Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтеді. Тұңғыш Президент күні – ұлт тұлғасына деген ілтиматты паш етеді.

Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты «Ынтымақ» жалпы орта мектебінде АББ-нің 19.11.2020 жылғы № 1396 шығыс хаты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің іс-шаралар жоспары негізінде 20 – 30 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар өтті. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елбасының көшбасшылық сабақтарынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған қашықтықтан басылым және кітап көрмесі, «Елбасы – ел бағы» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

23 қараша күні «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында бірыңғай онлайн ашық сынып сағаттары, кітапханада «Егемен елдің мақтанышы – Елбасы» атты Елбасы туралы бейнефильм көрсетілімі өтті.

25 қараша күні «Ұлтына қамқор болған Елбасы» атты онлайн көрме, «Мен Президентіммен мақтанамын!» тақырыбында оқушылар шығармашылығы / эссе жазу/ ұйымдастырылды. «Мен Президентіммен мақтанамын!» тақырыбында оқушылар шығармашылығы бойынша ұйымдастырылған /эссе жазу/ байқауда 10 «Ә» сынып оқушысы Исаева Эльанора І орынды, ІІ орынды 8 «Д» сынып оқушысы Қапланов Нұрдәулет, ІІІ орынды 8 «Д» сынып оқушысы Оңал Құттығыз иеленді.

26 қараша күні «Елін сүйген – Елбасы» атты қашықтықтан өткен фотокөрмені ұйымдастырушы-педагог А. Мантеев өткізді.

«Үздік сынып сағаттар» байқауында 8 «А» сыныбының жетекшісі Мантеева Фаризаның, 10 «Ә» сыныбының жетекшісі

Ахшаева Маржанның, 10 «В» сыныбының жетекшісі Аликулова Ұлбазардың сынып сағаттары үзік деп танылды.

«Елбасы – ел бағы» атты танымдық сабақты «Жас өнерпаздар» үйірмесінің жетекшісі Хафизов Қанат өтті.

27 қараша күні Жас патриоттарды «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімін аға тәлімгер А. Сарсенбаева өткізді. «Жас қыран» ұйымына оқушы 221 қабылданса, «Жас ұлан» ұйымына 145 оқушы қабылданды.

Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінейік. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2020
272
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі