«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы орта білім беретін мектептерге арналган патриоттык тарбие берудегі жұмыстар
Материалдың қысқаша нұсқасы


«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ


Құлмағанбет Ә.Қ. Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасы әдістемелік

кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру

және тәрбие жұмысы бөлімінің

сектор меңгерушісі

г.Костанай, Қазақстан Республикасы

е-mail: asemkulmaganbetova@mail.ru




Abstract:

In the spiritual renewal program of the Head of State, the role of the general community of teachers is not limited to shaping the younger generation as patriotic, entrepreneurial, energetic, bold, self-confident, intellectual, and high-altitude citizens in order to bring patriotism to our youth. Our main task is to educate the younger generation to love and care for the Motherland in the light of the country's accomplishments.


Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы оқу бағдарламасында үлкен серпіліс пайда болуда, яғни ұлттық құндылықтар мен мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бүгін білім беру саласында барлық мәселелері мен мақсаттары рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырумен байланысты.

Бәсекелес тұлғаны – елді сүйетін оның өркендеуіне еңбек ететін, туған ауыл мектебіне көмек көрсететін азаматты қалыптастыру үшін қауымға өз қызметін бағыттау қажет. Сонда ғана қоғамның сана сезімі жаңалыққа бет бұрады. [1].

Егер осыған дейін білім саласында басты мақсат оқушыға нақты білім, ғылым негіздерін оқыту болса, қазір елжандылыққа, адамгершілігі рухани жағынан қалыптасқан, құзыретті жеке тұлға, рухы биік патриот етіп тәрбиелеу басты мәселе екенін естен шығармауымыз қажет. Өйткені еліміздің болашағы қандай болатыны балаларымыздың бойына қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Менің түсінігім бойынша патриотизм көрінісі өзінінің кіндік қанын тамған жерге, өскен ауылыңа, қалаң мен аймағына халқынының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Барлық уақытта бүкіл адамзаттың өмірінде білім әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі болды. Және, қазіргі білім берудің маңызды ерекшелігі оның басты құралы, жас ұрпаққа сабақ беретін адамзат қоғамының бөлігі, мұғалім болып табылады. Бірақ біз өзімізге және балаларымызға білім беріп, білетін мұғалімдерді ұмытпауымыз керек, сондықтан қазіргі заманғы нарық жағдайында толыққанды маман болу керек.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет. Нақты айтқанда, жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа отансүйгіштік және адамгершілік, рухани тәрбие -мектеп табалдырығындағы білім беру сапасын көтерудің кепілі болып табылады. Олай деуімнің себебі, отанға деген құрмет, отанға деген сүйіспеншілік адам бойында өздігінен қалыптаса қоймайды. Бұл асыл қасиетті қалыптастыру үшін біріншіден, өз тарихымызды – Қазақстан халқының тарихын білуіміз керек және кейінгі ұрпаққа үйретуіміз керек. Екінші, өз тілімізді – туған халқымыздың тілін білмек шарт. Тіл – тарихымыздың жабулы құлпын ашар әмбебап кілт екендігін болашақ санасында жетілдіруіміз қажет. Үшіншіден, атадан-балаға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды білген жөн. Бұл ұлттық санамыздың қалыптасуына



бірден- бір жол. Төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, дамыту әрі жаңа сапа беру. Бесіншіден, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру. Міне, адам бойына қалыптасу қажет бес түрлі қасиеттің түптеп келгендегі ортақ мақсаты ұрпақ жүрегіне отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Осы орайда Қостанай облысының мектеп педагогтарының арасында 2018 жылдың 28 ақпанында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім алушылардың заманауи құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға облыстың барлық аймақтарынан 120 адам қатысты. Конференцияның пленарлық бөлімінде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы білім беру әдістемелік кабинет басшысы, педагогика ғылымдарының магистрі Набатникова Татьяна Ивановна, Қостанай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің басшысы Салмагамбетова Маржан Дүйсембаевна, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы өз баяндамаларын жасады. Негізгі мақсаты-облыстық білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру тәжірибесін көрсету және тәжірибе алмасу болатын. Конференция төңірегінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айқын түсінік беріледі. Қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, ревалюциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы бағыттары туралы айтылады.

Қандай халық болмасын өзінің ұлттық болмысын мен халықтық тәлім-тәрбие қазанында қайнап, жетілуі тиіс, яғни ұлттық кодты сақтай білуі тиіс дегенді білдіреді. Тарихымыз тереңнен тамыр алатын, бабаларымыздан қалған рухани-бай мұраларымызды ұрпақтар бойына сіңіру азаматтық борышымыз.Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай тәрбиелеуіміз керек.«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. [2].

Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл - қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз – білім.Соның негізінде биылғы оқу жылына арнап 7 сыныптарға «Өлкетану» факультативті курс бағдарламасын жасадық.Бүгінгі таңдағы оқу үрдісінде қабылданып отырған басты талаптардың бірі – оқушылардың тек білім алып қана қоймай, танымдық деңгейін шығармашылық ізденіспен дамыту жолдары қарастырылған.Өз өлкесін танып білуге зерттеуге, ізденуге жол сілтеген.

Бұл факультативтік курс өз өлкесі туралы толық білім алуларына негізделіп жасалған.Жинақта берілген өлкетану пәнінің жоспары сабақты тиімді ұйымдастыру жағы жан-жақты қарастырыла отырып, әр түрлі шығармашылық тапсырмалар кірістірілген. Ондағы негізгі алдыға қойған мақсаты оқушылардың өзіндік ізденістерін арттыра отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар « Өлкетану» курсы аясында оқушылардың бойына кіші туған өлкеге деген сүйіспеншілік, құрмет , Отанды сүю сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру.Сабақ құрылымдарында оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін байытуға,логикалық ойлауына баса назар аудара отырып танымдық қабілетін жетілдіруге арналған тапсырмалар. Сабақтан тыс жұмыстар география білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстара отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі деп сенемін. 2

Оқушыларды кіші отаны Қостанай облысының табиғат байлықтарына,шаруашылығына баға бере білуге  қажетті  әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізе білуге,жинақталған материалдарды жүйелеп, қорытынды жасай білуге үйрету.

«Отаным-тағдырым» деп елі үшін аз да болса өз үлесін қоса алатын ертеңгі тәлімді ұрпақ дайындауда болашаққа бағдар ретінде Елбасының алға қойған мақсаттарын кіріктіре отырып, оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін жоғарлатуда мектептегі тәрбие жұмыстарының маңызы өте зор деп ойлаймыз. Жастардың, әсіресе, оқушылардың , интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар олардың рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен оның жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі.
Елбасы өз мақаласында бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Біздер, яғни ұстаздар қауымы үшін басты шарт тараптардың бірі. Жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап бой алып барады. Елбасының рухани жаңғырудағы алға қойған басты бағаттырының да бірі осы. Кез-келген халық заман ағымына ілесіп, үнемі жоғары және жақсы ілесіп отыруы керек. «Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталды ? Туған жерге оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,- деп Елбасы түсіндіріп өтті. Мысалы, мектепте «Абайтану» ,«Елтану» ,«Жертану» пәндері оқытылып осы ұлтжанды азаматтарды қалыптастыруға жұмыстар жасалуда. 
[3].

Абай мұралары да ұлттық құндылықтарға толы. Оның ішінде халықтың би-шешендерінің, ақындарының, күйшілерінің мұралары рухани байлығымыздың қайнар көзі. Біз оларды мектепте мына өзгермелі заманға лайықтап оқытып, ұрпақ игілігіне айналдыруымыз керек. Білім беру саласы да үнемі ұлттық сипатпен байытылып отырса, нұр үстіне нұр.

«Тәрбие және білім» бағдарламасының «Саналы азамат» жобасындағы жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағыт бағдар беруге ынталандыру бағыты бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Облыстық және аудандық кәсіпкерлік қолдау палатасынымен бірлесе жұмыс жасай отырып, жоғары сынып оқушыларына «Кәсіптік бағыт бағдар беру» оқу бөлмесі жабдықталып арнайы сауаттылық сабақтары жүргізіледі. Елбасы «туған жерге деген сүйіспеншілік , туған елім Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп атап көрсетеді.

Қорыта айтқанда Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасында жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда жалпы ұстаздар қауымының қызметі өлшеусіз. Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Елбасшысының болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдап, халқымыздың жарқын болашағының кепілі-іліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, отанымыздың бақыты үшін еңбек ете берейік. Ел басымыз екі дәуір түйіскен шақта, бүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріп, түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отырғандығына сенім білдіреді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Сәрсембин Ү.Қ. //Рухани жаңғыру- ұлттық рух. Abai.kz 2017 мамыр//

2. Назарбаев Н. Ә. // Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Егемен Қазақстан 2017 жыл. 17 сәуір. №81 ( 29062) //

3. Арғынбаев Н. // Ұлттық тәрбие- ұлттық арман (интерент көзі). //




3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
948
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі