Тарих біздің өткеніміз бен
болашағымыз: “Ұлттық
құндылықтар - ұлт
қорғаны”
Қабидолла Сыдиықов
кітапханасы және Әбіш Кекілбайұлы
мұражайы
“Кешегі күн-бүгін тарих”
демекші, қараша айының 8-інші жұлдызында топ жетекшіміз Жанбибі
Сенбайқызы Дүйсенбаевамен бірге рухани байлығымызды арттыру
мақсатында, Қабидолла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап
кітапханасына және Әбіш Кекілбайұлы атындағы мұражайға
бардық. Тағылымы мол өткен күндерден
мағұлмат беретін мәдени орта ол мұражай екендігі анық. Өңіріміздің
тарихи-мәдени мұрасын жинап, сақтап, халыққа насихаттап отырған дәл
осындай шаңырақ бізде де бар.
Топ студенттері болып, ең
алдымен, Қабидолла Сыдиықов атындағы кітапханаға ендік. Онда
кітапхана қызыметкерлерінен туған өлкем Маңғыстауымның өткен
тарихымен және мен білмеген атақты тұлғалары туралы білдім. Өз
шежіремді білсем де, Қабидолла Сыдиықов менімен рулас атам
екендігін біліп, бір таңырқап қалдым. Кітапхана жас маманы Шұғыла
Далабаеа апайымыз жазушы Оралхан Бөкейдің “Жетім бота” шығармасымен
таныстырды. Ол кісі шығарманы оқу барысында кездескен, Ақтауға
қатысты жерлері қызықтырғандығы және қаланың архитектуралық сырлары
суреттелгенді туралы айтып өтті. Онымен қоса, Жалау Мыңбаев,
Әбілқайыр Спан, Жетібай Жылқышыұлы шығармаларымен және Досан
Тәжиев, би Иса Тіленбаев, Алғи Жалмамбетов батырларымыздың
өмірбаянымен таныстық. Кітапхана қызметкерлері Тәттігүл Қуанбаева,
Назым Акенеева, Аманжол Серіков кітапхана ішімен таныстырып, біз
білмеген мағлұматтармен бөлісті. Өлке тарихына орай көптеген
шығармалар, ақын-жазушылардың басқа да еңбектеріне көз жүгірте
өттік. Солардың бірі де бірегейі мыналар: “Жыр-дария”, “Ұлан
даланың ұланғайыр мұрасы”, “Қайрекеңнің қазынасы”, “Мұзтау” және
тағы да басқа туындылар жарық көрген. Кітапхана қызметкерлерінің
арқасында кітапхана ішін аралай отырып, өзімнің ескермей жүрген
шығармашылыққа деген ынтамды қайта жаққандай
болдым.
Кітапханадан шыға сала, топ
студенттері болып Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау обылыстық
әмбебап мұражайға аяқ бастық. Мұражай іші өте керемет, тұнып тұрған
ұлттық құндылық. Әбіш атамыздың өмірбаянымен танысып, тек қазақ
халқы ғана емес, шетелдіктер ол кісіні мойындағандығын көріп,
қуанып қалдық. Жазушының өмірбаянын бізге таныстырған экскурсия
жүргізушілері: Дәуірбек Іңірбай, Мадина Нұрқанова, Зәуре Әбішова,
Ерлан Ырзаболов, Бибізада Жүсіповаға алғысымыз шексіз. Ел сыйлаған,
туған жерін құрмет тұтып, сол үшін аянбай еңбек еткен атақты
тұлғалармен бір жерде туылғаныма қуанамын.
Сонымен қатар, мұражай ішінде
бала Әбіштің бейнесімен, жазушының қонақ бөлмесі мен жұмыс орынын,
керемет жабдықталған, киізбен көмкерілген
ұлтымыздың киіз үйін көрдік.
Бұрынғы әжелеріміз, аналарымыз таққан әшекей бұйымдардың түрлері,
ұлттық аспабымыз домбыраның ескі нұсқаларымен таныстық. Сол күні
алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, мен үшін керемет
күндердің бірі болды. Сол себепті жетекшіме алғысым шексіз, осы
кісінің шәкірті болғаныма қуанамын.
Мұражай ішінен
көрініс
Ақтау қ. Каспий өңірі
“Болашақ” колледжі
НОО-21с/о тобы студенті
Нұрлыбаева Нұрайида