Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұғалімнің жаңашыл инновациялық әдісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалімнің жаңашыл инновациялық әдісі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған ұлттық іс-қимылдар жоспарының орындалу барысын талқылау барасында «Ұлттық іс-қимыл жоспары тек нақты мақсатты – алған білімді іс жүзінде қолдануды айқындап қана қоймайды, сонымен қатар орта білім парадигмасын түбірімен ауыстырудың да негізі болады. Бұл дәстүрлі мектептен тиімді мектепке, одан әрі ең заманауи – баланың жеке адам ретіндегі рөліне негізделген және бүгінде алдыңғы қатарлы әлемдік тренд болып табылатын феноменалды моделіне көшу», - деп атап көрсетті.
Қазіргі кезде заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды мультимедия, интернет жүйесі арқылы пайдалану ерекше дамыған. Инновациялық әдістерді енгізуде электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Инновациялық технологияларды қолдану оқушыға оқыту үдерісінде пайдасын тигізеді. Цицерон айтқандай, «тыңдаушының көзі естушінің көзінен де жайнай түседі» демекші, инновациялық технологиялардың сабақ барысында беретін әсері мол [1].
Инновациялық оқытудың өзектілігі мыналардан тұрады:
-
Білім беру жүйесінде авторитарлық стильді формализм деп қарау;
-
Білім берудің ізгіліктік тұжырымдамамен сай іздеу;
-
Оқытуда негізгі бағыттарды пайдалану;
-
Оқушының әлеуметтік шығармашылығын ашуды іздеу.
Инновациялық оқытудың негізгі мақсаттары мыналар:
-
Оқушылардың интеллектуалды, коммуникативті, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
Оқушылардың жекебасты сапасын қалыптастыру;
-
Әртүрлі ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Инновациялық оқу әдістерін қолданудың нәтижесі мен тиімділігі көптеген параметрлер арқылы айқындалады.
Біріншіден, ол оқу үрдісінің барлық жағын қамтуға тиісті, онсыз жүйелі түрдегі заманауи оқыту қалыптаспайды.
Екіншіден, оның тиімділігі оқушының жеке тұлғалық жетілуімен тығыз байланысты, себебі, қазіргі жаһандану кезінде болашақ маман әртүрлі өзгерістер мен жаңалықтарды игеруге, пайдалануға дайын болуы керек.
Бұл тұрғыдан инновациялық білім беру жүйесі болашақ маманның жасампаздық қабілетін қалыптас тырға да үлкен ықпал етеді. Инновациялық білім беру оқытушы құрамының жұмысына да өзіндік ықпал жасайды, олардың жұмысы шығармашылық сипат алады, оқу үдерісінің сапасы артады және оқытушы мен оқушы қатынасы өзара жаңа тиімді сатыға көтеріледі.
Жүйелі түрдегі толыққанды инновациялық үрдістің қалыптасуы мен дамуы барлық элементтердің біртұтас жүйеге айналуымен тығыз байланысты. Жалпы инновация дегеніміз – белгілі бір көзқарастан басталып, өзгерістерге әкелетін үрдіс. Оның негізгі нәтижесі қолданушылардың немесе тұтынушылардың оны қабылдауы болмаса терістеуі арқылы анықталады. Ақпаратты ауызша және жазбаша сөйлеу тілі арқылы жеткізудің жетілуі, сонымен бірге абстрактілік ойлаудың дамуы, көрнекі оқыту әдісінің кең тарауына ықпал етті.
Инновацияның қалыптасуының өзі бірнеше факторлар мен өзгерістерге негізделіп отырады. Оның басты көрсетілімі тың білім беру нәтижесінің пайда болуы, оған мүмкіндік беретін педагогикалық және әдістемелік жүйенің бағыттарға ұшырауы, педагогикалық ұжым мен оның басшылығының жаңа өзгерістерге, ұмтылысқа деген ынтасы, ұжым алдына жаңа мақсаттар мен міндеттердің қойылуы, т.б. Осы жерде айта кету керек, өзгерістер білім беру жүйесін толықтай болмаса оның кейбір элементтерін қамтуы да мүмкін, оның бәрі оқушыларға білім берудегі алға қойылған жеке-жеке мақсаттарымен байланысты. Өз кезегінде бұл аталған оқу мен оқытудың түрлері басқару жүйелерінің барлық дерлік түрлеріне ықпал етеді [2].
Енді инновация қандай өзгерістерге әкеледі деген сауалға жауап іздесек, оқу үрдісі мтиімділігінің артуы, жіберілген қаржы мен күш-жігердің ақталуы, қоғамның қазіргі сұраныстарын қанағаттандыратын кәсіби білім беру оның нақты дәлелі болап табылып отыр.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, "МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Ұстаздық тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс –тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім. Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Сондықтанда жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник, интернет арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады [3].
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —>өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген. Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады:
І-бөлім. Кәсіби шеберлік
ІІ – бөлім. Біліктілік дағдылары
ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты: оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады.
Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі". Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады: ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді; ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз; ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау) [4].
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)
Осы тақырып бойынша жұмыс жоспары құрылып, жоспарланған іс-шаралар уақытылы ұйымдастырылып отырды, яғни сыныптан тыс, интеллектуалдық іс-шаралар. Өзіндік білімімді көтеру үшін тақырыбым бойынша әдістемелік әдебиетерді үздіксіз оқып үйреніп, жаңа технологиялармен танысып отырамын, танысқан жаңашылдықтарды жұмыс барысында, оқу үрдісінде қолдану үстіндемін. Теориялық білімді жетілдіру үшін үнемі педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды оқып, жаңа технологиялармен танысып отырамын. Әр пәнге байланысты дидактикалық материалдар жинақталды. Мысалы: карташалар, кестелер, суреттер т.б. Осы орайда сабағымда қолданып жүрген коммуникативтік құзіреттілікке құрылған тапсырмалардың мынадай үлгілерін қолданамын: Мектепшілік ұйымдастырылатын әдістемелік семинарлардан жеке тұлғаға бағытталған технологиялармен танысып, өзіме қажет білімдерді аламын:
- сабақ түрлері, типтері, оқушының іс- әрекет түрлері;
- күнтізбелік жоспарда, күнделікті сабақ жоспарларын жасап, үйрендім;
- класс жетекшілік міндеттерін атқара алу;
- талдау жолдарын білу;
- әріптестердің сабағына қатысу;
- сабақ кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру;
- 12 жылдық оқуға көшуге дайындық, бағдарламамен танысу;
- Мектеп құжаттарын дұрыс безендіру;
- Сабаққа мақсат қою, сабақтың мазмұнын іріктеу;
Өзара білім алмасу мақсатында мектептегі мұғалімдердің сабақтарына қатысып отырдым. Оқушылардың ақыл- ойын, танымдық белсенділігін арттыру үшін,сабақтан тыс іс- шаралар, интеллектуалдық ойындар өткізіледі. Сонымен бірге пәндер бойынша: ана тілі, тарихтан дидактикалық материалдар дайындап толықтырып отырдым. Білім жетілдіру тақырыбы бойынша тарих пәнінен жоғарғы сыныптарға арналған негізгі құзіреттіліктерге бағытталған тапсырмалар жинағын құрастырдым. Тақырып бойынша алға қойылған міндеттер әрі қарай толықтырылып жинақталады. Қорыта келсек, инновациялық әдістерді кеңінен қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жаңа форматтағы білім алушылар пайда болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Д.Рахымбек. Математиканы оқыту әдістемесі. Шымкент, 2010. – Б.25-26.
2 Ә.Бүркіт. Математиканы оқытуда көрнекілік принципті қолдану әдістемесі. Шымкент,
2012. – Б.14-15.
3 Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 2010. – Б.47-48.
4 М.Л.Туғанбаев, Ә.Бүркіт. Оқу үдерісінде көрнекілік принципті жүзеге асыру
әдістемесі. Шымкент, 2013. – Б.85-86.