Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін
сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер көптеп саналады. Солардың қатарына бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып , қабілеттерін дамытып, шығармашылығын танымдық белсенділігін, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісінде, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудың озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады.
Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте ізетті,ибалы,адамгершілігі мол білімді адамды қажет етеді.
Өз бетінше үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, ерік-жігер мен ақыл ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді.
Сондықтан оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ынптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
-
сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы олардың тиімділігі талаптары сақтауға байланысты;
-
сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістерін таңдау;
-
сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздысы өмірмен практикамен байланыстылығында;
-
сыныптан тыс жұмыстың жүйелі өткізілуінде;
-
сыныптан тыс жұмыстың күндері және сағаттары көрсетіліуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
-
оқушылар үшін қызықты емес нәрседен алшақтату;
-
оқушының қолынын келетін іспен қаматамасыз ету;
-
қарапайым қол жұмысымен айналысуға мүмкіндік жасау;
-
оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету.
Сыныптакн тыс жұмыстарды ұйымдастырушы сынып жетекшісі болып табылады.
Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыруда халық педагогикасының, салт дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор.
Қазақ халқының өнегелі дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиеті бар ұрпақ тәрбиелеу жайлы жиырмасыншы жылдары ең алғаш сөз қозғаған М.Жұмабаев болды. Мағжан бала тәрбиесінде “Әр тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт тәрбиесі.
Әрбір ұлттың арасында, өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті”-деп, көрегендік тұжырым жасаған.
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеу жағдайында оқушыларды өз халқының рухани қазынасы мен тереңірек таныстыру қажеттілігі тууда.
Себебі, өз халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріндегі салт - дәстүрлерін білмейтін оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптасытыру мүмкін емес.
Халықтың сан ғасырлар бойын жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана, өз күшіне ие бола алады.
Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр адамның ең алдымен өз халқының перзенті екендігін; екіншіден, өз халықының болашағы сол жекеленген адамдарға байланысты екендігін сезінуінде. Сондықтан да әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата – баба тәрбиесін яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны абзал.
«Халықтық педагогика дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени ойлау процесінің озық үлгілерінің жиынтығы».
Халықтық тәрбие тәжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған.
Оқушының жеке басын қалыптастыруда басқа тәрбиелерге қарағанда адамгершілік тәрбиесінің алатын орын ерекше.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесінің бір бөлігі тіршілік атаулыны сүйе білуге бағытталған. Оқушылардың жолдасыңа көмектес, бір нәрсе істей білсең оны жолдасыңа да үйрет, егер жолдасың қиналса, көмектес. Өз затыңды, ойыншықтарыңды жолдастарыңмен бөліс. Жолдасыңа жамандық істеме, бір – біріңе тек шындықты айту керек, жолдасыңмен тату бол деп үйрету арқылы ізгілікті адамгершілік тәрбиесіне баули білу керек. Сыйластық жөнінде де: сыпайы бол, жолдасыңның саған жасаған қамқорлығы үшін рахмет айт.
Үлкендерге жол бер, қайда барсаң да кешігуші болма, әрқашан айтылған уақытыңда кел. Үйден шыққанда қайда кететініңді ата-анаңа айтып кет және т.б. тәрбие жөніндегі адамгершілік белгісі ретінде көптеген мысалдармен естеріне салып отыру қажет.
Осындай тәлім-тәрбиелік ой салар мазмұнды жұмыстарды мұғалім мен ата-ана жұмыла қолға алғанда, тәрбие негізі берік болмақ.
Мектепте білім мен тәрбие алу барысында жас ұрпақтардың ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, еңбекке тәрбиелеу арқылы рухани өмір байлығы арта түседі.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылады. Мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде өмірдегі кесір- қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барыснда қалыптасады.
Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамгершілік белгілері жоғары бағаланады. Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам «адамгершіліктен» шыққан болып есептелінеді.
Егер біз жетілген тұлға болғымыз келсе, онда өзіміз бен өзгені құрметтеу үшін, біздің адамгершілік деңгейіміз барлық уақытта жоғары болуы тиіс.
Жас адамның алдындағы басты мақсат өзін - өзі түсініп, өмірде басшылыққа алатын адамгерішілік қағидаларын сақтай білу.
Адамгершілік- тәрбиенің ең бағалы қасиеттерінің бірі. Бала тәрбиесі- аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
Қазақ этнопедагогикасының бір саласы - қазақ халқының салт- дәстүрлері болып табылады. Халықтың салт-дәстүрлері, рәсімдері мен жөн жоралғылары, ырымдар мен тиымдары, түрлі сенімдер т.б. арқылы өмірде қолданыс тауып, тозығы жеткен кейбір салт-дәстүрлер күнделікті өмірден қалып, дамып, толысып, жаңарып отырады.
Дәстүр – халықтың кәсібімен, салт-ғұрпымен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет сапаларымен сабақтасып, тарихи кезең ерекшелігіне, қоғамның даму сатыларына қарай жетіліп ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра болып саналады.
Халық дәстүрінің танымдық тәрбиелік мәні – адам өмірінің ізгілікті-адамгершілік қуаты болып табылады.
Қазақ халқының дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар.
Дәстүр қоғамдық саланың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арысындағы ынтымақтастықта, теңдікте, бостандықта, азаттықта, туысқандықта өзара көмек ретіндегі еңбектік дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу - білім ғылымындағы дәстүрде, отбасылық дәстүрінде орын алады.
Ұлттық рухымыздағы дәстүр бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ең қажетті ұлттық тәрбиенің күре тамыры десек те болады.
Аталып өтілген халқымыздың салт–дәстүрлерімен әдет-ғұрыптарындағы тәрбиелік мән мағынасы мол сөздердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде тиімді қолдана білгенде ғана, өз мағанасын жоймайды деп ұғынамыз.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы әдет-ғұрып, оның өмір заңдылығына айналуы салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр қолданылмалы іс-әрекет. Өмірдің өркениетті дамуында, дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады.
"Ел болу үшін, бесігіңді түзе " (М.Әуезов) деген сөздің мән – мағынасына ой салсақ, ол – тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан - жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз.
Үлкенді силау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Кісілік - өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез – құлқының жақсылық көрінісі деп білеміз.
Халық:
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар деп, кісілік дәрежеге жеткен адамның үлгі -өнегесін жоғары бағалайды.
Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әр бір жастың парызы болып табылады.
Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру, оны төрге шығарып құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау адамгершіліктіктің қасиетті борышы ретінде қалыптасқан дәстүрлер. Кісі өзін өзгеге сыйлата білу үшін, өзінің кісілік дәрежесін биікке көтеріп, адамгерішілік қасиеттерін өнеге түрде көрсете білуі тиіс. Кісі болудың алғы шарты- кішіпейілділік деп ұғынған дұрыс.
Ар - жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі. Халық: «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы»,- деп арды жаннан да қымбат адамгершілік қасиет деп есептейді.
Ұят- адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың белгісі. Халық ұяла біл, бірақ ынжық болма деп үйретеді, ал ұятсыздық - ел ұғымында адамгершілік қалыпты бұзу деп есептеледі.
Адамгершіліктің тағы бір белгісі - әдеп сақтау. Әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің айғағы.
Рухани адамгершілік қасиет оқушының қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетіне оң көзқарас қалыптасыру керек.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқанын көмегінсіз орындауымен, шектелмейді, ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әркетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болуда гумандық қасиеттің үлгілері керек.
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Тәуелсіз елеміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.
Бала - балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы.
Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару -оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.
Тіл - ақиқатты танытудың басты құралы. Филиософиялық және психололгиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.
Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсінісуі және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан бастауыш мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті. Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.
Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат түлуы тиіс. Сондықтан тіл сабығы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.
Бастауыш сыныпа ана тілін оқытудағы негізгі мақсат - оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, олардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптсатыру рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу болып табылады.
Ол үшін оқушыс айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс сонда ғана оқушылардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болады. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс.Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді.
Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. Өйткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады.
Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән.
Сондықтан да қазіргі кезде мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде сыныптан тыс жұмыстар арқылы рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тәрбиелік мәні зор.
Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибе барысында ана тілінде оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аудардық. Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы іспетті екені белгілі.
Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі пәні арқылы оқушылардың рухани адамгершілік қалыптастыруда мынандай міндеттер жүктеледі:
-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіруде рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптсатыру;
- көркем шығармаларды оқу арқылы рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру деген;
-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету арқылы рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
- шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін, ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білуін дамытуда оқушы бойында гумандық қасиеттерін қалыптсатыру;
- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәні бойынша бағдарламаның мазмұнында рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.
Оқудың алғашқы кезеңінде оқу техникасына көбірек көңіл бөлінеді. Оны бірте-бірте жетілдіре отырып, мәтінмен жұмыс жасау, оқығандарының мән-мағынасын түсіну тәсілдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Оқулыққа енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірақ ұстанымды іске асырудың ерекшеліктері де жоқ емес, яғни материалдарды топтауда ішкі логикалық байланыстарға мән беріледі.
Мұның мәнісі мынада: бірінші сыныпта оқушы жазушылардың өлеңдері, қысқа әңгімелері арқылы өзін және қоршаған әлемді таниды: адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, өзін-өзі ұстауды меңгеріп гумандық қасиеттерді бойына қалыптастыруды үйренеді.
1-сыныпта оқушылар жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбңгі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқи отырып мұғалім оқушылардың бойында огумандық қасиеттерді қалыптастырады.
2-сыныпта оқушылар ауыз эдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мэтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі.
Әдеби ертегелерді оқу барысында «тұтас рухани кеңістік» шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі.
Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталдық пен адалдық сияқты ізгілік қасиеттер қалыптаса бастайды.
3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлемінен бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады және оқушы бойында мұғалімның басшылығымен рухани адамгершілік қасиеттер қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысады.
Осы пәндер арқылы оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыруға мүмкіндік мол.
Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі.
Бастауыш сыныптардағы оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем және ғылыми-танымдық шығармалар.
Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да. оқу-әдістемесінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.Сондықтан да осы ана тілі пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болады.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгелерін қамтиды.
Бастауыш сынып оқушларының рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің мынадай үлгелерін пайдалануға болады: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендіе сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, барырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.
Жазба әдебиет үлгілірімен ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған таңдамалы шығармалары қамтылған.
Олар негізінен үш үлкен тақырып төңірегінде топталған:
- Туған елім Қазақстан;
- Табиғат - тіршілік бесігі;
- Адам болу - ізгі ниет:
Осы тақарыптарды қамтыған көркем шығармаларды оқу барысында балалар айнала қоршаған табиғатпен, адам еңбегімен, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен таныстырылады, заттар мен құбылыстар жайында жан-жақты түсінік алады, оларға тән ерекше қасиеттерге дұрыс сипаттама беруді үйренеді.
Сондай-ақ адам мен табиғат және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан, адамның Отан алдындағы парызынан т.б. мағлұматтар беріледі. Балалар адамның сан қилы сезім әрекеттері мен іс-әрекеттерінің қыр-сырын түсініп, олардың ізгілік қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады.
Оқуға алынған шығармалар баланың көңіл - күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, оны шабыттандыруға, жан дүниесін байытуға бағыттайды.
Әрбір сыныпқа берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісінің деңгейін ескере отырып іріктеледі.
Бағдарламаның ғылыми-танымдық бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім беру мақсатын көздейді.
Оқушылар туған жер қаситеті мен табиғат тамашалары, аспан элемінің қплиясы, өнер туындылары жайында біршама мағлұмат алады.
Бағдарлама бастауыш сыныптардың оқу сабағында оқушыларға әдебиет теориясы элементтерінен алғашқы қарапайым түсініктер беруді көздейді. Мұнда ең алдымен - жанр түрлерін ажырата білу, кейбір әдеби ұғымдардың мәнін ашу, салыстырулар мен теңеулердің, ырғақ пен ұйқастың орны мен ерекшелігі т.б. қалыптастырылады.
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнінің мазмұны негізінде мынадай әдеби жанр түрлерін қамтиды: өлең-жыр, әңгіме, мысыл, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, ертегі, аңыз, шешендік сөздер.
Бастауыш сыныпта 3-сынып бойынша ана тілі пәнінен аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат берілген. Оқу материалдары: «Туған елім-Қазақстан», «Табаиғат тіршілік бесігі», «Адам болу-ізгі ниет» сияқты тақырып төңірегінде қамтылған.
«Атамұра баспасынан 2003 жылы шыққан 3-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында мынадай шартты белгілер бар: ? - сұрақтар, ! -тапсырмалар, р - сөздік, Ө - шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар, П - күрделі сұрақтар мен тапсырмалар, П - қосымша түсініктер.
Оқулықтың авторлары Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова және Б.Қобатаева Ана тілі оқулығындағы елеулі ерекшелік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқу техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығарманың ролін күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытып, эститикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге гумандық қасиеттеріне мән беру болып отыр.
Осыған орай «Ан тілі» оқулығының құрылымы ірі блоктік-тақырыптық және жанрлық-эстетикалық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа ала отырып бастауыш сынып оқушыларының рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптсатырудың әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады.
Бұл ұстанымдар оқушыларға дүниенің біртұтас көркем бейнесін беруге ұмтылған, қарапайым әдеби білім беруді мақсат тұтқан, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздеген шығармалар мынадай он тараудан тұрады:
I. Туған елем, туған жерім.
II. Білім өмір шырағы.
III. Маужырап барқыт қоңыр күз.
IV. Өткен өмірден.
V. Қыс бейнесі.
VI. Жақсы ай мен күндей.
VII. Табиғат -менің өз үйім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

шағым қалдыра аласыз