«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау қазақ тілі сабақтарында»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау қазақ тілі сабақтарында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың жас мамандарға көп көмегі тиеді деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау қазақ тілі сабақтарында»

«Білім беру қайталау емес, ал сабақ тексеру емес»

Дәстүрлі оқытуда мұғалім шәкірттерімен өткен сабақта немесе оқулықта айтылған білімді қайталап беруін талап ететіні белгілі.

Бүгінгі сабақтар да осы әрекеттер тұрғысында өтетінін қынжылсақ та айта кетуге тура келеді.

Педагогика саласында еңбектенетін ғалымдардың айтуы бойынша орта есеппен әр сабақтың 80 пайызы есте сақтауға бағытталған әрекеттерден құралады екен.

Бұл баяндаманы оқымас бұрын, әрине,іздендім. Осы ізденіс кезінде төмендегідей мәліметтер таптым. Шет ел ғалымдарының зерттеулері бойынша, орта мектеп оқушыларынан 11 жыл бойы келесі мәліметтерді жаттап алу талап етіледі.

Биологиядан – 929 түсінік, 347 анықтама, 612 факт

Физикадан - 39 физикалық құбылыстар, 31 қасиеттер, 97 физикалық шамалар олардығ өлшем бірліктерін, 54 физикалық аспаптар, 27 заң, есептердің 76 түрін, өлшеу бірліктерінің 24 қатынасын, физикалық құбылыстарды қолданудың 43 жолын.

Химиядан – 190 анықтама мен ұғымдар, 17 заттың физикалық қасиеттерін, 73 заттың химиялық қасиеттерін, 34 заттың қолданылуын, қасиеттер өзгеруінің 10 заңдылығын, 24 формула, есептердің 26 түрін, заттардың 40 түрін, химиялық жабдықтардың 26 аспабын, 25 таңбаны.

Математикадан – 270 ұғым, 137 анықтама, 154 ереже, формула, диаграмма, аксиома, таңба, 82 есеп түрлері, 89 теорема мен 45 олардың дәлелдеуі, 8544 есептің шешімі.

Барлығы 12056 жадуал, орта есеппен жылына 1096, бұл тек 4 жаратылыстану пәндері бойынща ғана!

Ал бұған тарих,(әсіресе толып жатқан есімдер,оқиғалар,даталар)

География (жер-су атаулары т.б.),

Тілдер (бірнеше ондаған жаңа сөздер ережелер, емлелер),

Әдебиет (авторлар, олардың өмір баяндары, шығармалар мен сюжеттер, кейіпкерлері, теориялық терминдер)

Астрономия (аспан денелерінің атаулары, формулалар, есептер) т.б. пәндер бойынша жатталатын, еске сақтауды қажет ететін мәліметтерді қосатын болсақ мектеп оқушысының көрген күні оңай деуге кімнің батылы жете қояр екен?

Қайталау, жаттау, еске түсіру, көшіру секілді әрекеттер адамды (оның миын ішкі жан дүниесін ) дамытпайды.

Сабақта мұғалім оқушылардан көбіне (қайтала), (жатта), (есіңе түсір) (көшір) (келтір) (анықтаманы айтып бер) сияқты репродукцияға негізделен тапсырмаларды қажет етеді. Және де ұстаз ұғымында бұл қайталау неғұрлым түп нұсқаға (оқулық,мұғалім, лекция, көркем шығарма т.б.) жақын, оған дәлме дәл, сол қалпында болса, соғұрлым жақсы деген түсіні қалыптасқан. Санамызда берік орын алған (озат оқушы ) деген ұғым берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын, тіпті оны жаттап алатын шәкіртпен байланысты емес пе?

Мен мектеп мұғалімдерінен «егер де оқушыңыз үйге берілген тапсырманы(параграфты) жаттап алып, сізге тақылдап айтып берсе, оған әдетте қандай баға қоясыз?» деген сұрақ қойғанымда, олардың басым көпшілігі (әрине, бес қоямын) деп жауап беріп ондай оқушыларды ақтайды да (аз да болса жқмыс жасады ғой дейді ). Бұл жерде ерекше қынжылтатыны: шәкірттеріміздің де осындай әрекеттерге үйреншікті болып, білім алу мен игеруді қайталау деп түсінуі. Олар да осы әрекеттерге бейімделе береді сабаққа дайындалғанда көбінесе жаттауға ден қояды.Ал бұл әрекеттер таным мен ойлаудың ең төменгі деңгейіне жатады, терең ойлау мен шығармашылықты талап етпейді, яғни оқушыны дамытпайды. Жаттау мен қайталауға негізделген мұндай тапсырмалар мен әрекеттерді ксерокстың жұмысы деп атауға болады. Ал ол дегеніміз тағы да қайталауға рұқсат етіңіздер, тек репродуктивтік әрекет, яғни еш ізденісі мен шығармашылығы жоқ амал, қандай да болмасын мәліметті қайталау ғана. Осылайша қызықсыз өткізілген сабақтарға оқушылардың ынтасы мен қызығғушылығы шарықтай түсер ме екен?

Білім дегеніміз мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе. (Альберт Эйнштейн )

Мен айтып берсем ғана шәкірт түсінеді деген ұстанымды бүгінгі күні қолданбаған жөн.

Қазіргі күні бүгінгі қоғам сөзден әбден жалығып, айтылғн сөздің жауапкершілігін сезінбейтін қауым. Бүгінде сөз арзан. Оқытуда да сөзді үйретудің негізгі құралына айналдырғанбыз.

Алай да үйрену де «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын» (Конфуций )деп шәкірттеріміз де сөзге онша илана қоймайды.Көп жағдайда айтылған сөз жерде қалып қояды, немесе оқушыларымыздың бір құлағынан кіріп екінші құлағынан шығып кетеді.

Бүгінде педагогикада «тек сөз арқылы ғана үйрену мүмкін емес деген қағида дәлелденіп отыр. Керісінше, әрекет арқылы үйрету қажет» деген ұстаным басым. Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды, осы әрекеттер негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады. «Өзіме жасатсаң,үйренемін»дейді Конфуций.

Мұғалім нені білмейді?

Ол шәкірттің ішкі жан дүниесінің болмысы мен ахуалын білмейді, оқушының қандай ойы, пікірі, идеялары, дүниетанымы, көзқарасы, ұстанымы, түсінігі, пайымдуы, уәждері, дәлелдері, ұсыныстары бар екенін білмейді. Біз мектепте тек «мен кім боламын?» тақырыбына шағармалар жазып келдік, ал «мен қандай боламын?» тақырыбына бір де бір шығарма жазбаған шығармыз дейді орыс педагогы Пирогов Николай Иванович.

Ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу.

Психологтар адамның зейіні 6 минуттан кейін сейіле бастап 15 минуттан кейін 2 есе кемиді дейді. Біз білімнің 10 % оқығанда, 20 % тыңдағанда, 30% көзбен көргенде, 50% көзімізбен көріп тыңдағанда, 70 % пікір таластырғанда, 80% тәжірибе жасағанда, 95% басқаларды үйреткенде игереміз дейді Вильям Глассер.

Сабақта шұбатыла әңгіме айтып ұзақ түсіндірудің қажеті жоқ. Қайталау сабақтарында оқушылардың білімін ұзақ уақыт бойы тексерудің қажеті жоқ. Оқушылар көп мәліметі игерсін десек барлық әрекеттің 6 минуттың ар жақ бер жағымен шектегеніміз дұрыс.

Ал қалған уақыттарды оқушымен практикалық,яғни оқушы түсіне отырып,қолымен жасай алатын әрекеттерге бөлгеніміз жөн екен.

Енді бүгінгі тақырыпқа оралатын болсақ, оқушының оқу әрекетін қалай бағалаймыз? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Бағалау дегеніміз-білім сапасын айқындау.Егер де біз өз жұмысымызда елеулі нәтижеге қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек.

Яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерімізді айқындап, оны бағалауымыз керек.

Оқушыны бағалау не үшін керек? десек, дәстүрлі оқыту жүйесінде «оқушылардың білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі,өйткені мұнда бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады.

Осы тұрғыдан қарасақ, мұғалімдер өз әрекеттерін сабақта оқушылардан өздерінің берген сұрақтарына ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді.Мұндай тексеріс, оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды.

Бұл жерде бағалау ұғымы ,баға қою ретінде қабылданады.

Оқу немесе оқыту сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін, мұғалімдер өз жұмысын бағалауда мынадай мәселелерге назар аударуы қажет:

1.МАҚСАТ

-Бағалау не үшін қажет?

Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?

А) Бағалау білім деңгейінің сапасын айқындау үшін керек.

- оқушы өз білім деңгейін білгісі келеді

- мұғалім оқушының білімі қандай дәрежеде екенін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағысы келеді.

-мектеп әкімшілігі бұл екеуінің де жұмысқа деген қабілеті мен білімін, кәсіби деңгейін білуді мқсат тұтады.

-мемлекет министрлік арқылы бюджеттік қаржының қалай жұмсалатындығын және оқушыларды оқыту ісінің ахулы мен деңгейін білу үшін қажет

Ә) Бағалау жоспарланған нәтижелермен (стандартпен)салыстырғанда білім деңгейі мен оқудың /оқытудың қаншалықты дәрежеде екендігін білу үшін қажет

Б)Бағалау оқу мен оқытуда қолданылып жатқан әдістемелік ұстанымдардың тиімділігін білу үшін қажет

2) НӘТИЖЕ

-Нені бағалау керек?

Оқу процесінің қандай нәтижелері бағалау арқылы анықтауға тұрарлық?

Оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігі оқушылардың не білгендігімен айқындалады?

Бүгінгі күн талаптарына сәйкес оқушылар оқу процесі брысынд мынандай білім,білік,дағдыларды иемденуі қажет.

- ақпараттың шексіз көп мөлшерінен өзіне қажеттісін ғана таңдап алып, оны өз қажеттілігіне пйдалана білуі керек.

-өздігімен үйрене білуі қажет

-проблемаларды шешу мен шешім қабылдау секілді күрделі тапсырмаларды орындауы

-қандай да бір мәселе бойынша өзінің пікірі,ойы, тұжырымы,түсінігі болуы,оны ұтымды түрде басқаларға жеткізу, дәлелдеу және қорғау

-қарым-қатынас құра білу.бірлесе жұмыс жасай білу,басқалардың пікірін сыйлау,өзге де пікірлерге икемді және бейімді болу,олармен санасу,жанжалдардың алдыналу

- өмірге деген көзқарасын ,ұстанатын сенімдерін,қажеттіліктерін,құндылықтарын қалыптастыра білу

- өз білімінің қандай деңгейде екенін біліп,оларды әрқашан дамыта отыру

3) ТҰЖЫРЫМДАМА

Оқушылардың жетістіктерін анықтауда қандай қағидаларды ұстану керектігін айқындау

-Бағалауда ұстанған қағидалар қандай болу керек?

-Бағалауда қандай саясат ұстану керек?

4) ҚҰРАЛ

Оқу жетістігінің дәлелдерін жинақтау

Мұғалім әртүрлі тапсырмалар дайындауы керек

5)ТАЛАПТАР

Оқушылардың берілген тапсырмаларды қандай дәрежеде орындайтындығын анықтау үшін критерийлер дайындау керек.

6) ЖАРИЯЛАУ

Оқушылардың жазу жұмыстарын оқу процесіне қатысушылардың назарына ұсыну жолдарын анықтау

- Бағалаудың нәтижелерімен көпшілікті қалай және қашан таныстыру керек?

(жазу жұмыстарын сынып қабырғасына іліп қою, «автордың орындығынан» оқу,кітапша түрінде басып шығару,қабырға немесе электронды газет түрінде жариялау,бейнефильм немесе слайд жасау

7) КЕРІ БАЙЛАНЫС

- Бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек?

-Бағалау нәтижелері қашан қажет болады және оларды қалай пайдалануға болады?

Қорыта келе бағалау термині төмендегідей мағынаға ие болады:

БАҒАЛАУ- оқушылардың оқу процесінде қаншалықты табысты болғагдығын ,білім игеруде олардың жетістіктерін ,өсуі мен дамуын анықтау

БАҒАЛАУ- оқушылардың қолынан не келетінін айқындау

БАҒАЛАУ- білім игеру процесіне қатысушылардың (оқушы мен мұғлімнің) әрекеттері қандай деңгейде екендігін,олардың сапасын анықтау

БАҒАЛАУ- оқушы білімін қалайш әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін жақсартуға болатындығын білу,жоспарлау, соған оқушыларды ынталандыру

БАҒАЛАУ – оқу процесінің қаншалықты нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығын анықтау

БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ: Тестілеу. Бақылау.Интервью.Сауалнама.Есеп беру.Рубрика. Өзін-өзі бағалау.(оның ішіне топ жұмыстары кіреді). Партфолио.Жзбаша жұмыс үлгілері.

Баяндаманы қорыта келе сіздерге аталғн бағалаулардың үлгілерін ,сызбаларын ұсынамын.


(бірлестік жетекшілеріне бағалау парақтарының үлгісін таратамын)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2020
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі