Материалдар / Мақала. Тақырыбы: "Оқу үрдісінде тұлға қалыптастырудағы үштілділіқтің маңызы ".
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Тақырыбы: "Оқу үрдісінде тұлға қалыптастырудағы үштілділіқтің маңызы ".

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге көмек ретінде берілген. Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беретін мекемелерде оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдірумен қатар, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Ал, оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші оқытушы мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін болашақта маман болуы шарт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2018
205
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу үрдісінде тұлға қалыптастырудағы үштілділіқтің маңызы

Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беретін мекемелерде оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдірумен қатар, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Ал, оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші оқытушы мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін болашақта маман болуы шарт. Бүгінгі технология және жаһандану заманында өскелең ұрпақты көп мәдениеттілікке тәрбиелеу үдерісін іздестіру қарқынды жүргізіліп отырғанын байқауға болады. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және кибер кеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазір көптілді білім беру – оқу орындарындағы оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік . Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген болатын . Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан көптілді білім беру білім ошағындағы көпмәдениеттілік, ақпараттық және коммуникативтікпен қатар қойылып, білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі . Әрине, білім жүйесіне қандай жаңашылдықтар енгізіліп жатса да, Елбасымыз бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан, қазақ тілін тереңдетіп оқыту мен көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі таңдағы білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстанның болашағы – қазақ тілі. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты –сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал, сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде ой қорытып еркін сөйлей алатын, туған халқына өнеге бола білетін ұрпақ.

Қазіргі таңда дүние жүзінің барлық халықтары мен мәдениеті бір-бірімен жақындасып, өзара толыққанды қарым-қатынас жасасуды қалайды. Ал Қазақстанда мұндай рөлді орыс тілі атқарады. Орыс тілі дүниежүзілік бірлестіктегі Қазақстанды позитивті қабылдауды қалыптастырудың басты факторларының бірі ретінде біздің Республикамыздың халықтарының арасындағы ұлтаралық қарым-қатынас жасау құралы және халықаралық ұйымдардағы қарым-қатынас құралы болып келе жатыр. Орыс тілі – БҰҰ- ның ресми тілдерінің бірі болып табылады.

Шетел тілдерінің мәдениетін тарту, оның өзіндік ерекшелігін ұғыну, рухани құндылықтардың жалпы қорына оның мәдени үлесін түсіну, қазіргі таңда рухани-өнегелі тәрбие берудің маңызды мәселесі болып табылады . «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дей келе, алдымен мемлекеттік тілді, кейін басқа тілдерді үйрету арқылы тұлғаның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызуымыз керек. Ана тілінен басқа шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне жол ашады. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту енгізілді. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Ол адамның интеллектуалдық, тәрбиелік және рухани әлеуетін жақсартады. Соған орай, көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылатыны жайлы мәселелер іске асуда. Көп тілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, өзге жұртпен бәсекеде өзін ұстай білсе, түрлі мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалай да мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!