Материалдар / КОНСТРУКТИВТІК БІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КОНСТРУКТИВТІК БІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың даму қарқынын атауға болады. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр.Осы орайда, конструктивтік білімнің негізгі сипатына тоқталғым келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2022
722
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КОНСТРУКТИВТІК БІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы Джакаева Гульзира Баженовна

Егер сізде бір алма, менде де бір алма болса, сосын оларды өзара алмастыратын болсақ, екеуімізде де бір-бір алмадан қалады. Егер сізде бір идея, менде де бір идея болса, сосын оларды өзара алмастыратын болсақ, екеуімізде де екеуден идея болады.
Бернард Шоу (дарын мен идеялар туралы)

Бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың даму қарқынын атауға болады. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр.Осы орайда, конструктивтік білімнің негізгі сипатына тоқталғым келеді.

«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман» деп бес арыстың бірі Міржақып Дулатов айтқан болатын.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қол­данылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Табысты келешекке қол жеткізу үшін де ХХІ ғасырда адамға қажетті қабілеттер мен қасиеттерді жіктеп қарасақ:

1. Сын тұрғысынан ойлау және жүйелі ойлау;

2. Өзіндік дамуға бағыттылық;

3. Мәселені қойып оны шешу дағдылары;

4. Коммуникативтік қабілеттер;

5. Шығармашылық пен білуге құмарлық;

6. Ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары;

7. Әлеуметтік жауапкершілік.

Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны. Баяғыда Жапониядағы бір ұстаздан шәкірттері білім алудағы басты мақсат не екенін сұрапты. «Ертең бәріміз тауға серуенге шығайық. Сонда түсіндіремін. Жолға тамақ алыңдар, бірақ су қажет емес, барған жағымыздан табылар» дейді. Ертеңіне серуенде жүріп, ауқаттанып алғаннан кейін балалар шөлдегендерін айтқаннан соң ұстаз су көзін таба алмай қалғанын мәлімдеп, өздеріне су іздеуге кеңес береді. Түсте кеткен шәкірттері қас қарайғанда оралды. Шөлдерін қандырып, мәре-сәре болып келген шәкірттеріне қарап «Бүгін шаршап-шалдыққандарыңызға қарамастан, өз беттеріңмен ізденіп жүріп, су таптыңдар. Біздің міндетіміз - сендердің өз беттеріңше еңбектенулеріңе жағдай жасау. Ішіңіздегі бір-екі бала маған арнайы су алып келіп, адамгершіліктерін танытты. Ал басты мақсатымыз - жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу» деген екен. Елімізде қолға алынып жатқан білім реформасының да басты мақсаты осы хикаяға саяды. Нақтылап айтсақ, енді мектепте бұрынғыдай мұғалім 45 минут бойы сөйлеп, сабақты тәптіштеп түсіндірмейді. Ол тек оқушының өз бетімен оқып-ізденуіне жағдай туғызатын болады.

Жаңа бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтарға негізделген. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

1.Пән мазмұнының спиральді қағидатпен беріліп, пән мазмұны қарапайымнан күрделенеді;

2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттары сатылай көрсетіледі;

3.Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында ортақ тақырыптар беріледі;

4.Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырады;

5.Оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырады.

Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан білімнің негізгі екі түрін көрсетеді:

1) Репродуктивтік;

2) Конструктивтік.

Философ Джон Дьюи, Жан Пиаже мен Лев Выготский, математик Алфред Уайтхэ, педагог Т.Лешкевич, философ Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өз қасиеттері бойынша бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Бұған қоса білім берудің де екі үрдісін ажыратуға болады: репродуктивтік тұрғыдан білім беру өткен дәуірдің әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі күннің білімі.

Репродуктивтік білімнің бұл түрі ырықсыз, белсенді (пассив түрдегі) түйсінуді, қабылдауды білдіреді. Мұнда үйренушінің субъективтік және өзіндік түсінігіне жол берілмейді: репродуктивтік білім «түрлендірусіз, еш өзгертусіз қайталау» деген ұғымды меңзейді.

Репродуктивтік білім есте сақтау және қайталауға негізделеді, мұнда қарастырылатын мәлімет білім алушы тұрғысынан аз мөлшерде өзгертіліп, интерпретацияланады.

Репродуктивтік білімде бағдарлама (оқытудың, пәннің бағдарламасы) негізгі рөл атқарады, өйткені мұндай білім шәкірттің жеке тұлғасына бағытталмай, жоғары жақтан белгіленген оқытудың бағдарламасына арқа сүйейді: «бағдарламада қалай келтірілсе, солай оқыту керек» деген қағиданы ұстанады.

Репродуктивтік білімде басты тұлға – үйретуші ұстаз, өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге яғни, ұстазға бағытталады.

Репродуктивтік білімнің түрлері:

1) Сипаттаушы білім

- қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады;

- негізгі сипаты: көрнекілік;

2) Түсіндіруші білім

- объективтік дәлелдемеге ұмтылады;

- негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу).

Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе «бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған білім тұлғаны өзгерістерге ынталандырады: шәкірт алған білімді (ақпаратты, мәліметті, ұғымды, т.с.с.) өзіндік тұрғыдан өзгертсе, оның үйренген білімі шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді).

Сол себепті конструктивтік білімді кейде түрлендіруші білім деп те атайды.

 Неліктен «конструктивтік» деп аталады?

1.Білім алушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады;

2.Конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады;

3.Конструктивтік білім тұлғаға өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады.

Неліктен конструктивтік білім бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады?

Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да, олар әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның түрлендіруші әрекеттері арқылы өзгере алады, яғни оқытуда басты назарды тұлғаның жеке қасиеттері мен оның белсенді әрекеттеріне, оның қолынан келетін істерге аудару қажет.

Конструктивтік білімнің негізгі сипаты

Түрлендіруші ықпалдың (әрекеттердің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі түрлендіру ісіне жұмылдыра білуіне байланысты.

Сол себепті, конструктивтік білімнің негізгі сипаты ретінде оның әрбір білім алушыға жағымдылығы мен қызықтылығы танылады.

Адамның көңілін өзіне тартпайтын, қызықсыз білім болмысынан конструктивтік емес.

Қалайша қызықты жасауға болады?

Адам өзі үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оны өзіне тартып, оның қызығушылығын тудырады. «Қызық» дегеніміз адамның жеке басының мүддесін ескеретін, «МЕН» тұрғысынан маңызы бар нәрсе.

Сол себепті де конструктивтік білімнің барлық жүйелері әр адам үшін маңызды деген өмірлің проблема немесе проблемалар жиынтығы төңірегінде шоғырланады.

Ұстаздың басты мақсаты:шәкіртке сабақтағы әңгіменің (тақырыптың) оған қажетті (ол мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатындығын сезіндіру.

Екі білімді салыстырып қарайық:

Репродуктивтік білім

Конструктивтік білім

Жоғарғы жақтан күштеу

Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы

Еркіндікке жол бермейтін тәртіп (үйретуші тарапынан белгіленген)

Еркін түрде әрекеттесу, үйренушілердің өздері қабылдаған ережелерді (тәртіпті) ұстану

Кітаптар (оқулықтар) бойынша үйрену

Тәжірибе арқылы үйрену

Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру

Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер пен дағдыларды игеру

Бұлыңғыр болашаққа дайындау

Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану

Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар

Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы

Конструктивті оқыту сабағы 7 элементтен тұрады:  
1. Ізденіс. Оқытушы білім алушылардың тақырып бойынша нені білетіндігін айқындау  

үшін және сабақ барысында қандай шешімдер қабылдайтынын, қандай нәтижеге келетінін бағдарлау үшін тақырып бойынша сұрақтар қояды.   
2. Сабақ құрылымдар бойынша құрастырылады:білімнің құрылымы, оқу әрекеті құрылым.3. Ойлаудың  логикалық  операциясы.     
4. Конструктивті оқытуда білім тұтас сызба бойынша бейнеленеді. Мұнда пән ішіндегі байланыс қана  емес, пәнаралық байланыс та көрініс табады.    
5. Сұрақтар. Конструктивті оқытуда  оқытушы сабақтың нобайын құру үшін қандай  сұрақпен  бастап,  қандай  сұрақпен  сабақты  аяқтайтынын  айқындап  алу  қажет.  Сұрақ  қою  арқылы  оқытушы  білім  алушылардың  нені  білетінін  аңғарады.  
6. Толықтырулар және байланыстар. Бұл сабақта игерілетін білімнің өткен және  болашақтағы  біліммен байланыстыратын элемент.    
7. Презентация  немесе  білім  алушымен  жинақталғанның  бейнесі.  Бұл  конструктивті   оқыту  сабағының  нобайын  жасаудағы  соңғы  элемент.
    
Ұсыныс:

1. Бүгінгі конференцияға қатысушы жастарға конструктивтік білімнің ерекшелігін ұғындыру

2. Жастарды әрдайым ізденуге шақыру.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жадрина М.Ж. «Білім берудегі жаңа үдерістер».2018ж 2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!