мұнда шешімі қажет проблема нақтылана, оның қиындық туғызатын жерлері келтіріледі, оқушыларға сұрақтар қойылып, тапсырмалар ұсынылады.

Негізгі бөлімнің кең тараған құрылымы келесідей:

- Субъекттің жұмысына өзгерту енгізу (техникалық тұрғыдан, жұмыс күші, жұмыс процесі, өнім тұрғысынан) қажеттілігі сипатталады.

1.Дәлелдеу, ақпарат көздері мен тұжырымдардан мысал келтіріледі.

2.Тәжірибеге енгізу әдістері мен тәсілдері ұсынылады.

3.Іздену барысында қандай тиімді нәтижелерге қол жеткізетіндігі түсіндіріледі.

4. Кейс бойынша негізгі сұрақтар беріледі.

4. Қорытынды бөлім. Өзекті мәселелерді тиімді шешу жолында айтылған ұсыныстар бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.

5. Қосымша. Мәселені шешу үшін қажетті ақпарат көздерінен деректер жинақтау тапсырылады. [2. 83 бет]

Кейстерде сабақ барысында қалай пайдаланамыз?


Бөлімдері

Іс-әрекеттері

1.

Дайындық

Оқытушы сабаққа кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс сабақ алдында 1-2 күн бұрын таратылып беріледі. Олар кейстың мазмұны және ұсынылған әдебиет тізімімен жеке – жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады.

2.

Топтық жұмыс

Сабақта оқушылар 4-5 адамнан құрылған шағын топтарға бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылайды, онда қойылған мәселесін бірлесе іздестіреді. Бұл кезеңде оқушылардың шағын топтары бір-біріне бөгет жасамау үшін әртүрлі бөлмелерде жұмыс жасағаны дұрыс.

3.

Пікірталас

Оқушылар толық құрамда бір аудиторияға жиналып, кейс бойынша пікірталас басталады. Мұнда әр топтан сөйлеушілер (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарастарын дәлелдейді. Дәлелдеуде алдын ала кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың оқушылары әр пікірді талқылауға қатысады, бір-біріне сұрақ қойып, проблеманы шешудідің басқа да нұсқаларын ұсынады. Оқушылар өздерін белсенді ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмауы керек.

4.

Қорытынды


Пікірталас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап, оқушылардың көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді.

5.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жасаған жұмысы (пікірі, көзқарасы, шешімі) бойынша жазбаша есеп береді. Жазу уақыты мен форматтың (көлемі және басқа да талаптар) оқытушы сабақтын мақсаттарына сай белгілейді.

Кейс-стади әдісі бойынша 1 сабақ үлгісі ұсынылады (слайдта көрсетіледі).

Кейс-стади әдісін оқу процесінде қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды:

- проблемалық ситуация бір тақырып немесе бір пәннің мазмұнымен шектелмейді, әдетте ол басқа пәндердің проблемалары мен мәселелерімен тығыз байланыста болады. Кейс-стадиде оқушылар пәнаралық байланыстарды көрсете білуі қажет.

- білім алушылар проблемалық ситуацияны интерпретациялаудың яғни, өзіндік тұрғыдан түсінудің бірнеше жолы болатындығына дайын болуы тиіс.

- оқушылар өз шешімдері мен ұсыныстарының дұрыстығын дәлелдеу үшін өздерінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтіруі керек.

- проблемаларды шешудін мүмкін жолдары - кейстің негізінде жатқан оқиға нақты өмірден алынғандықтан, мұнда келтірілген ситуацияның жалғасы өмірде қандай болғандығы сипатталады. [3. 85 бет]

Case-study әдісі үйренушілерді келесідей кәсіби, әдістемелік және коммуникативтік құзырлылықтарды қалыптастырады:

- пән аралық байланыстарды айқындау.

- көшбасшылыққа ұмтылу.

- қысқа уақыт ішініде жүйеленбеген, ретке келтірілмеген ақпаратты талдау.

- сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлау.

- сәттілікке бағытталу, жеңімпаз психологиясын дамыту.

- балама (альтернативтік) шешімдерді бағалау.

- нақты кәсіби іліктерді (мәселен, кәсіпорын жұмысы) игеру.

- өздері атқарған жұмыстың (талқылау, талдау, жоба, т.б.) нәтижелерін жариялау (презентациялау).

- белгіленген уақыт ішінде ақпараттың жетіспеушілігі (немесе, керісінші, оның көлемінің тым көп болуы) мен уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және оның салдарын бағалау.

- қарым-қатынас дағдылары мен бірлесе (команда құрамында) жұмыс жасау машықтарын игеру.

Қорыта айтқанда, Кейс-стадиде оқытушы талқылауды ұйымдастырушы және жүргізуші рөлдерін атқарады. Ол білім алушыларды өз көзқарастарын қабылдауға күштемей, талқылау барысында сабақ мақсаттарында көрсетілген нәтижелеріне бағыттап отырады, барлық оқушылардың пікірталастан тыс қалмай, жұмысқа белсене қатысуын қадағалайды. Бұл әдісті қолдану барысында қалыптастырушы бағалау қалыптасады, олай дейтінім қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.Кейс-стади әдісінің тапсырмалары қалт жібермейтін мүмкіндіктің бірі. [1]

2018 жылдың сәуір айында «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті-жастарға бағыт» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Рухани жаңғыру негізі – тарихи сана» атты баяндамаммен қатысқан болатынмын. Тобықтай сөздің түйінін «Қоғам жаң­ғы­руы үшін – оны белсенділікпен атқаратын адамның санасы жаң­ғыруы керек. Қоғамдық сана жаңғырмай, адамның бол­мыс-бітімі өзгермейді, рухани тұрғыда түлей алмайды» деп аяқтап, бағалауда смайликтер емес, қазақтың ою-өрнектерін ұсынған болатынмын. Мектепте тәжірибеде қолдана бастадым. Мысалы:

Баға

Қолданылатын ою аты

Ою туралы ақпарат

1.

«5»

Қошқар мүйіз

Қошқар мүйіз - ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

2.

«4»

Төртқұлақ

Төртқұлақ - өсімдік тектес оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырынына, шалбардың тізе тұсына салынған.

3.

«3»

Тұмарша

Тұмарша - ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілембұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі


Бүгінгі алып отырған тақырыбымда соның жалғасы іспетті. Өйткені, «Қазақстанның әрбір азама­тының санасында жаңа серпіліс болу үшін, ол өзі еңбек ететін немесе оқитын салада рухани жаңғыруды бас­тан өткеруі тиіс» деген сол конференциядағы түйінді ойымның дәлелі ретінде осы тақырыпты алған болатынмын. Өйткені, Кейс-стадидін басты қағидасы «Ақиқатты іздену – ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, себебі бұл әдіс оқу үйренуді іздену процесі ретінде қарастырады: оның негізін проблема шешу деп танып, талқылау мен пікірталасты, шешім қабылдауды оның басты қатарына жатқызады.


Ұсыныс:

1. Кейс-стади әдісін сабақта пайдалану арқылы қалыптастырушы бағалау қалыптастыру.

2. Бастауыш сыныптарда әр пән тапсырмаларына лайықтап өзін өзі тану пәнімен интеграциялап қолдану.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. 1999-5148. 01.2006. (Дарынды оқушыны анықтау. 13 бет)

2. Айгүлім Айтбаева. Білім беру барысындағы жаңа технологиялар (Кейс – стади әдісі.82-86 бет.)

3. Мұғалімге арналған үлестірме материал. Астана, 2016

4. Студентке арналған нұсқаулық, 2015ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!