Материалдар / Сабақ жоспары. Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар. 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары. Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек, тәжірибе алмасу мақсатында, оқушылардың тақырып бойынша білім, білік және дағдысын арттыру, олардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі. Оқушылар оқыту үрдісі барысында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара пікір алмасады және мұғалімдердің педагогикалық жетістіктерін арттырады. Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қолдануға ұсыныс береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
5070
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім – Ойлауды дамытуға арналған командалық ойындар.

Мектеп: 84

Күні:22.01.19

Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбеков Нургали

Сынып: 3 "Ә»

Қатысқандар саны:25

:

Қатыспағандар саны 0

Сабақ тақырыбы

Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар

Оқу мақсаттары

3.1.4.1 - өзінің және басқалардың қозғалыс әрекеттерін талдау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындаукезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.

Көптеген оқушылар: салауатты өмір салты үшін дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология

денсаулық, дене қыздыру, пульстің жиілігі, физикалық қасиеттер

қыздыру әрекеттері: бір орнында жүгіру, аяқтарын қосып секіру, аяқты қосып, ашып секіру, алға еңкею

жүгіру, тез жүріс, жәй жүріс

бұлшық, жүрек соғуының қысқаруы, жылдамдықтың қалыпқа келуі

бағыт, кеңістік

ойын, команда, ынтымақтастық

тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

Денені не үшін қыздырамыз?

Дене шынықтыру мен айналасқан кезде сіздің денсаулығыңыз жақсарама?

Сапа қалай дамиды жүгірген кезде?

Сіз айта аласыз ба, спортпен айналысқанда неге тыныс алу жиелейді?

Сіз айта аласыз ба, дене шынықтыру белсенділігінен кейін

Қалпықа келу сондай маңызды ма?

Сіз айта аласыз ба, біз сабақ уақытында кеңістікті не үшін бақылауымыз керек?

Командада ынтымақтастық маңыздыма?

Құндылықтарды

дарыту


оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады; ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс; оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету(АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды орындау дағдыларын қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.













«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Жүру жаттығуларын орындау;

Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

Жылдамдыққа жүгіру;

Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.


Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.



Сабақтың ортасы

25 мин.





























( Т, Ж, ҚБ) «Айголек» ойынын оқушылар екі топқа бөлініп, екі топтың арақашықтығы 15-20 адым, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топ ойынды бастайды:

«Айгөлек –ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.

Екінші топтың ойын бастаушысы:

«Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Сізден бізге Ақерке (қарсылас топтың есімін айтады) керек!», -деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтаң бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді, сол топ жеңімпаз саналады.

(Ж, Т, ҚБ) «Жапалактар және қарлығаштар». О қушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.


Бағалау:Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.


Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, әр түрлі доптар, фишкалар, құрсаулар, қағаз, қалам, сұрақтар жазылған қима қағаздар



Сабақтың соңы

5 мин


«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті:Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау:Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді

Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »

Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы.

Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу.

Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

Бақылау, тыңдау, сұрақтар

Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау

Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!