Мәдени маргинализация: Қазақстанның оңтүстігіндегі өзбек халқы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәдени маргинализация: Қазақстанның оңтүстігіндегі өзбек халқы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның басқа да көптеген этностарынан айырмашылығы сол, өзбектер мен қазақтар бір рулық бесіктен шыққан, олардың жалпы тарихи тамыры тереңде жатыр. Бір сөзбен айтқанда - туысқандар. Мүмкін, сондықтан болар, олардың арасында, әдетте, қандас туыс адамдарға ғана тән ерекше қатынастар қалыптасты. Тарихи туыстықты қалыптасқан аймақтық шекаралар да растайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дайындаған: Анарбай Әйгерім

Жетекші: Аликбаева Маржан Башановна


Мәдени маргинализация: Қазақстанның оңтүстігіндегі өзбек халқы

Қазақстанның оңтүстік өңірі – елдің көпұлтты ерекшелігін айқын көрсететін аймақтардың бірі. Мұнда қазақтармен қатар, өзбек халқының да үлкен қауымдастығы өмір сүреді. Ежелден Орта Азия халықтары арасындағы тығыз мәдени, экономикалық және тарихи байланыстар бұл өңірдің этностық құрамын байытқан. Дегенмен, қазіргі жаһандану және интеграциялық процестердің әсерінен өзбек халқының мәдени маргинализациясы байқалады. Бұл құбылыс олардың ұлттық бірегейлігін сақтап қалу, қоғамдық өмірге бейімделу және Қазақстандағы негізгі мәдени ағынмен ықпалдасу үдерістері арасындағы қиындықтардан туындайды.

Өзбек этносының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан) Түркістан, Сайрам, Сарыағаш, Төле би, Қазығұрт, Мерке аудандары мен Шымкент, Түркістан, Тараз, Кентау қалаларында шоғырланған. Еңбек миграциясының кең таралуымен бірге, өзбектер Қазақстанның – Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында да кездеседі.

Оңтүстік Қазақстан қалалары мен аудандарында Өзбек этно-мәдени орталығының 11 филиалы жұмыс істейді. Облыстық өзбек мәдени орталығы аталған орталықтардың қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. 1992 жылдан бері «Дустлик» өзбек Ассоциациясының ұйымдастыруымен жыл сайын «Тіл, дәстүр және мәдениет күндері» мерекесін, «Офарин», «Лапар» конкурстарын, «Аския» күлкі фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Облыс тұрғындары «Үміт», «Нұр», «Парваз», «Гунча», «Сайрам», «Нулифар», «Кунгил», «Юлдузча», «Садаф» сынды ансамбльдерді жақсы біледі. Облыстық өзбек театры жұмыс істейді. Орталықтың жастар қанаты белсенді жұмыстарымен белгілі. Мәдени орталықтың негізгі міндеттерінің бірі дарынды жастарға қолдау көрсетіп, оларды мәдени іс-шараларға, ұлттық мерекелерге, халықтық өнерге тарту болып табылады.

Облыста таза өзбек тілінде оқытатын 58 (оның 57-сі Түркістан облысы, 1-еуі – Тараз қаласындағы №4 мектеп), аралас 81 мектеп жұмыс жасайды. Облыс орталығында өзбек тілінде 10 басылым шығады. Олардың екеуі мемлекеттік: Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси басылым «Жанубий Қозоғистон», «Туркистон»; жеке газеттер - «Сайрам садоси», «Сайрам сабоси» және «Жамият ва маърифат», «Адабиёт ва санъат», «Жануб жарчилари», «Исфижоб», «Робита», «Иқоним-иймоним», а также, частные журналы - «Саодат сари», балаларға арналған «Бойчечак» және «Камалак», «Болажон» және «Болалар олами». Бұдан басқа облыстық «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», аудандық «Сайрам ақшамы» телеарналарында өзбек тілінде хабар-жаңалықтар беріледі.

Өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары Ишпулат Қырғызбаев білім саласын көтеруде үлкен жұмыстарға бастамашы болып жүр. Өзбекстан Республикасындағы жоғары оқу орындарынан Қазақстандағы өзбек түлектер үшін бірталай квота бөлгізді. Өзбекстандағы қазақ жастарының Қазақстанда білім алуына септесті. Ишпулаттың ісін Абдухамков Абдували мен Бегмат Тұрдықұлов жалғастырып келеді. Өзбек мәдени ұлттық орталығы мен облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен өзбек тілі мен әдебиетінен облыстық ауқымда өткен олимпиада қазір республикалық мәртебе алған.

Сайрам ауданындағы Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілден бөлек, өзбек, орыс және шет тілдердің бірінен сабақ беріледі.

Өзбек мәдени орталығы Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығымен тығыз байланыс жасап тұрады. Жызақ облысындағы Гагарин қаласында қазақ драма театры және Сайрам драма театрлары бір-бірімен спектакльдер алмасып тұрады.

Осындай жағдайларға қарамастан, сонда да алынған әлеуметтік-лингвистикалық сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттердің 60%-нан астамы өз болашағы мен балаларының болашағына сенімсіздікпен қарайды. Сауалнамаға қатысушылардың 53,1% басшы орындарға тағайындауда және 18,4% жұмысқа қабылдауда этникалық фактор есепке алынады деп жауап берді.

Алынған сауалнаманың талдамасы өзбек халқы өкілдерінің басқа этностармен қақтығыстары жоқ екенін көрсетті. Барлық респонденттер Қазақстанды өз Отаны деп қабылдайды. Этникааралық қарым-қатынаста негізгі мәселе ретінде ұйғырлармен (1 – 0,9%), с қазақтармен – 3 (0,9%), с христиандармен және орыстармен - 1 (0,9%) қақтығыстардың болуын және іс жүргізудің қазақ тіліне ауыстырылуы бойынша (67,3%) деп көрсетті. Жалпы алғанда Қазақстанда тұратын өзбектердің өзін-өзі ұстауында айтарлықтай анық «өзбек моделін» байқатқан жоқ, дегенмен екі факторды атап көрсетуге болады, нөлдік конфликтілік потенциал және басқа ұлттармен қарым-қатынас жасаудағы ашықтық: 79,6% өзбек басқа ұлттармен некеге тұруға дайын екендерін көрсетті, дегенмен жоғарыда келтірілген талдама мүлде басқа картинаны берді (86,4% өзбектермен және бар-жоғы 13,6% басқа этностармен неке анықталды).

Бір мәселе даусыз: Қазақстанның басқа да көптеген этностарынан айырмашылығы сол, өзбектер мен қазақтар бір рулық бесіктен шыққан, олардың жалпы тарихи тамыры тереңде жатыр. Бір сөзбен айтқанда - туысқандар. Мүмкін, сондықтан болар, олардың арасында, әдетте, қандас туыс адамдарға ғана тән ерекше қатынастар қалыптасты. Тарихи туыстықты қалыптасқан аймақтық шекаралар да растайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2024
89
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі