Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Коллаборативтік орта қалыптастыру тәсілдері
Тайтанова Нұржамал Қамбыловна
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ
Білім беру үдерісін
психологиялық-педагогикалық қолдау
кафедрасының аға оқытушысы
Коллаборативтік орта қалыптастыру тәсілдері
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз»
(Сенека Луций)
«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаңызға мәлім. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры. Мұғалім – қоғам айнасы, оқытушы, мұғалім – ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Ұстаз – деген құрметті атаққа ие болудың өзі бір бақыт.
Мінез-құлқы қиын, темпераменті тұрақсыз оқушылармен жұмыс істеу барысында да табандылық танытып, сабырлы бола алады. Баланы сабаққа қызықтыруды басты мақсат ететін мұғалімде жеке тұлғалық қасиеттерін үйлесімді түрде пайдалана алатын қасиет болады және өзіне деген сенім басым болады. Ал оқушылардың арасында мұғалімнің мәртебесінің төмен болатыны неге байланысты? Бұл білім алушы мен білім берушінің арасындағы байланыстың болмауынан мүмкін.
Қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Мұғалімнің міндеті - заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласып қарым-қатынас жасайтын, өз ойын еркін айта алатын, өзіндік шешім қабылдай білетін тұлғаны жетілдіру.
Коллаборативтік оқу – мұғалімдер тобының немесе оқушылардың мәселені шешудегі, тапсырманы орындаудағы немесе өнім шығарудағы бірлескен жұмысын болжайтын оқыту мен оқудың білім беру тәсілі. Оның негізін оқу – бұл өз ерекшелігі бойынша әлеуметтік қызмет, мұнда қатысушылар бір-бірімен араласады және оқу үдерісі қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады деген ой құрайды.
Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, коллаборативтік оқу үдерісінде тыңдаушылар өз ойымен осы ортада бөліседі, басқаның ойымен санасады,өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.
Ұсынылған ойын жаттығулар тыңдаушылардың өз ойларын жүйелі жеткізуге ықпал етеді, алған білімдерін іс-тәжірибелік тұрғыдан қолдануды көздейді, өзіндік креативтілікті – шығармашылық қабілеттерін ашуға, жаңа білім алуға және өзін дамытуға, дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Себебі, бұл жаттығулардың құндылығы тыңдаушылардың бойына білу мен түсінуіне түрткі жасау болып табылады.
Әлеуметтік әрекеттестікті белсендіру
Кезеңдері |
Тәсілдері |
Іс-қимылдар |
Танысу |
Қарлы кесек |
Топтың алғашқы мүшесі өзінің есімін және өзіне тән қасиетті (мінезінің ерекшелігін) атайды, немесе өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын, өз мінезінің қандай да бір қасиетін бейнелейтін сын есімді атайды. Келесі қатысушы алдыңғының есімін және қасиетін қайталайды, осыдан кейін өзін таныстырады |
Менің есімімнің тарихы |
Әр қатысушы кезекпен өз есімінің шығу тарихын, оны кім қойғанын, қандай мағына беретінін әңгімелейді. Мені ... атағаны маған ұнайды |
|
Корпоративтік мәдениет |
Топ қағидалары |
Жалпы қабылданған қағидаларды құрастыру үшін әрбір қатысушыға өзі үшін 3 қағида ойластыруды ұсынамын, осыдан кейін оларды 4–5 адамнан құралған шағын топтарға біріктіремін. Мұнда бәрін өз қағидаларымен таныстыру қарастырылады және шағын топ мүшелері саралап, барынша жарамды 5-уін таңдайды. Ақырғы кезеңде ұсынылған постерлердің мазмұнымен таныса келе, топ жұмысының жалпы қағидаларын құрастырамыз |
Топтың ықтимал, барынша көп таңдалатын қағидаларының тізімі
-
Ұқыптылық (сабаққа уақытында келу).
-
Белсенді қатысу (сұрақтарға жауап беру, барлық тапсырмаларды орындау, өз пікірін айту).
-
Құпиялылық (топта айтылғандардың бәрі оның шекарасынан шықпайды).
-
Сыпайы қарым-қатынас (топ мүшелерінің және жүргізушінің сөзін бөлмеу, кезекпен сөйлеу, тақырыптан ауытқымау, әр адамның пікірін құрметтеу).
-
Қатысушылардың бірі сөзін аяқтаған соң сөйлеу, өзгелердің пікіріне төзімді болу.
-
Аудиторияның назарын асыра пайдаланбау. Өзгелердің де пікірімен бөліскісі келетінін естен шығармау.
Топ қатысушыларына қиялын, ойын білдіруге, шиеленісті басуға, бөтен ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін жаттығулар
Мен туған ай |
Әрбір қатысушы өзі туған айдың атауын атамай, оны сипаттайды, өзге қатысушылар оны табады |
Менің хоббиім |
Әр қатысушы өзінің қызығушылықтары мен сүйікті істері туралы әңгімелейді |
Қиялдағы сыйлық |
Әр қатысушы жанында отырған адамға қиялдағы сыйлықты сыйлайды |
Затты қолданудың жаңа 20 тәсілі |
Топ мүшелері осы затты қолданудың әртүрлі нұсқаларын ұсынады |
Эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру
«Ауа райы» (3 мин.) |
Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Біреуі серіктесіне арқасын беріп тұрады, ол – қағаз, екіншісі – суретші. Жүргізуші «суретшілерге» «қағазға» (арқасына) алдымен жылы, жұмсақ, ақырындап үдей түсетін желдің; осыдан кейін жаңбырдың, бұршаққа ұласатын қатты жауынның; жылы самалға көшетін желдің, соңында – мейірімді жылы күннің суретін салуды ұсынады. Жаттығу аяқталғанда қатысушылар орындарын ауыстырады. Әрқайсысы өз пікірін айтады және ойын барысында туындаған әсерлерін әңгімелейді |
«Қар ұшқындары» (2 мин.) |
Қатысушыларға қағаз беріледі, олар оны умаждап, «қар ұшқындарын» жасайды. Ойыншылар екі командаға бөлінеді және бір-біріне «қар ұшқындарын» лақтыра бастайды. Ойын аяқталғанда шекарасында барынша аз «қар ұшқындары» қалған команда жеңіске жетеді |
Сәлемдесу (2 мин.) |
Жүргізуші бір-бірімен дәстүрлі емес әдіспен сәлемдесуді ұсынады: иықпен, табандарымен, алақанның сырт жағымен және т. с. с. |
«Арқан» (3 мин.) |
Жүргізуші құлақ арқылы өтетін арқанды елестетуді ұсынады. «Арқанды» ұшынан ұстап, оның ары-бері жылжығанын имитациялап, құлақ деңгейінде қолмен жылжыту керек. Бұл ретте әр қозғалған сайын миды толық «тазалағанға» дейін басымыздағы жағымсыз ойлар, алаңдаушылықтар, мәселелер жоғалады |
Рефлексивтік дағдыларды жетілдіруге арналған тренинг
Бұл кезеңде сессияға қатысушылармен еркін қарым-қатынасқа баса назар аударылады. Сіз бүкіл топқа бір провокациялық (арандататын) сұрақ қоясыз немесе алдын ала мәлімделген күн сауалын қарастыра аласыз. Міндетті талап: жауап 15–20 сөзден аспауы тиіс. Уақытты ескере келе жауаптар жеке, жұптық және топтық болуы мүмкін.
Онлайн іс-тәжірибеден кейінгі сұрақтар мен тапсырмалар
-
Сіздің ең үлкен жетістігіңіз қандай?
-
Сіздің өміріңіздегі ең бақытты күн қай күн?
-
Өзіңізбен болған ең күлкілі оқиғаны әңгімелеп беріңіз.
-
Қандай адам сізде таңданыс тудырады?
Кәсіби біліктілікті талдауға арналған сұрақтар
-
Жұмыс кезінде жеке ойларды, армандарды, құндылықтар мен жетістіктерді ашу керек пе?
-
Осы жаттығудың нәтижелеріне қатысты сізде қандай күмәндар туды?
-
Осы жаттығулармен біз қандай нормаларды қалыптастырамыз? Бұлар бұрындары неге болмаған?
Ескертпе.Жылдам пікірсайыс өткізіңіз. Пікірсайысқа бағыт беру үшін бірінші сұраққа өзіңіз жауап бере аласыз.
Егер сізде уақыт қалса, топқа болашақ пікірсайысқа сұрақ дайындауды ұсыныңыз. Сондай-ақ сіз «жауаптар тарихын» жазып алып, осы материалды қатысушыларға тарата аласыз.
Өзіндік талдауға арналған мысалдар
-
Әр қатысушыға бір парақ беріледі және ол осы парақты 4 бөлікке бөледі. Нұсқау беріледі: «Мен кіммін?» сұрағына 10 жауап жаз». Мұны жылдам орында, сұрақтарды алғашқыда ойыңа келген формада жаз. Оларды бірінші бағанға жаз. Екінші бағанғаосы сұраққа жақындарың (нақты біреуді таңда) сен жайлы қандай пікірде екеніне қарай жауап жаз. Үшінші бағанға дәл осы сұраққа сенің сол жағыңда отырған топ мүшесінің сен жайлы пікіріне қарай жауап бер. Енді парақты жазбаларың көрінбейтіндей етіп жина да, көршіңе бер.
Парақты алғаннан кейін қалған бос бағанға «Маған осы парақты берген адам қандай адам?» сұрағына 10 жауап жаз. Осыдан кейін парақтар араластырылып, соңғы бағандағы мінездемелер кезек-кезек дауыстап оқылады, ал топ кім жөнінде айтылып жатқанын табуы тиіс. Топтың осы портретпен қаншалықты келісетіні талқыланады.
Парақтар қатысушыларға қайтарылады, және олар жауаптардың 4 жинағының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдай келе, оларды өздері салыстырады. Соңында мынадай тапсырма беріледі: тренинг аяқталғанда өз жақындарыңа 10 анықтама беруді ұсын және оларды өзіңнің ықтимал жинағыңмен салыстыр.
-
«Сен кімсің?»Қатысушылардың арқасына бір парақ қағаз жапсырылады. Бәрі әр параққа кезек-кезек жауап жазады. Осыдан кейін жалпыланған мінездемелер топта талданады және талқыланады.
-
«Пікір алмасу» ойын жаттығуы. Аяқтауға немесе талқылауға арналған сұрақтар:
-
Мен бұрындары бұл сауал жөнінде ойланып көрмеппін, бірақ ... дей аламын
-
Маған бұл сұрақтағы ең бастысы ... секілді көрінеді
-
Бүгін мен ... екенін сеніммен айта аламын
-
Егер мен жұмыс қағидаларын өзгерте алсам, мен ... бастар едім
-
Маған бұл сұрақтағы ең бастысы ... секілді көрінеді
-
Маған бұл сұрақта ең күрделісі ... болып табылады
-
Мені бұл сұрақта ... мазалайды
-
Мен ... деп ойлаймын
-
Мен үшін бүгін ... жаңалық болды
-
Мені бұл мәселеде ... барынша қызықтырады
-
Мен үшін осы мәселеде ең бастысы ... болып табылады
-
Күнделікті осы мәселеге адам ... тап болады
-
Мен үшін бұл мәселе күрделі емес, себебі ...
-
Мен ... деп санаймын
-
Маған ... секілді көрінеді
Кері байластын түрлері
«635» әдісі
Бұл идеялар мен ұсыныстарды генерациялау әдісі. 6 қатысушы, 3 идея, 5 минут. Дөңгелене отырған әрбір қатысушы қағазға 3 идеядан жазады да келесі қатысушыға береді, ол алған қағазға тағы да 3 идеяны тіркеп, ары қарай береді. Жана идея таусылғанша 5 минут аралығында үдеріс тоқтаусыз жүріп отырады.
«515» әдісі
Мұғалім қорытынды білімін бақылау «515» әдісімен жүргізілетіндігі туралы ақпараттандырады. Әдістің шарттары: 5 минут ішінде әр оқушы немесе тыңдаушы осы сабақ үдерісінде меңгерген 15 жаңа термин (глосарий) құрастыру қажет. Сосын оларға орындалған тапсырма нәтижелерін өзара тексеру ұсынылады. Мұғалім жауаптарына түзету енгізеді.
«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»,- деп неміс педагогы А.Дистерверг айтып өткендей, бүгінгі заманның мұғалімдері жақсы мұғалім атану үшін түрлі әдістерді пайдалану арқылы бала білімін ұштауы қажет. Ұсынылған жұмыс формалары тек коллаборативтік ортада оқу тағайындалымын ғана ашпайды, сондай-ақ ол пән мұғалдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.).
-
Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (12.04.2017ж).
-
Мұғaлiмгe apнaлғaн үлecтipмeлi мaтepиaлдap, 2012, 2013, 2014, 2015 жж. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. “Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeптepi” ДББҰ Пeдaгoгикaлық шeбepлiк opтaлығының бacпacы.
-
Тайтанова Н.К. Приемы формирования коллаборативной среды на уровневых курсах /журнал Менеджмент в образовании №2,2016г.

