Материалдар / Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне әсер ету, қимыл дағдыларымен мен іскерліктерін қалыптастырау және жетілдіру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: 5

Ойлауды дамытуға арналған командалық ойындар

Педагогтің аты-жөні

Сұраған Роллан

Күні:

01.12.23

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.2.1 командалық жұмыстағы көшбасшылық дағдыларды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Қозғалыс белсенділігіндегі рольдерді анықтайды және көрсетеді

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне әсер ету, қимыл дағдыларымен мен іскерліктерін қалыптастырау және жетілдіру, негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу, барлығын бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5-10мин








. Дайындық бөлімі:

-Оқушыларды қатарға тұрғызу.

-Сәлемдесу, рапорт қабылдау.

-Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару.

-Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Жүру жаттығулары:

1. Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру

2. Қол жанда, өкшемен жүру

3. Қол белде , аяқтың ішкі, сыртқы қырымен

4. Қол алға тіке созып, жартылай отырып жүру

5. Отырып жүру

6. Спорттық тәсілмен жүру

Жүгіру жаттығулары:

1.Залды айналып жүгіру

2. Залдың ортасымен екі қатар айналып жүгіру.

3. Залдың ортасымен бір қатар айналып жүгіру.

4.Жылан тәрізді жүгіру

5.Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

6.Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау;

-тізені көтеріп жүгіру

-аяқты артқа сермеп жүгіру

-қиғаш жүгіру

-жылдам жүгіру.

7 Жүріске ауысып,тыныс алу жаттығуларын орындау.

8 Жалпы дамыту жаттығулары орында орындалады.

Оқушы:

Киім үлгісін сақтау.

Мұғалімнің айтқан ескерету немесе нұсқаулығын

орындау.






Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, ысқырғыш, секундомер, метр, орам, конустар, жалаушалар, доптар


Сабақтың ортасы


25-мин






















«Кім күшті» - ойыны. Сыныпты екі командаға тең бөлу. Алаңнын ортасынан сызық сызылады. Осы сызықтан 2-3 м.жерге деиін оңға және солға параллель екі сызық сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрады. Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей болуы керек. Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіледі. Ойында екі команда бірін-бірі өз жағына тартып бітірмейінше аяқталмайды. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады. Ойынды күрделендіруге болады, яғни екі ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келіп, белдерінен ұстап, тартады. Ережесі. Тартысуды белгі берілгеннен кейін бастайды. Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір немесе екі қолмен тартысуға болады Ойыншы қарсыласын ортаңғы сьізықтан 2-3 метр жердегі сызыққа тартып шығуы керек. Тартысу ыңғайы өзара келісіледі.

Дескриптор:

- ойыншылар сызылған сызыққа келіп оң қолдарымен ұстасып өз жағына тартып алуды біледі;

- сол қолдарын белдерінен ұстап тартуды түсінеді;

- өз жағына ойыншыларды тартып алуды және қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау

«Айдаһар» ойыны. Ойынның ойнау ережесі: Оқушылар бойларына қарай екі топқа бөлінеді.Ойыншылар алдыңғы тұрған баланың белінен қапсыра құшақтап тұрады. Әр тізбек бір «Айдаһар» . Белгіден соң, бірінші ойыншы тізбектен бөлініп кетпей, оңға-солға тез бұрылып, артындағы тізбекті күшпен сүйреп жүріп, қолын алға соза «құйрығын», яғни соңғы түрған ойыншыны ұстап алуға тырысады. Ойынды бірнеше рет қайталау.



Дескриптор:

-Қауіпсіздік ережесін сақтайды

-Жасалатын созылмалы жаттығуларды орындайды

- Ойыншылар тізбекке тұра алады

-Бірден ойын ережесіне кіріп ауыса алады





Білу: Ойын қауіпсіздік ережесін біледі.



Түсіну: Орындалатын жаттығуларды түсінеді


Қолдану:Айтылған немесе көрсетілген тәсілді қолданады.








Бас

бармақ










Бас

бармақ





http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, ысқырғыш, секундомер, метр, орам, конустар,



Сабақтың соңы


5-мин







- Сапқа тұрғызу.

- Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту

- Сабақты қорытындылау.

- Жақсы қатысқан оқушыларды өте жақсы деген бағамен мадақтап бағалау

- Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру

- Үйге тапсырма беру.

- Оқушылармен қоштасу.

-Оқушыларды ұйымдасқан түрде киіну   бөлмесіне жіберу.

Рефлекция

-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.

-Маған........................................................қиын болып көрінді.

-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді

Бас

бармақ







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!