Қазіргі таңдағы шығармашыл тұлғаның маңыздылығы
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда “орындаушы” адамнан гөрі “шығармашыл ” адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. “Шығармашылық ” сөзінің төркіні “шығару”, “ойлап табу” дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте “шығармашылық-қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет” деп түсіндіріледі.Шығармашылық қабілет бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын “шығармашылық теориясын” жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сана қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз: Жүсіп Баласағұн, Әл-фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан ұлы ойшылдар өз еңбектерінде адамның жеке басын, дарындылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. И.И.Павловтың жоғарғы жүйке жүйесінің типтері туралы ілімінде адам қабілетінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты екендігі айтылады.
Оқушылардың шығармашылығын арттырудың мақсаттары мен міндеттері.
Қосымша білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру. Тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда, оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мұғалімдер алдында тұрған міндеттердің бірі. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылылық қабілетін жан-жақты дамыту, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажет. Шығармашылық дегеніміз оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Қосымша білім беру мекемесі әр оқушыға еркін шығармашылық жолын таңдауға мүмкіндік береді. Ұзақ жылдар бойы «шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді» деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары: шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру); қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру; оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату. Шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметтері, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болуы керек. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне ісер етеді. Оқушының шығармашылық қабілеті тәжірибелік әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды.
Оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер, олардың жүргізілуі.
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Мұндай әдістемелер арқылы оқушылар есте сақтау, қайталап айту ғана қабілеттерін дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Мұғалім оқушының бұрыңғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалда қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды.
Осы негізде оқушының шығармашылық қабілеттері ескерілмей қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін дамыта отырып оқыту әдістерін қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Шығармашыл оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал, мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волков оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдермен қатар, олардың осы нәтиже алуы жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тақырыптарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс және ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділіктерін шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер, оқушылардың ізденіс қабілеттерін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Оқу үрдісінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе — оқушының белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін маңызы
«Сабақты зерттеу» тәсілі – мұғалімнің кәсіби шыңдалуына, оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге және дамытуға, әріптестерімен бірлесе отырып ой бөлісуге, алға жоспар жасауға таптырмас қадам. Сабақты зерттеу оқушының деңгейін, олардың жеткен жетістігін, оқуда көрсеткен нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу үшін маңызды. «Сабақты зерттеу» - мұғалім тәжірибесін жақсарту арқылы білімін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алған бұл тәсіл қазіргі уақытта Шығыс Азияда, Сингапурде, Ганконг пен Қытайда қолданылады. Қазақстан Республикасының мектептерінде де нәтижелі тәсіл белең алуда. Енгізіліп жатқан жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдана отырып, оқыту үдерісіне енгізу маңызды мәселе болып отыр. Бұл бағытта №14 орта мектеп-гимназиясында да атқарылып жатқан жұмыс көлемді. «Сабақты зерттеу» тәсілі бойынша қазақ тілінен, бастауыш сыныптан және физика, ағылшын тілі, орыс тілі, биология, информатикапәндерінен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Сабақты зерттеу» тәсілі мектептің оқу-тәрбие жоспарына енгізілген. Жыл бойы өткізілетін пән онкүндіктерін осы бағытта жүргізу дәстүрге айналған. Демек, әр мұғалімнің білімінің толысуына, түсінігінің қалыптасуына үлес қосқан осы заманауи тәсілді неге пайдаланбасқа, неге заман ағымына қарай өзгермеске? Ол біздің ұстаздық еңбек жолындағы әрбір ұстаздың міндеті деп білемін. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім» атты киелі, қастерлі, ұлы мамандықты алып жүру – үлкен жауапкершілік. Өзгелерді үйрете жүріп өздері үйренетін мұғалімдер қазіргі кезде қойылып отырған талапқа сай еңбек етуді өздерінің борышы санайды.
та Біз тәрбиелеген ұрпақ ел қамын ойлайтын, кез келген жерде өз ойын еркін жеткізе алатын, шешім қабылдай алатын, өз ұлтын шексіз сүйетін патриот болуы керек. Жоғары санатты мұғалім ретінде ХХІ ғасырда өз мектебімнің көш бастауға, ұжымның кәсіби құзіреттілігін үздіксіз дамытып отыруға мен өз үлесімді қосамын. Ендеше оқушыларымызды адамгершілік рухта, гуманистік көзқараста тәрбиелеуде жасап жатқан еңбегіміз әрқашан нәтижелі бола берсін!
Жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, кәсіби шебер бірнеше құзіреттілік түрін игерген, нақты шешім шеше алатын мүмкіндігі бар ұстазды керек етуде.
Сондықтан уақыт пен заман тынысына сай білім беруді ұйымдастыру, елімізде ұстаз шығармашылығын өрістетуде ізденіспен жұмыс істеп, инновациялық жобаларды жүзеге асыру деп білемін.
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері
Мектеп қабырғасындағы оқу үрдісі барысында оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен қабілеті арасындағы айырмашылықтарды естен шығармау керек. Кіші мектеп жасындағы балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері болса, онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек.
Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларында көркем шығармашылық қабілеті басталуға дейін жұмысты орындауға қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей шығармашылық ғана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек, балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді оқыту барысында жан-жақты іске асады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере алмайтын материал санына шек қоямыз. Ал бірақ іс-әрекетін оның дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды.Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сонан соң бала сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмтылады. Яғни, оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса түседі. Оқу және көркем шығармашылық қабілетінің арасындағы байланыстарды ескеру өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын көркем шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек. Америка психологі М.Корненің пайымдауынша олар былайша тұжырымдалады:
1.Бағдарлама талабына сәйкес келмейтін оқу үрдісі;
2.Оқу бағдарламасының әлсіздігінен туындап жатқан сабаққа деген
салқын көзқарас және тәртіптің нашарлығы;
3.Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен ойындарды ғана ұнатады. Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс – қимылдары қызықтыра қоймайды.Олар стандартты талаптарды қабылдай білмейді.Өйткені, оларға қызғылықсыз болып көрінеді;
4.Өз шама – шарқын бағалай білмеу, өз кінәсін өзгеге аудара салуға бейім тұру;
5.Алдына орындалмайтын мақсат қою, қиялға берілушілік;
6.Өзара сенімсіздік;
7.Өзіне сын көзбен қарауды білмеушілік
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу бағдарламалары,
негізінен, фактілерді жинақтап есте сақтауға, басқа да шығармашыл емес әрекет түрлеріне құрылған. Сондықтан мектепте жақсы оқыған оқушылардың көпшілігі, егер одан кейінгі оқуы немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған барынша қарсылық көрсетеді. Егер көркем шығармашылық қабілетке білім беру курсының басынан бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл көркем шығармашылық қабілетінде дем беріп отырса, мұндай қиыншылықтарды жоюға болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның қабілеттерін жан – жақты дамытуға, өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз қажет. Бұл проблеманы шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері мен тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Сонда ғана бала шығармашылығын дамытудағы еткен еңбегіміз өз жемісін бермек.
Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады, басқаша айтқанда, оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы: материалдың негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру, оларды белгілі жерге келтіріп топтастыру және қорытындылар жасау сияқты т.б. амалдарды қолдану.
Оқу материалымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын білетін оқушы оны тек есте қалдыру үшін жаттап алмайды, ол өзінің белсенді ойлау әрекеті арқылы материалдың негізгі жақтарын айырып, оларды белгілі жүйеде байланыстыра түсінуге тырысады. Мұндай оқушылар кейбір екінші дәрежелі жақтарына көңіл аудармай, оның жетекші мүддесі мен заңдылықтарын ұғып алуға күш жұмсайды және басқа материалды солармен байланыстыра қарастыратын болады. Оқушы өзінің ұққанын, оқыған материалдың ең маңызды жерлерін қысқша жазып алады. Схема, таблица, модельдер сияқты графикалық жұмыстарды да пайдаланады. Оқу материалын терең меңгеру үшін, теориялық материалдардан нақтыға және керісінше, нақтыдан теориялық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.
Мынадай тапсырмаларды орындату пайдалы:
1.Салыстырудың мақсатын анықтау.
2.Нәрселерді қандай белгілері бойынша салыстыруға болады?
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту іс-әрекет үстінде, соның ішінде оқыту процесінде ерекше дамиды.Ол шығармашылық қабілетке ие оқушының іс-әрекетінен байқалады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дамыту ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері болса, онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек.

3.Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен ойындарды ғана ұнатады. Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс – қимылдары қызықтыра қоймайды.Олар стандартты талаптарды қабылдай білмейді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін танып-білу дамыту үшін
1) оқушылардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі;
2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Ендігі сөз бастауыш сынып оқушысын шығармашылыққа дайындаудың психологиялық, педагогикалық алғышарттары жайында.
Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты және күрделі мәселе болып табылады. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан- жақты білімді , өз ісінің шебері болу керек» деп атап көрсетеді.
Ал Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беріп, белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескертеді.
Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық әрекеті оның ойлауы мен іс жүзілік әрекеттері арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі мұғалім қызықтыру жолдарын іздестіру керек.
Шығарамшылықпен орындалатын жаңа материалды түсіндіруде мұғалім ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім оқушының танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерінің негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
-білімді шығармашылықпен меңгерту дағдыларын қалыптастыру;
-білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;
-оқу тапсырмасын орындау процесінде операцияларды қолдануға(талдау-синтез, салыстыру, жинақтап қорыту) үйрету;
-оқытудың ғылымилығын арттыру;
-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру;
-мұғалім- оқушы үшін қарапайым ғана жан. Мұғалім асқан шеберлік танытса, оқушылар ерекше елиді, өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады;
- «сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен қабілеттісің»- деп оқушының еркін билеп, сенім ұялату;
-оқушының кішкентай жетістігін(шығармашылыққа ұмтылысының өзін) мадақтау, көтермелеу: үздік шығармашылық жұмыстарды сыныпта оқытып, оған сыныптастарының жағымды көзқарасын ояту;
-белгілі тұлғалардың, өнер адамдарының шығармашылық лабороториясынан қызғылықты жайттарды әңгімелеу;
-шығармашылық процесті басқару үстіндегі мұғалімнің құптаушылық
көзқарасы, сезім күйлері, ым-мимикасы.т.б.дидактикалық міндеттерді орындау;
-бастауыш сынып оқушысының бейнелі түрде ойлауын дамыту;
-ойлау үрдісінің бастамашыдық бөліктерін дамыту;
Оқу үрдісіне эмоциялық әр беруге мүмкіндік туады.
Психологиялық әсермен қатар шығармашылық процестің өн бойында психологиялық ахуал тудырып отыру да- бастауыш сынып оқушысы шығармашылығына басшылық жасаудың бір шарты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек.
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамыту жолдары.
Бастауыш мектептегі оқу кезеңінде балалардың мүмкін болғанша әр түрлі заттар жасалатын сан алуан материалдарды игеруіне және олармен жұмыс істеп, өңдей білуге үйренуіне тура келеді. Технология тек құрал болып табылғанымен де, бұл құралды пайдалана білуді толық игеру керек. Бұлай етпеген жағдайда оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуінде ілгері басушылық елеулі түрде қиындықтарға тап болады. Бала дайын үлгі бойынша белгі салып алудың негізгі тәсілдерін тиянақты түрде игеріп алуға (мұның өзі жалпы базалық қабілеттің бірі болып табылады және ол қызметтің сан алуан түрлерін атқару барысында әрқашан қажет болады), қолмен атқарылатын жұмыстарды сапалы әрі дәлме-дәл орындауға, сондай-ақ практикалықжұмыс ретін саналы әрі сауаттықұра білуге, яғни еңбекті ұйымдастырудың қажетті мәдениеті мен ережелерін мұқият сақтауға міндетті.
Осы бағдарламаға сәйкес білім мазмұнын оқушы санасына меңгерту сабақ процесінде оңтайлы жаңа технологияларды және әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдануды қажет етеді.
Еңбекке оқушыларды дағдыландыру қарапайым жұмыстар жасаудан басталады да бірте-бірте күрделеніп отырады.
Зерттеу нысынам етіп өзім практикадан өткен 2 “Ә” сыныбын алдым.
Қолданылғанған жаңа технология-Ж.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту” технологиясы және “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау” технологиясының стратегиялары.
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қошқармүйіз оюы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мәні:
оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу.
Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттау.
Қиындылардан ою құрастыру, атын атау.
ә) дамытушылық мәні: Балалардың қиялы мен
шығармашылығын, ойын, сөздік қорын дамыту.
б) тәрбиелік мәні:
қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып
халық өнерін қастерлеуге үйрету; ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: “Ұлттық ою-өрнектер” атты буклет, суреттер, тірек
сызбалар, күйтабақ, үлгі-қалыптар, т.б.
-
Балалар, бүгінгі сабағымызда осы ою түрлерімен, соның іщінде “Қошқармүйіз” оюының жасалуымен танысамыз.
( Ою туралы мұғалімнің түсіндіруі)
Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық демекші, қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Оның бірі – ою-өрнек. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.
Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп жүріп, жер-суының қадір-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың тілі жүретіні сондықтан.
Күйтабақтан табиғатта кездесетін әр түрлі дыбыстарды тыңдату. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түс- аспанды бейнелесе, ақ түс- пәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі; күлгін түс- білімнің, даналықтың; қызыл түс- оттың, күннің белгісі; жасыл түс- жастық пен көктемнің; Қара түс- жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар. Оюлардың тарихы туралы “кубизм” стртегиясы арқылы түсіндіру.Текшенің алты жағына оюдың түрлерінің атарын жазып, сол оюлар туралы мағлұмат беру. Олар: “түйе” оюы, “тұйық” ою, “қолтықша” оюы, “құс қанаты” оюы,“ қошқармүйіз” оюы, “күн” оюы.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілетін
дамытудың педагогикалық негізі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын
дамытудың психологиялық, педагогикалық
ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының бірегей өнім. бұйым жасауы оның шығармашылық іс-әрекеті. Жұмыс барысында оқушы игерген білімін, іскерлігін, әдістерін өзінше дербес түрде қолданады, сонымен бірге оларды алмастыруды, белгілі бір әдістерін құрамдастыруды өзі ойластырады, шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай алуан түрлілігі өз күш-жігерін жан-жақты байқаудан өткізу әр баланың дербес қабілетін ашуына мүмкіндік беріп, оны дамыту жағдайларымен қамтамасыз етеді. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жасаған затқа сәйкес өлең шумақтарын құрастыруда бала екі- үш буынды сөздерге ұйқас сөздер тауып, өлең шығарады. Оқушы өзінің жетістігін көріп қуанады, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика саласындағы оқыту әдістерін түгел дерлік еңбекке баулу сабақтарында өз орнымен пайдаланып, сабақтың мазмұнын арттыруға болады. "Еңбекке баулу" пәнінің мақсаты-білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес іс- әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын, шығармашылығын қалыптастыру деп айқындалды, сонымен бірге, баланың дене қимылын, сезімдерін, эстетикалық талғамын, ақыл-ой өрісін дамыту, яғни жеке тұлғаны дамытудың құралы болу, Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Келесі сыныпта оның мазмұны күрделенеді. Балалар шаруашылық, тұрмыс еңбегіне бейімделеді, қажетті іскерліктері дамиды.Еңбектің бұл түрі отбасы тәрбиесімен ұштастырылып отырады.
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері
Адамның өмірі үнемі оған өткір және шұғыл міндеттер мен
проблемалар қояды. Мұндай проблемалардың, қиындықтардың,
тосынсыйлардың пайда болуы бізді қоршаған шындықта әлі
белгісіз, жасырын нәрсе көп екенін білдіреді. Демек, сізге әлемді
тереңірек білу, ондағы жаңа процестерді, адамдар мен заттардың
қасиеттері мен қатынастарын ашу қажет. Сондықтан уақыт талабынан
туған қандай жаңа ағымдар болса да, бағдарламалар мен
оқулықтар қаншалықты өзгерсе де, оқушылардың зияткерлік
іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру әрқашан негізгі жалпы білім беру
және тәрбиелік міндеттердің бірі болып қала береді. Зияткерлік
даму-өскелең ұрпақты даярлаудың маңызды жағы.
Оқушының зияткерлік дамуының жетістігі негізінен сабақта, мұғалім
өз оқушыларымен жалғыз қалған кезде қол жеткізіледі. Оқушылардың
оқуға деген қызығушылығының деңгейі, білім деңгейі, үнемі
өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығы, яғни олардың интеллектуалды дамуы
оның «кемені толтыру және алауды жағу» қабілетіне, жүйелі танымдық
іс-әрекетті ұйымдастыра білуіне байланысты.қазіргі психология мен
педагогика сенімді түрде дәлелдейді.
Қазіргі қоғам байланыс желілерінің, техникалық инновациялардың тез
таралуымен сипатталады, олардың көпшілігі кейде өз уақыттарын
алады. Қазір айналады анық, бұл бейімдеу, тұлғаның сол ортадағы, ол
өзінің тыныс-тіршілігін, - өте күрделі процесс. Осыған байланысты
қазіргі қоғамдағы өмір адамнан ойлаудың икемділігін, тез
тапқырлықты, іс-әрекеттің тривиалды емес тәсілдерін, яғни
шығармашылық ойлау қабілеті бар адамды қолданумен байланысты
жаңа нәрсені ойлап табуды талап етеді. Демек, олардың білім
берудегі өзекті мәселелерінің бірі-жеке тұлғаның негізгі
салаларымен бірлікте ойлау шығармашылығын дамытудың негізі болатын
педагогикалық процесті
ұйымдастыру.
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
Шығармашылық –оқушы үшін- сұлулық пен әсемдіктің мектебі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс.Және оқушынының маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болу – ға тиіс.
Көркем шығармашылық –оқушы үшін- сұлулық пен әсемдіктің мектебі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс.Және оқушының маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиіс. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де , қозғалысы да сұлу болады» (М.Жұмабаев). Бұл ойдың оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей қатысы бар.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
-өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
-пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
-өзінің жолдастарына, мұғалімге сұрақ қоюы;
- жолдасының жауабына пікір айту;
-сыныптастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
- үлгерімдері нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
үлгермеушілерге түсіндіру;
-өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
-шығармашылық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдана отырып орындау.
Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда оқытуда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.
Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытың үнемделуі.
Қорыта айтсақ, шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, мұғалім берген ақпатартты, іс-әрекет тәсілдері мен бағадлау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.Шығармашылық сабақтарының оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
- оқушылардың танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
- сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
- шығармашылық ой-өрісі артады;
- кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптасытады;
- ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен
ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
- мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта
болып, сенімділіктері артады;
- оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
- білімін жүйелі түрде толықтырады;
- өз әрекетін сын тұрғысынан қарауға;
- тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
- оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Шығармашылық сабақтарды өткізу оқушы танымдық іс-әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, баланың жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады:
Ойындық технология- мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.
Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б.
Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.
Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б.
Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялықерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өзін әр мұғалім әр түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. В.П.Беспальконың тұжырымы бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымымен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу-оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінбасқарудың негізгі бір буыны. Б.В.Горячев мұғалімдерге оқыту үрдісінде төмендегі технологияларды қолдануды ұсынады:
дидактикалық қағидаларды-ұстанымдарды, әдістерді, құрал, форма, амал-тәсілдерді т.б. таңдау технологиясы;
дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
ЭВМ-ді пайдаланып оқыту технологиясы;
даралап оқыту технологиясы.
Сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері
Кіші мектеп жасындағы оқушылар өздеріеің жасаған өнімдерінің нәтижесіне аса мән береді. Көптеген жағдайларда нәтижелер соншалық әсерлі болуы мүмкін. Тіпті оқушылардың жұмыстарын көргендер еріксіз: “ О, бұл аса дарынды, талантты, қабілетті баланың жасағаны ғой! ”-десіп, таң қалады. Біз баланы тек қабілет дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмыстың кілтін, орындалу принципін оның қолына беру- дарындылығының ашылып, одан әрі дамуына жағдай жасау деп есептейміз.
Бастауыш сынып оқушыларының бірегей өнім. бұйым жасауы оның шығармашылық іс-әрекеті. Жұмыс барысында оқушы игерген білімін, іскерлігін, әдістерін өзінше дербес түрде қолданады, сонымен бірге оларды алмастыруды, белгілі бір әдістерін құрамдастыруды өзі ойластырады, шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай алуан түрлілігі өз күш-жігерін жан-жаұты байқаудае өткізу әр баланың дербес қабілетін ашуына мүмкіндік беріп, оны дамытужағдайларымен қамтамасыз етеді. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жасаған затқа сәйкес өлең шумақтарын құрастыруда бала екі-үш буынды сөздерге ұйқас сөздер тауып, өлең шығарады. Оқушы өзінің жетістігін көріп қуанады, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика саласындағы оқыту әдістерін түгел дерлік еңбекке баулу сабақтарында өз орнымен пайдаланып, сабақтың мазмұнын арттыруға болады.
“Еңбекке баулу” пәні бойынша 1998 жылы жарық көрген білім стандарты қайта жетілдірілді. Ол профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Олжабек Сатқановтың қатысуымен жүргізілді. Стандарттың жаңа нұсқасы ғылыми негізде зерттеліп, пәннің базалық білім мазмұны сақталды. Жаңа нұсқадағы “Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты-білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын, шығармашылығын қалыптастыру деп айқындалды, сонымен бірге, баланың дене қимылын, сезімдерін, эстетикалық талғамын, ақыл-ой өрісін дамыту, яғни жеке тұлғаны дамытудың құралы болу, “Табиғат- Адам- Заттық орта” арасындағы өзара байланысты түсінуге зор маңыз беру. Осыған орай мынадай міндеттерінің желісі түзілді:
-
дуниенің үйлесімді бірлігі туралы және онда адамның жасанды түрде пайда болатын заттық ортасымен бірге алатын орны туралы түсінігін қалыптастыру; -
заттар мен құбылыстарға деген эстетикалық түйсік қалыптастыру; -
жеке тұлғаның жасампаздық мүмкіндіктерін, шығармашылық және сезімталдық қабілеттерін дамыта түсу; -
ақыл-ой қабілетін жетілдіру, ұтымды логикалық, қисынды ойлау қабілетін дамыта беру; -
баланың еңбекке мотивтік сапаларын дамыту; -
іс жүзіндегі шеберлікті қалыптастыру арқылы екі қолдың қимыл әрекетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін және басқа да сапалық қасиеттерді дамыту.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылығын дамыту

шағым қалдыра аласыз