Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту
Ұлттық
жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін
төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық,
оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл
кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің
негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың
мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып
дайындалған.
Аталған Ұлттық
жоспардың мақсаты - Қазақстан
Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер
қойылды:
Мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және
халықаралық практикасын зерделеу.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін
анықтау.
Білім
мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен
бағдарламалар.
Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз
етуді әзірлеу.
Мектеп
оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін
дамыту.
Мектептің және қосымша білім беру жүйесі
ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайту.
Ұлттық жоспарда функционалдық
сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп
көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат,
міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері
(механизмдері) нақтыланып, мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру
жүйесінде басшылыққа алынады. Олар:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу
бағдарламалары);
• оқыту
нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
диагностикалау мен бағалау жүйесі;
•мектептен тыс, қосымша білім беру
бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік
нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі
дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке
негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының
болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу
процесіндегі белсенді рөлі.
Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын
дамыту жалпы білім беретін орта
мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім
білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді
және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі
құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар: басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін
көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша,
жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген
ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлға
ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру,
болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен
күрделілігіне төзімді болу); азаматтық (қазақ халқының
салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп,
Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын
түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай
ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру
технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған
негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр
пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық
мәселесіне ерекше тоқталған
болатын.
Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен
түспеген, өзекті мәселелердің бастысы екендігі алаш
арыстарының ой-пікірлерінен анық аңғарылады. Атап айтар
болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптары кеңседе отырып
одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес,
мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне
сүйеніп жазылу керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі
мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады. Кітап жазушылар
ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі,
сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің
мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей кітап шығуы қиын».
«...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес. Пән сөзін
пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән сөздерін
кеңседе шешкізіп, жасамайды. Кітап жазушы өзі табады. Бір ғалымның
шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол
сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана
шығармаса, бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге
жетік адамдар білім кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп
еңбекпен тапса, кеңес сөзге көп ойланып отыра алмайды. Білім
кеңестерінің жиналысында болғанымыз бар, онда сөздер жете
тексерілмей, үстірт қаралатындығы, көп
отырса жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатындығы
байқалады», – деп оқулық жазудың үстірт қарайтын, жеңіл дүние
еместігіне баса назар аударады. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы
алаш ойшылдарының пікірімен үндесіп
жатыр.
Яғни, жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай ,
оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны,
құрылымы функциональдық сауаттылықтың
құзыреттіліктеріне сай жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа
мазмұнда жазу барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмауға
тиіс. Себебі кез келген оқулықтың негізін қалаған сол алғашқы
авторлар. Олардың атын оқулықта сақтап қалу біздің
азаматтық борышымыз болуымен қатар, болашақ ұрпаққа берер
тәлім-тәрбие болмақ. Яғни, қазақ халқы менталитетіндегі үлкенге
құрмет, кішіге ізет ұстанымы
болмақ.
Жалпыға білім беретін орта мектеп стандарты
негізінде жазылатын мектептердегі оқулық жоғарыдағы айтылған
құзыреттіліктерді басшылыққа ала отырып дайындалуы
тиіс.
Балаларға
туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп,
хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда
кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи
ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін,
жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс
қыламыз»,–деп бүгінгі заманауи білім беру талабына
сай функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы
терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды
тұжырым айтқан. Егерде біз қосымша білім беру және мектептен тыс
сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар
түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функциональдық
сауаттылықтың төртінші механизімі өз дәрежесінде
жүзеге асады.
Қорыта келе,
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың
дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық
сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс
қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да
функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш
арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі
бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық
көзқарастары үнемі басшылыққа алуынуы
қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Н.А.Назарбаев.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты.
// Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012
ж.
2. Мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл
жоспары.
3. Ж.Аймауытов. Бес
томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж – 437
бет.
4. Ж.Аймауытов. Бес
томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж – 301
бет.