Материалдар / Мақала: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңартылған білім беру бағдарламасы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2021
219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Шымкент қаласы Ш Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта мектеп

Рыскелдиева Айжан Әбуқызы

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы»

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіру биылғы оқу жылында әрбір бастауыш сынып мұғалімінің алға қойған мақсаты болып отыр.

Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан – жақты ізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаз қолында. Заманауи қоғамның зиялы азаматын білім беру сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тәрбиелеу.

Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама екендігіне көз жеткіздім. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, функционалдық сауаттылығын арттыруды талап етеді.

Сол мақсатты жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан обылсы, Өскемен қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы «Жаңартылған білім беру  бағдарламасы» аясында өз білімімізді жетілдіріп жатырмыз. Қазақстан Республикасында білім жүйесіне енген орта білім мазмұнын жаңарту аясында ағымдағы жылдың оқу жылынан енген жаңартылған бағдарламаның  мақсат міндеттерінің  қыр-сырын толық ұғына алмай жүрген бізге және біздің әріптестерімізге 04.06.18 – 29.06.18  жыл мерзімі аралығында 4 апталық курстан өтуіміз  үлкен жетістіктерге жол ашып  отыр. Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,   Қазақстанның ұлттық білім жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесімен мұғалімдерді  қаруландыру. Осы уақытқа дейін бұл мазмұнды толық түсінбеген бізге және біздің әріптестерімізге «ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ және критериалды бағалау, сабақта қолданатын  ресурстар қол жетімсіз»  қиындық  туындатып жүрген кедергілерге жақсы әдістемелік көмек алдық. Енді біздің ойымыз өзгерді. Біз жоғарыда аталған мақсатты жүзеге асыру үшін, толық игеру үшін өз тәжірибемізде бүгіннен бастап қолдануымыз керек. Әр мұғалім осы жаңартылған білім беру аясында жасалынған нормативтік құжаттар мен бағдарламалар және әдістемелік құралдармен  өз сабағына қалай  қолданып  жатқаны жайлы  тәжірибе алмасып жатырмыз. Курс тыңдаушылары арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер, ықшамсабақтар бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнап, ұстаздардың көзқарасы өзгеріп жаңа инновациялық мүмкіндіктерді пайдалануға талпынысы басым болды. «Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, Көрсетсең – есте сақтаймын, Іске кіріссең – үйренем.» - деген екен қытай даналығында.

Қорыта айтқанда, бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын  дамыту. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр. Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер  елімізде көбейе берсін!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!