Сабақтың
басы
10
минут
|
Сабаққа спорттық киіммен келу.
Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және
мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін
анықтау. Техника қауіпсіздігін
сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау.
Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
Оқушылардың спорттық
киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген
оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен
таныстыру. Бағалау критерийлерін
түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту.
Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын
қадағалау.
|
Кері байланыс арқылы
бағалау
|
Үлкен, бос, ойын кеңістігі,
теннис доптары, ысқырық, уақыт өлшеуіш, бор, конустар. «Игры для
метателей» интернет ресурсына сілтеме:
http://avangardsport.at.ua/blog/igry_v_zanjatijakh_s_metateljami/2012-06-19-107#.V2zXaPmLTDc
Үлкен, бос, ойын кеңістігі,
теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш, 150гр
лақтыруға арналған
доптар.
«Подвижные игры и эстафеты с
элементами лёгкой атлетики» интернет ресурсына сілтеме
:http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html
|
Сабақтың
ортасы
30
минут
|
(Ж, Т, ҚБ) Сыныпты екі
командаға бөлу. Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына
орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші
команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша
жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге
түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы
ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай
беріледі.
|
Шеңбердің ішінде, доптарды
алдын-ала белгілеп(бояп немесе команданың номерін жазып), бір
уақытта лақтыруға
болады.
Сұраңыз: Лақтыру кезінде
қандай бұлшық еттер жұмыс істейді? Ұсынылған ойындағы орындалған
жұмысты талдаңыз.
|
|
(Ж, Т, К) Сыныпты бірнеше
командаларға бөліп, келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз.
Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып,
белгіленген аймақтарға лақтыруды
орындайды:
1-ші аймақ лақтыру сызығынан
20м, 2-ші-25м, 3-ші-30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ
келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін,
оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі. Барлық ойыншылары жинаған
ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаз команда
анықталады.
|
Сабақта қауіпсіздік
ережелерінің сақталуын қадағалаңыз. Мұғалімнің ауызша белгісі
бойынша ғана лақтыруды орындау және ұпайлар санын жазу қажет.
Лақтыруды алдын-ала келіскен әдіспен орындауды және лақтыруды
орындау техникасын
қадағалаңыз.
Нұсқасы: Бірнеше шеңберлермен
белгіленген (3-2-1), қалқанша-нысанаға лақтыру. Нысанаға дейінгі
арақашықтық 8-10 м, биіктігі
2,5-3м.
|
|
Тең екі топқа бөлініп, боулинг
ойынының ережесін талқылап, екі топ арасында ойнаңыз. Бірінші
топтың ойыншылары жинаулы тұрған кеглилерді белгіленген сызықтан
нығыздалған доппен жерлете лақтырып, кеглилерді құлату қажет.
Егерде кеглилерді құлатса, сол команда мүшелері қайта жинап,
тұрғызуы керек. Ал, қарсы топтың мүшелері қайта тұрғызып, жинауға
кедергі жасайды. Жеңіл доппен ойыншыларды ұрып, ойыннан шығарады.
Ойын осылай
жалғасады.
Дескриптор
- боулинг ойынының баламасын
түсініп ойнайды;
- мақсатқа жету үшін командыда
да белсенділік
танытады.
|
|
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Сабақты
қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер
туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты
меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз
беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен
тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды,
оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап
арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр
оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен
үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын
ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған
немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік
нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы
мұғалім сұрағына жауап береді.
|
|
|