ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ Баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық тақырыбында жазылған баяндамада мектеп пен отбасының тығыз байланысы туралы түйінді ой айтылған. Басты мәселе ұстаз бен ата-ана арасындағы атқарылатын міндет пен ұжымдық мәселелер ережесі көрсетілген. Тәрбие құндылықтары қарастырылған. баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жумабаева Гулим Батыргалиевна

тарих пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

Набережный орта мектебі» КММ

Таран ауданы, Елизаветинка селосы


ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ


Аңдатпа

Отбасы және мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық тақырыбында жазылған баяндамада мектеп пен отбасының тығыз байланысы туралы түйінді ой айтылған. Басты мәселе ұстаз бен ата-ана арасындағы атқарылатын міндет пен ұжымдық мәселелер ережесі көрсетілген. Тәрбие құндылықтары қарастырылған.

Аннотация

В докладе на тему тестного сотрудничества школы и семьи рассматривается основной вопрос о тестной взаимосвязи школы и семьи. Главной проблемой является распределение обязностей между учителем и родителями. Рассматриваются и воспитательные ценности.


Аnnotation

In lecture on a theme of the test collaboration of school and family a basic question is examined about test intercommunication of school and family. A main problem is distribution of duties between a teacher and parents. Educator aims are examined.


Бала тәрбиесі бірінші кезекте ата-ана үшін, екінші кезекте мектеп алдындағы басты міндеттердің бірі. Бала тәрбиесінің басты құралы – тәрбиенің дұрыс берілуі. «Тәрбие тал бесіктен бастау алады», дегендей әр отбасында берілген тәрбие, мектеп жасында жалғасын тапса, әр баланың бойына ана сүтімен дарыған тәрбиені, үлгілі ұстаз бала бойына біліммен ұштастыра сіңірсе тәрбиенің басты кілті осы болмақ. Тәрбие ең басты құндылығымыз. Тәрбие ұғымы тек балаға білім беріп, дұрыс жолға бағыттаудан тұрмайды. Ең бастысы рухани тұрғыдан бала бойына құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, кешегі өткен тарихымызды, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің кәусәр бұлағымен сусындату. Мектеп жасындағы бала тәрбиесінде бір жақтылық болмауы керек. Ұстаз бен ата-ана бірлесіп еңбек етсе, өзара байланыста болса, оқушының таңдаған жолының дұрыс - бұрыстығын ата-ана мен тәрбиеші бақылауында болса, оң нәтижеге қол жеткіземіз. Ұрпақ санасына жақсы сөз бен тәртіп қағидасын қалыптастыру үшін бала бойындағы психологиялық жағдайдың жай күйіне алаңдаушылық білдіретін әр жауапты тұлға бейжайлық танытпауы керек. «Отан отбасынан басталады» демекші өз елін сүю үшін өзінің шағын мемлекеті отбасын құрметтеуден басталатынын алға тарту арқылы, баланың елі мен жерінің болашақ тұлғасы екенін таныту басты шарт. Адамгершілік – адамның басты құндылығы. Адамгершілік тәрбие адами болымыстың айнасы. Адамгершілік ұғымы біздің түсінігімізде қалай Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуден бастау алып, жанды мен жансызға деген көзқарастан тұруы қажет. Жанды мен жансыз дегеніміз табиғат пен мүлікке деген қамқорлықтан тұрады. Адамгершілік тәрбиенің басты қағидасында өзгенің ала жібін аттамау, өтірік айтпау, өзіңнің істегеніңді өз мойыныңмен көтеру ұғымдарымен байланысты. Адамгершілік негізінде имандылық пен ізгіліктен тұрады. Қыз бала тәрбиесінде қазақ халқының берері мол. Бұл орайда «Қыз бала қылықты болсын», «Қыз баланың жинаған жүгіндей болсын», «Қыз бала -қонақ» деген нақылдардың астарында қыз бала тәрбиесіне деген аса маңызды астарлы ойды байқауға болады. Ер бала шаңырақтың иесі дегендей бала тәрбиесінде әкенің берер тәрбиесінің орны ерекше, сондықтан мектеп пен ата-ана алдындағы жауапты міндет болашақ тәрбиесі бірлесе көтеретін жүкпен тең. Бала тәрбиесінің басты жауапкершілігі ата-анада деп жауапкершілікті өзіңнен итеріп қоюға болмайды. Ұстаздың басты міндеті тек жақсы тәрбеші болу ғана емес, екінші ата-анасындай болып қалыптасуы тәрбиелеу кезегінде, баланың ішкі жан – дүниесін түсінетіндей дәрежеде жақын болғаны абзал. Ұстаз сенің ақылшың ғана емес, адал досың деген атқа лайық болуы қажет. Кеңестік дәуірдегі ұстанымда баласын мектепке берерде ата –ана ұстазына «Еті сенікі, сүйегі менікі» деген сөздерін бүгінгі таңда қайта тірілтетін болсақ, осы бір айтылған сөздің астарында мектепке деген ата-анасының құрметін көруге болады. Әрине, кім баласын жаман болсын дейді. Ең басты тәрбиенің қалай берілуінде, мысалы «Атаңа не істесең, алдың сол келеді» демекші өзіңнің істегенің өзің сол қалпында оралатынын ескере келе, үлкенді құрметтеу, үлкенге сәлем беру, үлкеннің алдын кесіп өтпеу сынды тиым сөздердің өзі баланың бойына қалыптастыру бүгінгі әр адамзат баласы ата-ана мен ұстаздың жұмысы.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» дейді. Бұл жерде айтпағым бала тек айтқанды ғана орындамайды көргенінде санасында сақтап ой қорытынды жасайды. Сондықтан еліктегіш ұрпаққа тек айтып жеткізбей, көрсетіп үлгі бола білгенде жақсы. В.А. Сухомлинский оқушылардың aта – aналapымeн жұмыc icтeyдiң мaзмұнынa epeкше назap ayдарып: «Тeк aта – аналapмен бipге жaлпы күш жiгepді бipiктipy apқасында мұғалiмдep балалapға үлкeн адaмдық бaқытты бepyi мүмкiн», - дeйдi. Oлай болca, отбасы мeктeп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Coндықтанда пeдагогикалық әpекeтте мeктептің жaлпы міндеттеpiнiң көлeмінiң кeңдігiне қapaмастан aта – aналapмен жұмыстың мaңызы epeкше. Қазіргi мeктептe жaғдай көптеп өзгеруде: оқy және тәpбие пpoцесінiң құpылымы мeн мaзмұны, сoған сaй мұғалiмдep мeн oқyшылapдың көзқapaсатapы oлapдың өзapa қapым–қaтынacы сaбақтың ұйымдacтыpy фopмалapымен өткiзy тeхнолoгиясы көптeгeн оқy пәндepiн oқытyдағы жaңа көзқapacы coнымен қатap сыныптaн тыc тәpбиe жұмыcын мeктeпті бacқару iсі бipтіндeп дeмократиялық бaғытты ұстанyда яғни, пeдaгогикaлық әpекеттeгi үшбұpыш – мұғалiм - оқyшы – aта – aна бірлескен жағдайда жaңа демoкратиялық қapым – қaтынасқа иe бoлды Бүгінгі таңда кейбір дәстүрлі қағидалардың маңыздылығы жойылып, онлайн кездесулер тек хат-хабар түрінде болуда. Түйіні шешілмеген түйдек мәселелер жабулы қазан күйінде қалып отыр. Кейбір тоқсанына өтетін жоспарлы кездесудің өзіне ата-аналарымыз бей-жай қарап жұмыс бастылыққа салынып келмей қалатын кездерінде көріп жүреміз. Осындай жағдай мұғаліммен ата-ана арасындағы ынтымақтастық пен тығыз байланысты әлсіретіп, сенімсіздікке алып келері даусыз. Сондықтан ата –анамен мектеп байланысы тек сұрақ- жауапқа ғана құрылмай, тығыз ынтымақтастық негізде жасалуы қажет! Мысалға айтатын болсақ аудандық және облыстық сайыстар мен қашықтықтан өткізілетін олипиадаларға қатыстыру үшінде тек мұғалімнің ұсынысына, ата-аналарда қолдау білдірсе балаларымыздың жан-жақты дамуына жақсы әсері болар еді. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші ата-ана балалардың терең білім алуына да өз тараптарынан ықпал етіп отырса, жасалған жұмыста жемісті болады. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң –мұқтажын өтерлік, елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру. Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін, өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады . 
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына, мұғаліміне, ата –анасына, құрбы –құрдастарына, олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.  Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата –бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге –өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын. Әке –шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, соншалықты жиі «жақсы әке –шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке –шеше болатын адамдар жақсы ата – ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды . Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады .

Ойымды түйіндей келе, тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.  Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан –жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.

В.А.Сухомлинский өзінің «Ата-ана педагогикасы» деген еңбегінде былай дейді: «Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады». Әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан шығады. Ендеше: “Тәрбиенің негізгі тірегі - ата-ана мен ұстазы екенің ескере отырып, осы бағытта бірігіп жұмыс атқарайық, әріптестер!” дегім келеді.

Әдебиеттер:

  1. Б.И. Иманбекова. «Тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие субъектілерінің мүмкіндігін кіріктіру.» 225 бет

  2. В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. - Алматы, 1983. //137 бет

  3. Н.Назарбаев. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады. «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2024
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі