Қондыбайұлы Оразбай би өмірбаяны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қондыбайұлы Оразбай би өмірбаяны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебіне аты берлген Қондыбайұлы Оразбай би туралы деректер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қондыбайұлы Оразбай би

(1830-1928)

Сонау 1825-1850 жылдар аралығында ақ патшаның өмірінен Кіші жүз жерін иелену мақсатында Кіші жүздерді өз жерінен мәжбүрлі түрде Ұлы жүз жерінен қарай көшіреді.

Сол көшіру Кіші жүздің Жағалбайлы атты руына да кесірін тигізеді. Еділ мен Жайық бойындағы ен жайлауынан, елінен, жерінен қуылған Жағалбайлы елі тоз-тозы шығып, жесір әйел, жетім бала қарияларымен біразы осы оңтүстік өңіріне келіп орналасады.

Олардың ат-жалын тартқан ерлері ақ патшаның зорлығына қарсы құрылған топта болып, Исатай мен Махамбеттің соңына ерген еді. Сол көшпен жеткендер ішінде Наурызбаев Қондыбай отбасымен Шымкент шаһарына келеді. Бақуатты орыстың жалшысы болып, балалары малын бағып, аналары кірін жуып дегендей тіршілік бастайды. Әкелері Наурызбаев Қондыбай Исатай Таймановтың жасағына қосылып, одан ақ патша озбырлығының қолынан қайтыс болған. Артында қалған жесірі мен жетім екі ұлы Оразбай мен Пәрмен және қызы Шекер өсіп, 10-13 жасар болып есі кіріп, өздерінің ағайын-туысқандарын іздей бастайды.

Үнемі мал соңында жүрген жетім балалардың көздеріне осы елсіз-егесіз, қысы-жазы босап тұратын жер жиі түседі. Балалар көп ойласып, анасымен ақылдасып, өз алдына көшіп келіп, осы араға орналасуға шешім қабылдайды. Жақын маңда ішетін суы жоқ, егілген ағашы жоқ шөлден орын тауып, енді өз жандарына өздері сияқты қоныс аударып жүрген алты-жеті отбасын көшіріп алып, құдық қазып тіршілік ете бастайды. Тулғаннан зерек Оразбай бала өз маңына Жағалбайлы елін іздестіріп жүріп, көшіріп әкеліп орналастырады. Өз алдарына бір қауым елге айналған Жағалбайлы елі Сайрамсудан өздеріне бұрып канал қазады. Егін өсіріп, алдына мал салып, жерін көгертіп, ауызбірлігі жарасқан ел күннен-күнге өркендей бастайды. Жетім бала, жесір әйел күнінен өсіп, бір қауым елге айналған.

Оразбайды өз елі жиналып, би етіп тағайындайды. Ел-жұртының, халқының бірлік, ынтымағын көздеген, әділдікті өзіне пір тұтқан.

Елімізге жеткен 1917 жылғы Қазан төңкерілісін қарсы алды. Жетімдік пен жесірліктің арасында өскен Оразбай би жетім балаларға қамқор, пана болған. Сүтімген қызы Күмісайды, Тоғайбек әйелі Оралды, Ұлбосынды өз қызындай етіп өсіріп, тәрбиелеп, күйеуге ұзатып салады.

Ештай, Қалсары, Еркінбек, Аманбек, Адырбектерді өз ұлдарындай етіп қанаттандырады. Осы бір еңбегі үшін «Байсың-құлақсың» деген қысымшылықты көрген емес. Ата өсиетін мұқият жадында ұстаған, уақытында сауатын аша алмаған бабамыз, жас жеткіншектердің көзін ашып, көкірегін ояту үшін өз ауылынан екі сыныпты мектеп ашуды мақсат тұтқан. Бабамыз Жағалбайлының жас жігіттерімен топ құрып, асарлатып, кесек құйдырып, мектеп қабырғасын тұрғызды. Сол мектепті бітіріп, ашылу салтанатына Оразбай атамыз өзі қатысып, лентасын қиып, батасын берді. Бұл 1924 жыл еді.

Қып-қызыл тас үстіне сол маңдағы жақын тұрған жотадан топырақты қолма-қол тасытып, егістік жерді ұлғайтты.

Оразбай бидің денесі «Садақ салды» қорымына қойылды. Ел жұрты бидің сүйегіне дейін күзеткен, тұрған жерін киіз үйдей етіп күмбез жасаған еді.

Оның бейіті 1884-85 жылдары қаланы сумен қамтамасыз етеміз дегенде қазылып бұзылды. Ол жердегі төмпешікті барлығы дерлік біледі.

Оразбай би баба кезінде дау-дамайды шешуге де көп атсалысқан кісі. Әділ шешімі үшін, жұрт құрметіне бөленген Оразбай би есімі ұрпақтарының есінде мәңгілік сақталады. Жергілікті болып қалған Жағалбайлы елінің ұрпақтары ата-бабасының кәсәбән жалғастыруда.

Қазіргі таңда осы Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебінде Таскен елді мекенінің балалары дәріс алып, білім алуда.

Оразбай бидің ең кіші ұлы Қабылбектің қызы

Хадиша апаның сөзімен

Абдырахманова Лазипа

Жандарбекқызы жазып алған.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2024
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі