Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.4.1. Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды. Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасын менгерді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 1


Мектеп


Мұғалімнің аты-жөні


Сынып


Күні


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін

Оқу мақсаттары

8.3.4.1. Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийі

Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.

Бастапқы білім

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасын менгерді.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш. Сөрелік екпінге арналған тапсырмаға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE

Төменгі сөреден жүгіру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://beguza.ru

Мектеп стадионы, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Төменгі сөреден жүгіру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы қауіпсіздік ережелерінің нұсқамасы. (Ж, К, ҚБ) Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Әр топқа төменде берілген тапсырмалардың бірін беріп, 10-15 мин осы тапсырмамен жұмыс жасау және басқа топпен тапсырманы ауыстыру. 1 тапсырма. «Дайындал!» қалпында 5с, 10с, 15с тұрып, жүгіріп шығу. 2 тапсырма. Отырған, жатқан қалыптан және арқамен алға қозғалыс бағыты бойынша сөрелік екпінін орындау.

3 тапсырма. Төменгі сөреден «дөңге» қарай жүгіру.

4 тапсырма. Төменгі сөреден, сөрелік екпін кезіндегі тиімді алға еңкеюді сақтай жүгіру.

5 тапсырма. Оқушылар «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» төменгі сөреден шығу аралығын өзгерте сөреден жүгіріп шығады. Оқушылар кезекпен 4 адамнан сөреден шығады. Топтармен 2-3 оқу тапсырмасын орындағаннан кейін, 30-60 м қысқа қашықтыққа бірнеше жүгірулер орындау.Топтың жұмысын қорытындылау.

Сыныпты бірнеше топқа бөліп,өздігінен жұмыс жасау үшін жүгіру жолында әртүрлі орындар беру. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, келесі орындарға өту. Оқушылардың санына байланысты тапсырмаларды қысқартып, өзгертуге болады.

Тапсырманы орындау кезіндегі ұсыныстар:

-итерілу кезінде, артта тұрған аяқ толық жазылады;

-итеріліп болған соң, аяқ тізеде босап бүгіледі де, санын алдына шығарумен орындалады;

-аяқ табанның алдыңғы бөлігі арқылы жолмен жанасады;

-таянудың барлық кезеңдерінде табан өкшесіне түспейді;

-жүгіру кезінде қол шынтақта бүгілген.

Сұраңыз: Сізге, ұсынылған оқу тапсырмаларының қайсысы төменгі сөреден жүгіру әдісін үйренуде көмектесті? Қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

(Ж, Т, ҚБ) «Қарсы жүгіріс». Екі команда А және В сөре сызықтарының сыртына тізбекке тұрады. А және В сызықтары С-мәре сызығынан 10 м қашықтықта орналасады. Белгі бойынша командалардың бірінші номерлері бір уақытта сөреден шығып, С мәре сызығына жүгіреді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда орындау техникасын, денені қыздыру мен қалыпқа келтіру техникаларын талдауды өткізіңіз. Тапсырманы қайтадан өткізу.

Осы тапсырманы өткізгенде, оқушыларға жарысу қызықты болу үшін, сыныптағы оқушылардың дене дайындығына байланысты бөліңіз. Тапсырманы өткізер алдында оқушыларға жүгіріп шығу мен қашықтықта жүгіру техникасын естеріне салыңыз. Берілген тапсырма, сөреден шығу техникасы мен сөрелік екпінді дамытуға бағытталғанын түсіндіріңіз. Талдауды өткізгеннен кейін, екінші рет өткізер алдында, оқушыларды басқа кезектілікте қойып немесе қатысушыларды орналастыруды, жұптармен қашықтықты жүгіріп өту кезектілігін оқушылардың өздеріне ұсыныңыз,

Сұраңыз: Берілген оқу тапсырмасы қандай дене қасиеттерін дамытады? Ұсынылған ойын кезінде қандай пайдалы қасиеттер байқалды?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2022
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі