«Күләш Байсейітова – барша қазақ өнерінің биік өлшемі!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күләш Байсейітова – барша қазақ өнерінің биік өлшемі!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жерлесіміз, қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығын зерттей отырып, бойындағы қасиеттері турасында деректер жинау, зерттеу, насихаттау арқылы құрмет көрсетуге шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



















Мақала

«Күләш Байсейітова – барша қазақ өнерінің биік өлшемі!»





































Ғылыми мақаланың мақсаты:

Жерлесіміз, қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығын зерттей отырып, бойындағы қасиеттері  турасында деректер жинау, зерттеу, насихаттау арқылы құрмет көрсетуге шақыру.

Ғылыми мақаланың өзектілігі:

Өңірімізде туып, Қазақстан халқының мақтанышына айналған аналарымыз бен апаларымыздың өмірін тағы бір мәрте зерттеп, шығармашылығы мен бойындағы асыл қасиеттерді насихаттап, тарихтағы орнын түсініп, өңірімізде жас ұрпақ санасында есімдері қайта дәріптеліп, өскелең ұрпаққа үлгі етуге үлес қосу.


Мақаланың нәтижесі және қорытындысы:

Арқа төрінен шыққан аты аңызға айналған бұлбұл үнді Күләш Байсейітова жайлы зерттеп, мақала соңында ұсыныстар айту.

  • Әнші жайлы мектеп оқушыларымен біріккен аймақтық ғылыми онлайн конференциялар, кездесулер ұйымдастырылса;

  • Көркемсөз оқулары яғни оқушылар арасында әншіге арнау өлеңдерден сайыс ұйымдастырылып, жинақтар шығарылса;

  • Сайыстар тек бір жылда ғана емес дәстүрлі түрде өткізілсе;
















Кіріспе

Қазақ қоғамында әйел-ананың орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар.

Қазақ топырағында ұлттың болашағы, отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны бола білген, халқымыздың әдебиеті мен өнерінен, мәдениеті мен тарихынан ойып тұрып орын алар аналарымыз аз емес.
Соның ішінде Алтайдан Атырауға созылып жатқан киелі Арқа топырағы, Қарағанды облысы - алуан-алуан жүйріктердің қадамына қуат, қиялына қанат байлап, мыңдаған дарынды ұл-қыздарды сыйлаған қасиетті өңір.

Бұл өлкеден талай-талай ел бастаған көсемдер, от ауызды, орақ тілді шешендер, ел бастаған батырлар, ақын-жыраулар, халық қамы үшін бастарын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар шыққанын мақтанышпен айта аламыз.

Бүгін біз, дәл осы киелі топырақтан түлеп ұшқан, Арқа төрінен қанат қаққан аты аңызға айналған қазақтың бұлбұл үнді әйгілі әншісі қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық әртісі, Шығыс бұлбұлы атанған – Күләш Байсейітова жайлы ой қозғамақпыз.Қазақстанда қазақ бұлбұлын білмейтін жан жоқтың қасы.Ол өзін жарық дүниеге алып келген ата-анасының ғана баласы болып қана қалмай, барша исі қазақтың сүйікті Күләші бола білді.

Дей тұрсақта, нақтылай келгенде танымал тұлға туралы көп нәрсені біле бермейтініміз, біраз деректерден хабарымыздың мүлдем жоқтығына көз жеткіземіз. Күләш апамыз біздің, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келендігін білген кезде жүрегіңе мақтаныш, бойыңда өнерге деген құлшыныс сезімі оянып, барша қазақ өнерінің биік өлшемі, әншіні тереңірек танып білуге ұмтыласың.Күләш апамыздың өнер әліміне қанат қағуы, жетілуі, тынымсыз оқуы, үйренуге тұтастай арналған өмірі мен шығармашылық  жолы бүгінгі жас ұрпақтың назарын ерекше аударуға тұрарлықтай нысанасы болса керек. Оны терең, талмай зерттеу түсу қажет.

Біз үшін Күләш Байсейітова кім?  

Күләш Байсейітова – тек Қарағанды облысының мақтаны емес, барша қазақтың мақтан тұтатын талантты әншісі! Күләш Байсейітова – барша қазақ өнерінің биік өлшемі! Күләш апамыз -  аққу үнді әнішілердің биікке самғаған келбеті!  Күләш Байсейітова– адалдық пен шынайылықтың, еңбекқорлық пен кәсіби шеберліктің символы! 

Сонымен бірге, Күләш апамыз – кейінгі ұрпақ біз үшін аңызға айналған жұмбақ жан ...

Күләш Байсейітова 1912 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Бірақ, өкінішке орай кейбір деректерде туған жері туралы екі түрлі деректер келтірілуі жүрегіңе мұң ұялатады.

Тоқтала кетсем: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясындағы ресми деректер бойынша ол 1912 жылы 2 мамырда Верный (Алматы), қаласында қарапайым етікшінің жанұясында дүниеге  келді делініп,  жылдан жылға толықтырылып немесе жаңадан басылып шыққан әр жылдардың түрлі деңгейдегі  энциклопедиялық анықтамалық сөздіктері бір ауыздан оқырмандарына осы мағлұматы таратып келді.

Алайда, әншінің туған күніне және мекен-жайына байланысы  деректердің қайта көтеріліп ашық айтыла бастағанына да көп уақыт бола қойған жоқ.

Ұлы әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қыздары Қарылғаш пен Раушан Байсейітовалар баспасөзге берген сұхбатында ресми құжаттардағы көрсетілген деректерді жоққа шығарады.

Олар: «Негізгі туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде құжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді» [2] - дейді.

Сонымен, әншінің туған жеріне байланысты да ескі ресми дерек көзі Алматы қаласында дүниеге келген деп жазып келсе, жаңа зерттеушілер, әншінің қыздары  аналарының  Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының ауылының тумасы екендігін алдыға тартады. Тарихшы-өлкетанушы Күләш Сардарбек «Күләштің туған жері бүгіндері Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы аталады. Бұл өлке ХХ ғасырдың басында Қотанбұлақ болысы, Қарқара уезі, Семей губерниясы атанған» [1, 28] -дейді. Мен үшін де Күлаш Байсейітова Қарағанды облысының тумасы бола бермек.

Өнер жолында

Қыз кезіндегі тегі - Гүлбахрам Бейісова. Кейін актер, режиссер, Қазақ музыка театрының негізін салушылардың бірі Қанабек Байсейітовке тұрмысқа шығып, тегін алады. 

Гүлбаһрамның әншілікке бейімдігі, музыкалық табиғи таланты кішкене күнінен-ақ байқалған. Бұлай болуға әкесі Жасын кезінде жап-жақсы әнші болғаны, ел аралап ән салғаны да елеулі себеп болса керек. Бірақ әншілік өнер Жасынға ішер ас, киер киім болмаған соң үйлі-баранды болған шағында ол етікшілікті кәсіп еткен. Сөйтсе де ара-тұра көрші-қолаңның ауыл-аймақтың той-томалағында ән салудан қол үзбеген. Сөйтіп, болашақ әнші-артистше сауықшыл әкенің өнері игі әсері  кішкене Күләшке ерекше әсер етеді.

 Бұл жайлы Қанабек Байсейітов өзінің кітабында: «Әкесі Жасын – әжептәуір әнші болған, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге жүріпті. Бір ағасы Манарбектің (Ержанов М.А. анықтауы) әншілігі – анау, өзге ағалары да өнерсіз болмаған, тек кәсіп етпеген. Айтбек те (ағасы)  әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып айтқанда айызыңды қандыратын. Осындай ортада өскен, тәрбие алған Күләш өнерге жақын жүрмей қайтсін», – дейді [3,61]. Әкесі айтқан әндерге ынтыға құлақ түріп, ол жырлаған хиссаларды қызыға тыңдай зердесіне тоқып өскен зерек қыз тамаша музыкалық есте сақтау қабілетімен, қиялдай білер кең әсерлі ой-өрісімен өсіп жетіледі. Күләш бала күнінде асқан әншілігімен суырыла шығып ел аузына аса ілікпесе де, жеті жылдық мектепте, кейін Қазақтың педагогика институтына түскеннен кейін оқи жүріп, жаңадан бой көтеріп келе жатқан көркемөнерпаздар үйірмесіне үзбей қатысады.

Сол кезден бастап ондағы барлық байқауға қатысып, өзін жан-жақты көрсете білген. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрына қабылданады.Осылайша әнші еңбек жолын Мәскеуде бастайды. Онда 1934 жылы бірінші рет әндерін пластинкаға жаздыруға барған. Онымен бірге Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков болған. Бірақ пластинкалар 1935 жылы ғана шыққан екен. Ол аз уақыттың ішінде Бейімбет Майлиннің "Майдан" пьесасында Пүліштің, Николай Гогольдің "Үйлену тойындағы" Агафия Тихонованың, Марк Тригердің "Сүңгуір қайығындағы" Клавдияның, Мұхтар Әуезовтің "Еңлік- Кебегіндегі" Еңліктің рольдерінде ойнаған.

Сондай-ақ, Күләш Байсейітова сол кезде өзін мықты актриса ретінде көрсете білді. 1934 жылғы маусым "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясымен ашылғанда Күләш басты рөлде ойнап, Айман бейнесі арқылы қазақ қыздарының парасатын көрсетті.

Қ.Байсейітов оның сахнаға деген ерекше  құштарлық қырларына ерекше тоқталады. «Сахнаға шығуды жаны сүйетіні соншалық – егер өз рөлі бітіп  қолы сәл босай қалса, көпшілік ішіне ілесіп сахнаға шығуға өзі келіп сұранатын.... Күләш көпшілік сахналарына араласқан кездерінде де басқалардан ерекшелене білетін, спектакльдің мазмұнына сәйкес киіне қоятын. Көбінесе ұл баланың  кейпін жасап, солай киінетін.  Бірде жалқау баланың кейпін жасап, бірде кепкасын баса киіп ұры балаша шығатын, кейде бұзақылау балалар құсап көзін сығырайтып алатын. Әдейі сүрініп-жығылып жататын кездері де болушы еді, аз сәттің өзін де көрермен жұртқа әсерлі етіп көрсетуге тырысатын» [3, 61] – дейді. 

Әншінің  сахнаға, өнерге мұншама  ұмтылу әншінің бойындағы буырқанған талант көзі іште бұғып жатпай қасиетті сахнадан көрерменге өзіндің қайталанбастай қолтаңбамен жол іздеген кейпін, сахналық өнерге деген ерекше құштарлығын көреміз.

Кейінірек ол "Шұғаның белгісі" повесіндегі Шұға, "Қыз Жібек" операсындағы Жібек образдарын сомдаған. 

"Опера - бұл музыка мен драманың синтезі, біз оны сахнада аша білуіміз керек" деген Күләш Байсейітова арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдерді таныды.

Ұзақ жылдар бойы депутаттық қызметте болған

Күләш Жасынқызы қайраткерлігімен және іскерлігімен де көзге түскен. Өнермен қатар, ол ұзақ жылдар бойы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Мемлекеттік сыйлық тағайындау, Дүниежүзілік Бейбітшілікті сақтау комитеттерінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстар атқарған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ бұлбұлының барша халықты, оның ішінде сарбаздарды рухтандырар әндері радио торабынан, ел аузынан жиі естіліп, есімі баспа беттерінде көптеп жарияланды. Соғыс біткен соң Одақтық республикалардың басына түскен тауқыметті жоюға, халықтың әл-ауқатын көтеруге белсене араласқан. 

Сондай-ақ, Күләш Байсейітова халықтың өмірін жақсарту, мәдениетін көтеру, жаңа оқу орындарын ашу, жастарды оқыту, жас отбасыларына көмек көрсету, соғыс мүгедектеріне ерекше назар аударған. 

Қазақ бұлбұлы жайлы пікірлер

Жазушы Ғабит Мүсірепов "Чудо" атты мақаласында Күләш Байсейітованы 1936 жылы Мәскеуде көргенін, онда оған "Чудо" деген баға берілгенін былай деп сипаттап жазады:  

"Енді ойлап қарасам, атақты әнші Күләшқа ең дұрыс, ең дәл келер баға берген екен. Музыкалық мектептің есігін ашпаған, дауысы қырналмаған, сыланбаған әнші өзіміздің әндермен қатар, классикалық музыканы қалай оп-оңай меңгеріп кетті? Театр мектебін көрмеген, үлкен режиссураға кездеспеген адам бейне жасаудың ең нәзік жолдарын өз бетімен қалай тауып келетін еді? 

Маған мұның бәрінің жауабы біреу-ақ сияқты сезіледі: соның бәрі Күләштің өзімен бірге туған, Күләштің өзі ән еді, өнер еді. Қайнатары жоқ, қоспасы жоқ, таза талант. Қысқасы - "Чудо!".

Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова:

"Күләш апамыз сахнаға шыққанда жарқырап кететін. Ол кісі әдемі күлетін. Әншінің киім киісі де ерекше еді. Күләш апай сахнаға аққу сияқты құлпырып, ақ көйлекпен ғана шығатын...".

Әйгілі композитор Ахмет Жұбанов "Өскен өнер" атты кітабында да Күләш жайлы жазған:

"Қазақ драма театрының күндізгі репетициясынан кейін фойеде тұрған маған үстінде қара жібек көйлегі бар, бойы ортадан жоғары, шашы тілерсегінен түскен жас келіншек келіп амандасты. Жүріс-тұрысы, киім киісі, бет-пішіні адамды өзіне еріксіз қаратқандай" деп суреттей келе: "Айман-Шолпан" спектаклінде Күләш меццо-сопрано дауыспен айтты. Күләштің дауысының басқалардан бір ерекшелігі диапазоны үлкен болатын. Тыңдаушыға жақсы әсер ететін. Егер де бұл рөлді Күләштан басқа әнші орындаса, ондай шықпаған болар еді. Күләштің даусының барлық  регистрі бірдей әсем шығатын. (...)".-деп Күлаш апамыздың өнеріне өте жоғары баға берген.

Оның айтқан партиялары, сахнада сомдаған образдары, өмірдегі жүріс-тұрысы мен адамдармен қарым қатынасының өзі ел арасында түрлі аңыз әңгімелерді дүниеге алып келді.

Әнші қоғамдық өмірге белсенді араласып, қазақтың ұлттық өнерін дамытуда сан-салалы ісімен көрінген белгілі қоғам қайраткері ретінде көрінді. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Бейбітшілікті қорғаудың қазақстандық комитетінің мүшесі (1951) болып сайланды. Екі мәрте КСРО-ның ең жоғары марапаты – Мемлекеттік сыйлығының иегері атанып (1948, 1949),  Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Әншінің ізбасарлары кім?

Ұлы актрисаның би үйірмесіне өзі жетектеп апарып, үміт күткен нағыз ізбасары - Раушан Қаныбекқызы Байсейітова. Ол КСРО Үлкен театры жанындағы Мәскеу академиялық хореография училищесін бітірген. Абай атындағы опера және балет театрының биші-солисі болған танымал балерина. Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор. Бүкілодақтық балет әртістері байқауының лауреаты. Әлемнің көптеген елдерінде - Польшада, Венгрияда, Германияда, Анголада, Жапонияда, Португалияда, Швейцарияда, Филиппинде өнер көрсеткен танымал тұлға.

Аты аңызға айналған әшінің ізбасарлары өте көп. Өзінің туған жерінен өнер саласын дамытуға, әншіге ұқсауға ұмтылған ұрпақтары да жеткілікті. Олар - Гүлдана Сапарғалиева, Рымкеш Жұмаділова, Дариға Ақатаева, Ғалия Сатенова, Төлеу Аяғанова, Күліш Төлеуханова, Тұрған Түсіпбеков, Оралтай Сүлейменов, Асылмұрат Аханов, Садық Таласбаев, Қуат Қожамбаев, Алтын Балтабаева және тағы басқалары.

Өкінішке орай Қазақтың бұлбұлы, туған жердің мақтанышы Күләш Байсейітова 1957 жылдың 6 маусымында Мәскеуге барған сапарында небары 45 жасында дүниеден өтті.

Жерлесіміз атақты әнші ғасыр бұлбұлы жайлы әлі де болса зерттелмек, әлі де болса жазылмақ...

Қорытынды

Бүгінгі шағын ғылыми мақаламды қорытындылай келе әнші апамыз жайлы мақтана да мұңая да, әттең-ай деген өкінішпен де ой қозғадым. Күлаш Байсейітоваға өз деңгейінде де көрсетіліп жатқан құрметтер аз емес.

Дей тұрғанмен ұлыларын ұлықтаған елміз әлі де әнші жайлы зерттеліп, оқу бағдарламаларына тереңірек енгізлсе деген ұсынысым бар.

Сондай-ақ әнші жайлы мектеп оқушыларымен біріккен аймақтық ғылыми онлайн конференциялар, кездесулер, көркемсөз оқулары яғни оқушылар арасында әншіге арнау өлеңдерден сайыс ұйымдастырылып, жинақтар шығарылса тек бір жылда ғана емес дәстүрлі түрде өткізілсе, оқушылар жадында әншінің өнері дәріптеліп, санасында сақталары сөзсіз.

Себебі өңіріміздің талантты тумасы Күләш апамыз қaзaқ oпepacын биiккe көтepдi. Oның apқacындa қaзaқ әйeлдepiнiң pөлi әлeмдiк дeңгeйгe шықты. Өзiнiң қaмшыдaй қыcқa бoлғaн ғұмыpындa жapық жұлдыздaй жaнып өттi. Мен үшін «Күләш Байсейітова – барша қазақ өнерінің биік өлшемі!»

Әр жас ұрпақ осындай талант иесінің өнерімен сусындап үлігі алса деген ойдамын...Әншінің ғұмыры мен шығармашылық келбеті қазақ мәдениетінің тарихына алтын әріптермен жазылып ұлттық өнердің жарқын беттері болып ұрпақтар есінде мәңгі қала бермек. 

Күләш апа – өнер кеңістігіндегі ұлы құбылыс. Күләш апа өмірге құстай ұшып келіп, құстай ұшып кеткен адам. Оның өмірі, өнері – тарих, аңыз, құпия, тылсым.

















Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. «Күләш Байсейітова» [Мақала-естелік] / құраст. Ақлима Омарова. - Алматы : Өнер, 2012– 200 б. ISBN:978-601-209-195-3

  2. «Күләш - ғасыр бұлбұлы» (Қазақстанға еңбегі сіқген әртісі, әншісі

Күләш Бәйсейітованың 105-жылдығына) Библиографиялық көрсеткіш Құрастырушы: Борисова Т. Н. Лисаковск 2017

  1. https://adebiportal.kz/kz/news/view/19824

  2. https://egemen.kz/article/100020-maskeudi-dur-silkindirgen-on-kun

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Күләш_Жасынқызы_Бәйсейітова

  4. http://old.adebiportal.kz/kz/books/view/kulsh_baiseiitova__2791




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2024
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі