Материалдар / Мақала."Атам туралы естелік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала."Атам туралы естелік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала өзімнің атам туралы естелік ретінде жазылды.Өмірден қыршын болып сұрапыл соғысқа кетіп,ондағы көрген қиындықтары мен қалған ұрпақтарының сағына еске алғандығы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2018
1120
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмайды

Иә, «соғыс»деген денені түршіктірер,жас пен кәріні елеңдетер ауыр сөз.Бұл туралы талай естеліктер,талай әңгімелер айтылып та,жазылып та жүр.Дегенмен де өскелең ұрпақтың алдында тарихты тану,сұрапыл соғыстың ғасырға татитын ауыр күндерін оқып-білу парызы тұр.

Сол парыздың бірі-менің алдымда тұрғандай сезінемін.Сонау соғыс өрті лаулап тұрған 1942 жылы Құлмедетов Сахи атамыз Отанды қорғау үшін шақырылған болатын.Артында әйелі мен жалғыз тұяқ,әлі әке жүзін дұрыс танып та үлгірмеген ұлы қалды.Сұм соғыс кімді аяған?Сол кеткеннен атамыз ешбір дерек,еш хабар жоқ,белгісіз солдаттар қатарына енді.Өсе келе біз,яғни немерелері Сахи атамызды іздеп,аудандық әскери комисариатқа хат та жібердік,хабарластық та,бірақ бәрі нәтижесіз болды.

Артында қалған аяулы жары,марқұм Медетбайқызы Ұлмекен, жалғызын арқалаумен,елеңдеп,бар ғұмырын күтумен өткізген,жарын бір көрмей-ақ , о дүниеге аттанды.Өзіне медет тұтар бір-ақ нәрсе бар-ол атамыздың үшбу хаты.1942 жылдың күзінде келген хатында атамыз: «Күн суық.Тоңып жүрмін.Жылы киімдерімді салып жібер.Қарнымыз да аш.Картоп қабығын теріп,жеп жүрміз...» деген жан ауыртарлық сөздері ғана қалыпты есімізде.Бұны ,әрине әжемізден бала күнімізде естіп,еміс-еміс есімізде сақталыпты.Балалық қой,ол кезде бұл сөздерге мән бермейтін едік.Қазір өсе келе, осы балалықпен жасаған қателігімізге өкінеміз.

Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе?Әжеміз атамыздан қалған жалғыз тұяғын анда сүйреп,мұнда арқалап,колхоз жұмысына белсене кірісіп,уақыттың ауыртпалығы мен тағдырдың тауқыметін тарта жүріп, әкеміз Сахиұлы Садуақасты жеткізді.Алайда атамыздың аманатындай болған жалғызының ғұмыры қысқа болды.Ержетіп,балалы-шағалы болған әкеміз кезекті іссапардан оралмады.Небәрі 31 жасында Обаға қарсы күресу стансасында жүргізуші болып еңбек етіп жүргенде,әкеміз жұмыс барысында,қыстыгүні көлігімен мұз үстінен өтпек болғанда,мұз ойылып,ажал құшты. Адамдардың сабылып іздеуімен,техниканың күштілігімен жеті күн дегенде, мұз астынан алып шығады.Серейген өлікті үйге әкеліп,аңыраған анасына,алты бала мен жетінші перзенті құрсағындағы жарына естірту- сол сабылған адамдардың барлығының да қабырғасын қайыстырар ауыр күн еді.Бұл қайғылы оқиғаны анамыз,қазір зейнеткер Құрмантаева Күнжан көзіне жас, көкірегіне мұң тола бізге әлі күнге дейін айтып отырады.Барлық қайғылы да,ауыр күндер артта қалып,қазір Құдайға шүкір,сол жалғыз тұяқтан екі ұл,бес қыз тәрбиелеп,ұлын ұяға,қызын қияға қондырып,немере,шөбере сүйіп отыр.Тек анамыздың арманы: «Атамыз туралы дерек шықса,өзім іздеп барып,бір уыс топырағын туған жеріне,енемнің қасына әкеліп көмсем,енемнің аманаты мен арманын орындар едім.Атамызға құран бағыштап, немерелері бір уыс топырақ тастап тұратын жері болар еді.Ал,қазір қай жерге барарымызды да білмейміз»,-дейді. Осы уақытқа дейін тек атын атап құран бағыштап қана келеміз.Бұл бізге, әжеміздің аманаты орындалмай қалғандай көрінеді.

Жақында жеңіс күні тағы да тойланбақшы.Талай ардагерлердің ордендері мен медальдарын кеуделеріне жарқыратып келе жатқандарын көргенде,атамның суреттегі бейнесі еріксіз есіме түседі.Менің де атам осы ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқаны даусыз еді.

«Ешкім де,ештеңе де ұмтылмайды»дегендей,Құлмедетов Сахи атамыз да ұмытылмаса екен деймін.

Немересі Құрмантаева Лиза Садуақасқызы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!