Lesson Study – мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.Осы тәсілді қолдана отырып, мұғалімдер демократиялық түрде сабақты зерттеп, оны зерделеу барысында оқыту мен оқуды жетілдіру арқылы өзінің кәсіби шеберлігін дамыта алады.
Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, бізге Жапониядан келген. АҚШ –қа бұл әдістемені «дзюгекенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макота Йошида болды, бұл мектептегі оқуды жетілдірудегі жапондық тәсіл. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартaды. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study-дің құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі – мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде. Lesson Study тәсілін іске асыру барысы Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы мұғалімдер оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырады. Бұл жағдайда оқыту аспектілерін жеке ұстаным тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестерінің көзімен де қарастырады, соның нәтижесінде Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты жеке жоспарлаған сабақтарымен салыстырады. Бұл мұғалімдерге өздерінің әдетте мән бермейтін, елемейтін немесе «шеттетіп тастайтын» не болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруларына түрткі болады. Мұғалім осы үдерісті жүзеге асыру барысында бірлесе жоспарлап, бақылаған сабақтарында өзіндік бағалау дағдыларына аса мән беруі керек. Негізінен жоспарланған іс-әрекеттерді оқушылар қалай қабылдады? Несімен тиімді және тиімсіз болды? Қандай өзгерістер мен жетілдірулер енгізуге болады? Тағы да нелер ескерілмей қалды? осындай сұрақтарды жиі қою керек, ал оқушылар мен әріптестерінің кері байланыстары арқылы өзара бағалаулар жүргізіліп жетілдіру жолдарын ұсынғанда ғана мұғалім даму жолына жол ашады. Демек желілік қауымдастықтың дамуын қолға алу мектеп мұғалімдерінің шағын топта жұмыс істеу мәдениеттерін қалыптастыру арқылы қалануы керек деп ойлаймын.
Бұл – жаңашылдық, дамуға жол сілтейтін бағыт, 21 ғасыр адамдарының бойында қалыптасатын негізгі дағдылар, сыни ойлау, топта жұмыс істеу, шығармашыл қолдану, өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыратын тәсіл. Сондықтан бұны ілгерлемелі қолға алу үшін келесі факторлардың да әсерлері басым. Сондықтан мұғалімдер үшін ең бірінші қадам ретінде теориялық материалдармен қоса практикалық тәжірибені зерделеуге қолдау көрсетіліп, оқытатын коучинг, тренингтер, шеберлік-сыныптар жүргізілуде. Дегенмен де бұның бәрі теориялық негізде өткізу барыстарына көп тоқталады. Өткізу барысы мен тәжірибе жүзінде іске асыруға қажетті іс-әрекеттер көбіне сабаққа кіру мен бақылау арқылы, қажетті құжаттарды толтырумен аяқталады. Бірақ көңіл аударсаңыздар, бұл үдерістің басты мақсаты – мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру арқылы бірлесе жоспарлау барысында кәсібиліктерін арттыру, ал қазіргі жағдайларда көбіне бірлесе жоспарлауға уақыт таба бермейді, сондықтан дайындаған бір мұғалімнің сабағына кіріп сол сабақта оқушыларды бақылауға алады, үдеріс басым жағдайда формальді жүреді және әртүрлі көзқараспен қарайды. Солардың бірі – мұғалімдердің басым бөлігі 3 оқушыны бақылауға алатындықтан, бұл үдерісті оқушыны зерттеумен шатастыратындықтарында. Бұл үдерісте басымырақ 3 оқушының қабылдауы арқылы сабақты зерттеу жүзеге асады. Жалпы Сабақты зерттеу тәсілі арқылы сабақты талдау барысының маңыздылығы жоғары, себебі талқылау кезінде сындарлы ұсыныстар беріледі, соның нәтижесінде келесі сабақтың іс-әрекет алгоритмі қалыптасады. Осы арқылы мұғалімдер өздері байқамайтын өзгерістерді бақылаушылары арқылы ескеріп сабақты жетілдіру жолдарын жүзеге асырады.
Негізінен осы жұмыс нақты қолға алынған жағдайда, әр оқушының қажеттілігін, олардың жаңа білімді қабылдай алу іскерлігін ескере отырып, әр түрлі ресурстарды қолдану қажеттігіне, тапысырмалардың іріктелуіне, мұғалім қолдауының қажеттілігіне көз жеткіземіз, себебі, біреуі естіп, біреуі көріп, ал кейбіреуі өз қолымен жасап қабылдайды. Әрқайсысының деңгейі әрқилы. Осы кезде саралауды дұрыс ұйымдастырып, оқушыларға дер кезінде қолдау көрсете білу өте маңызды екенін аңғарамыз, ендеше сабақты зерттеу кезінде саралаудың маңыздылығына тағыда тоқтау қажет. Сонымен қатар, курс барысы кезінде мұғалімдермен жүргізілген пікірлесу кезінде де, біз мұғалімдердің теориялық ақпараттан гөрі тәжірибе жүзінде көзбе-көз көру жоғары сұраныс тудыратынын білеміз. Себебі, олар «көзбен көре отырып, нені жақсарту керектігін анықтаймыз», «қандай да бір тәсілдің өзгеше қабылдануы мен берілуін көреміз» деген пікірлер ұсынады. Сондықтан болар, көбіне әріптестерінің сабақтарына қатысқанды қалайды. Демек апталық, 10 күндіктерде ұсынылатын ашық сабақтармен қоса, мектеп ұжымын ынтымақтастыру және бірлесе жоспарлауға жұмылдыру үшін Lesson Study-дің әдістемелік арасында өткізе отырып ашық сабақ ретінде ұйымдастыру тиімді болары анық. Сонымен, мақаламды Левистің сөзімен аяқтағым келеді: «Сабақ – зерттеудің қарапайым идеясы. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен жоспарлауды, бақылауды, сабақты талқылауды бірлесе жұмыс істеуден басқа тиімді жолын таба алмайсыз».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз