Оқу үрдісін зерттей отыра білім сапасын арттыру үшін мектепішілік бақылауды ұйымдастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу үрдісін зерттей отыра білім сапасын арттыру үшін мектепішілік бақылауды ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруды зерделеу және жүзеге асыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы


Аққулы ауданы, Малыбай жалпы орта білім беру мектебі КММ





Набиуллина Зульфия Минигараевна




Тақырыбы:




Оқу үрдісін зерттей отыра білім сапасын арттыру үшін мектепішілік бақылауды ұйымдастыру




Бағыты: «Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруды зерделеу және жүзеге асыру »















2021 жыл

Білім беру үрдісі үздіксіз дамып, заман ағымына орай түрлене түсуде. Білікті ұрпақ қалыптастыру ұстаздардың басты талабы. Осы ретте мұғалімдердің жұмысын жүйелендіру, білім сапасын арттыру күнтізбедегі басты мәселелердің бірі ретінде қаралуда. Өз кезегінде оқу ісі жөніндегі орынбасар ретінде, бұл жұмыстың қаншалықты маңызды екендігін жақсы түсінемін. Себебі, «Мектептің жүрегі - мұғалім» болғандықтан, өскелең ұрпақ өзінің ұстазына еліктеп өседі. Жастайынан дұрыс бағытта берілген білімнен, оң нәтиже шығары анық. Сол себепті мен, өз қызметімнің қаншалықты маңызды екендігін жақсы түсінемін. Соған сәйкес, ең бастысы мектеп қабырғасындағы сапалы білім беру тәсілін зерделеп, тәрбие, шаруашылық қызметін ұйымдастыру брасында үнемі жіті бақылауға алуға тырысамын. Жалпы, педагогикалық ұжымды басқара отыра, кадрлар таңдау, жұмысқа қабылдау мен одан әрі жүйелі жұмыс жасауға өз септігімді тигізіп отыруға тырысамын.

Педагогтардың білім сапасын арттыру үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін жақсы білемін, сол үшін қосымша зерттеушілікпен айналысуға жағдай жасап, ұстаздардың біліктілігін ұштау қажет деп есептеймін. Мамандарды тәжірибелі жұмыс жасауға жұмылдырып, арнайы технологиялар негізінде, үнемі бақылауға алуға тырысамын.

Инновациялық ақпараттарды жинақтап, сонымен қатар оның жүзеге асырылуын қадағалау да менің мойынымда. Мектеп үшін тиімді болып табылатын, ұстаздардың жұмысына тың серпін беретін, білім сапасын арттыратын заманауи білімнің біздің қоғамда алатын орыны зор екендігін осы ретте айтып өткім келеді.

Мамандардың жұмыс қорытындысын зерделей келе, үздік жұмыстарды айту міндет. Себебі, бұл мұғалімдер арасында бәсекелестікті арттырып, сапалы жұмыс жүргізу жағдайын арттырады. Яғни, ұстаздарды марапаттау, олардың еңбегін елеу, өзгелерге үлгі ету арқылы, озық тәжірибені алға тартып, ұстаздарды ынталандыруға болады.

Айта кетейік, білім сапасын арттыру үшін, ең алдымен пән мұғалімінің өз сабағын жүйелі, үздік өткізу қажеттігі алдыңғы қатарларда тұр. Сондықтан, ұстаздардың білім беру әдіс-тәсілдерін бақылау барысында мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс іс-шараларына қатысып, талдау жүргіземін. Бақылау тек пән мұғаліміне ғана бағытталмаған, сонымен қатар, оқушылардың білім сапасы, олардың тәрбиелену жағдайы, даму сатысын да қамтиды.

Оқушылардың біліктілігін ғана есепқа алып қана қоймай, асхана жұмысы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі де тікелей менің мойынымда. Яғни, тегін тамақтанатын оқушылар тізімін қадағалап, олардың жағдайына да мән беру үнемі назардан тыс қалмайды.

Бұл ретте санитарлық талаптардың сақталуы да маңызға ие. Сол себепті, қауіпсіздікті қадағалауға да тиіспіз. Балалар мен оқытушылардың денсаулығы қоғам үшін өте маңызды. Сондықтан, тиісті Заң жүзінде бекітілген нормалар негізінде жұмыстардың жүргізілуін де өз басшылығыма алғанмын.

Жалпы, мектептегі іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуі де менің құзырымда. Мектеп құжаттамасы, есептер, жоспар барлығы тиісті деңгейде, дер кезінде, қатесіз жүргізілуі қажет деп есептеймін. Ол үшін өз шеберлігімді жұмылдырып, талай жылдық тәжірибеге сүйене отыра, қағаздардың дұрыс рәсімделуі, тиісті мерзім аралығында тапсырылуын қадағалаймын. Сапалы білімге қол жеткізу үшін, ең алдымен ұстаздардың өз міндеттерін айқын болуына ықпал ету қажет. Өздерінің бағыттарын айна қатесіз білетін жаннан, үздік маман шығатыны сөзсіз.

Барлық істі бақылауға ала отыра, ұжымда тұрақтылық пен татулықтың ізгілік орнауын да назардан тыс қалдырмаған абзал. Яғни, тек бірлік негізінде, ынтымақтаса отыра, сапалы білімге қол жеткізуге болады. Бұл ұстаздар арасындағы қарым-қатынас, оқушылардың өз-өзін ұстауы, біліктіліктің артуына өз септігін тигізеді.

Оқу үрдісін бақылай отыра, білім сапасын арттыру барысында мектептің өзге ұйымдар мен мекемелердің тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету қажет. Яғни, тәжірибе алмасу арқылы, қажет ақпаратты толықтырып, білмеген тұстарды дамытып, зерттеу жұмысы болсын, оқу үрдісі болсын, іс-шара негізінде де үнемі байланыс орнатып отырған артық етпейді.

Сапаны арттыру үшін, қоғамдық және мектепішілік іс-шараларды қолға алып, жиі ұйымдастырып, отырған дұрыс. Бұл дәстүрлі сабақтағы білімді тереңдетіп, баланың білмейтін тұстарын толықтырады. Сонымен қатар, мұғалімдердің де тың ойларын жүзеге асыруға ықпал етіп, бойларында жасырын қалған таланттарын ашуға мүмкіндік бермек.

Жалпы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктелетін міндеттің жүгі ауыр. Жоғарыда аталған жағдайлардың бәрі, ең алдымен сапалы білімді қалыптастырудың алғышарттары. Яғни, ұстаздарға тән қасиет, оқушыларға жүктелетін талап, барлығы тиісті талаптарға сай жүргізілуі тиіс.

Мен өз саламды мақтан тұтамын. Басқару принциптері басты міндеттерімнің бірі болғанымен, ең алдымен мектеп қабырғасындағы кез-келген жанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысып, сыйласымдылықты алғашқы орындарға қоямын. Ізеттілік орнаған жерде, өз ісіне деген құлшыныс та көрініс табатыны анық. Сол себепті, сапалы білімге қол жеткізу барысында ұжым болып, ортақ жұмыс негізінде қол жеткізе алмақпыз. Оған қоса, мектептегі әр тұлғаның қызметіне бақылау жасау, жұмыстардың жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету өте қажет деп есептеймін. Б.Момышұлының өзі «Тәртіпке бағынған құл болмайды»деп атап кеткен болатын. Олай болса, басқарудың біраз қиыншылықтары болғанымен, оның сапалы білімге қол жеткізуге кепілдік беретінін алға тарта отыра, дұрыс шешім деп білемін. Сапалы білімге ұмтылатын білім ордалары мен көзі ашық, көкірегі ояу, саналы ұрпақ қатары көп болсын!

2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі