Материалдар / «Педагог мәртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мәселелері...»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Педагог мәртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мәселелері...»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Педагог мәртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мәселелері...»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
219
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Педагог мәртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мәселелері...»

Ширинбекова Гулжан Худайбердиевна

Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі

Химия және биология пәндерінің мұғалімі


Бүгінгі таңда білімге қойылатын мақсат — әр оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, ұлттық рухы мен мәдениетін, сана-сезімін дамытуға, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбиеге де инновациялық іс-әрекеттердің енгізуін қажет етеді.

Қазіргі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етуде. Білім беру жүйесіндегі мекемелердің негізгі тұлғасы мұғалім болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне ауысуына байланысты сапалы білім беру міндеті педагогтарға жүктеліп отыр. Әрине, мұғалім оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды енгізіп, қашанда өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

Білім үрдісін жаңғыртудың басты мақсаты - білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз ету. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп, әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру.

Оқушылардың қызығушылығын оятатын «жаңа форматтағы» сабақ қандай болуы қажет? Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Мұғалімді оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандыруы қажет. Сондықтан рольдік ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мақсатты назарға ала отырып, мұғалім өз тәжірибесіне жаңа оқцтудың түрлерін енгізу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасу керек. Бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы белгілі. Қазіргі таңда пәндерді жекелемей, мазмұны жағынан ұқсас пәндерді біріктіру тәжірибеге енгізілген. Бұл оқушының алып жатқан білімін қайда қолданатынын ұғынып, оқуға деген ынта-жігері артуы мүмкін. Мұндай өзгерістер жаратылыстану пәндерінде де, тілдерде де кең көрініс берген. Ортақ тақырыптар оқушының мүмкін білімін жетілдіру үшін, алдымен мұғалім жан-жақты алғыр, жаңашылдыққа дайын ізденпаз педагог болуы қажет екендігіне көзіміз жетіп тұр.

Әр пәннің мұғалімі жетістікке жету үшін бағдарламамен бір аяқ басуы қажеттілігі туып отыр. Үздіксіз ізденіс жұмыстарға, шығармашылық пен ғылымилыққа дайын педагогтар қазір заанның талабы.

Педагогикалық технологияның міндеттері:

· әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;

· мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

· технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;

· технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;

· оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:

Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірде қолдану —> дамыту болып өзгерген.

Әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе – оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!