Материалдар / «Оқушылар мен мұғалімніңөзаратиімдііс-әрекеттері»тренигі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқушылар мен мұғалімніңөзаратиімдііс-әрекеттері»тренигі

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне қажет. Оқушылармен тиімді жұмыс жасау үшін нақты қарым-қатынастарды анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқушылар мен мұғалімнің өзара тиімді іс-әрекеттері» тренигі

Мақсаты: оқушылармен тиімді жұмыс жасау үшін нақты қарым-қатынастарды анықтау.

Міндеттері: оқушылармен миға шабуыл, әр түрлі жаттығулар,іс-әрекеттермен позитивті ойлауды дамыту,партисипаторлық әдістерді қолдану.

Ресурстар: фломастер,флипчарт,А-4 қағазы,скотч.желім

Глоссарий

Модератор – дискуссияны жүргізуші

Партисипаторлық оқыту әдісі- қатысушылардың белсенділігін арттыру әдісі

Флипчарт- кері байланыс жүргізу жұмысына пайдаланатын плакат.

І.Ұйымдастыру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалімдерге А-4 парағы таратылады.

Танысу.

Олар өз есімдерін жазады да,өздерінің айналысатын сүйікті ісін сурет арқылы бейнелейді.

Шарты: Мұғалімдер шеңбер ішінде бір-біріне қарама-қарсы қарап,өздерінің сүйікті ісі туралы әңгімелейді.

Топ құру. «Астана-Балқаш»бағыты бойынша поезддың аттанатыны және отырғызу басталатыны туралы хабарлайды.( 3 түрлі-түсті стикерлерге билет нөмірлері жазылады).Билеттер сатып алу туралы топқа бөлу.Сол түстерге байланысты мінездеме де беруге болады.

Тренингтің тақырыбы.мақсаты,міндеттері айтылады.

Жұмыс ережелері.

1.Уақытты бағалау

2.Өз ойыңды дәлелді түрде жеткізу.

3.Идеяларды талқыламау

4.Жағымды эмоция туғыза білу

5.Тыңдай және ести білу

Энерджайзер.
Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін.
Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің ата-ана немесес күндеріңіз ұлыңыз немесе қыздарыңыздың есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)

-Осы жаттығу не үшін жүргізілді деп ойлайсыздар?
Қорытынды. Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар!

Қатысушылар шапалақ соғу арқылы бір-біріне алғыс білдіреді.

«Кілем салу»жаттығуы.

Қатысушы мұғалімдерге бір-бірден үш флипчарт беріледі.Олар кілемге қазақтың ою-өректерін салу қажет.Әдемі көріну үшін түрлі-түсті бояулармен бояйды.

Міндетті шарт: әр қатысушы мұғалім фломастерді кем дегенде, бір рет болса да қолына алып,кілемге өз қолтаңбасын қалдыруы тиіс! Қажет болған кезде модераторға сұрақ қоюға болады.

«Кілем салу»критерийлері: «5» балмен бағаланады.

Критерий:

1-топ

2-топ

3-топ

Жалпы топ ұпайы

1.Шығармашылығы


5

4

5

14

2. Ұқыптылығы

4

5

5


14

3.Команда жұмысы


5

5

5

15

4.Уақыты


4

5

5

14

5.Тұсаукесері/дайын болуы/

5

5

5

15

Жалпы:

23

24

25

72



Кілемді салуға 10 минут беріледі.Тұсаукесерге,қорғауға 3 минут уақыт беріледі.Уақыт аяқталғаны туралы жүргізуші белгі беріп,қатысушы топтарға дайындығы туралы ишара жасайды. «5»балдық жүйемен бағаланады. «Кілемдер» көрнекті жерге ілінеді. Әр топ бір-біріне баға береді. Жүргізуші қорытынды шығарылып,бағаланып ілінген кілемдерге аудиторияның назарын аударып,сұрақтар қояды:

-Кілем біркелкі шықты ма?Содан соң флипчарттағы таблицаға тағы бір баған қосып, «Жалпы баға»деген атау беріледі.Топ ұпайы анықталып,орын беріледі.

Жүргізуші:

1.Кілем шықты ма?

2.Неге шықпады?

3.Бұл жаттығу не үшін жүргізілді деп ойлайсың?

4.Неге сәйкестік орнамады?

Нәтижесі:

1.Ортақ кілем жасау туралы ешкім ойламады,әр топ өз бетімен әрекет жасады.Жалпы нәтижені ешкім ойламады.

2.Ұжымның жалпы жұмысын бағалау керек.

3.Топтар арасында басқалармен қарым-қатынас болмады.(басқалардың не істеп жатқанын сұрау қажеттілігі туындамады).

4. И.В.Крыловтың «Аққу,шаян һәм шортан»мысалындай бірлік болмады.

Осы арада,бүгініг жұмысымызға орай қазақтың қандай мақал-мәтелін қолдануға болады? ( «Бірігіп пішкен тон келте болмас»мәтелі)

«Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.

Мақсаты: педагог-тәрбиешілер  жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.

Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.

Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина.

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын адам.

Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.

Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.


Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

  • Алдымен біз былай деп ойладық.....

  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

  • Проблеманы шешу үшін......жасадық.

  • Бұдан біз..................көрдік.

  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................

Сонымен біз.................деген шешімге келдік.



Алматы облысы ,Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі.«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекттік мекемесі.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,тренер Нургалиева Карлыгаш Макенгалиевна.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!