Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:«Шахмат және оның тарихы»
Орындаған: ДШжС білім беру бағдарламасы 3 курс студенті
Оразов Ж.К
Тексерген: Phd қауымдыстырылған профессор Мендіғалиева А.С
Орал, 2023 жыл
Жоспар
1.Кіріспе...................................................................................1
2.Шахмат ойынының ережесі ...............................................4
3.Шахмат және оның шығу тарихы.......................................4
4.Әлем, Қазақстан чемпиондары...........................................6
5.Шахмат ойынының мақсаты................................................9
6.Шахмат ойынының пайдасы................................................10
7.Қорытынды.............................................................................11
Кіріспе.
1. Шахмат атауының шығу төркіні
Шахмат 6-шы ғасырда ежелгі үнді ойыны кезінде шыққан. Оның атауы ежелгі және орта ғасырлардағы үнділердің әдеби тілінен аударғанда шахматтағы пешка, ат, піл және ладья ұсынылған жаяу әскер, атты әскер, піл және соғыс арбалары кіретін «әскердің төр бірлігі» деген мағына береді.7-ші ғасырда бұл ойын Парсы жеріне келді және атауы шатранж деп өзгертілді. Шахмат сөзі дәл осы парсы тілінен шыққан. Ойыншылар «шахты» (парсы патшасы) жей отырып, қарсылас патшаға шабуыл жасаған. Ал «Шах мат» парсы тілінен «патша өлді» деген мағынаны білдіреді.
2. Барлығын сан соқтырған шахмат автоматы
1770 жылы венгерлік өнертапқыш Вольфганг фон Кеплемен шахмат машинасын ойлап тапты. Автомат адамға ұқсас болды. Онда есігі ашылатын ағаш шкафтың үстінде отырған адамның мүсіні жұртшылыққа күрделі механизмдерді көрсететіп отырады. Механикалық қол шахмат тастарын өзі жылжытып, Наполеон Бонапарт және Бенжамин Франклин секілді танымал қарсыластардың өзін жеңетін. Бірақ, көптеген жылдан кейін шахмат машинасының автомат болмағаны анықталды. Сөйтсе оның ішінде көрермендерге ақылды «машинаның» күрделі механизмдерін көрсетіп отыратын, мықты шахматшы жасырынып отырған.
3. Ең ұзақ және ең қысқа шахмат ойыны
Ең қысқа шахмат ойыны ақымақ мат деп аталады және ол екі қадамнан тұрады. Мысалы, 1. f3 e5 және 2. g4 Qh4 ++. Жеңіліс немесе тең ойын ойыншы ойынға кіріспес бұрын да орын алуы мүмкін. Ал ең ұзақ шахмат ойынын 1989 жылы Белградта Иван Николич пен Горан Арсович ойнады. Ол 20 сағат 15 минутқа созылды. Ойын барысында 269 қадам жасалған және бұл партияда екі шахматшы да тең түсіп, жеңімпаз анықталмады. Теориялық тұрғыдан ойын бұдан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бірақ 50 қадам жасау туралы ереже енгізілгеннен кейін бұл сан шектелуі мүмкін.
4. Шахбокс
Гарри Каспаров бірде «шахмат – ақылдың азабы» деп айтқан болатын. Сондықтан, әлдебіреулер шахматты физикалық сынақтармен біріктіріп, шахбокс жасауды шешкен көрінеді. Нақтырақ айтар болақ, шахбокс шахмат пен бокстың қосындысынан туған қоспалы спорт. Шахбокстың негізін салушы Нидерланд суретшісі Ипе Рубингстал. Ол шахмат пен боксты бір комикстік кітапта біріктіру идеясын көргеннен кейін шахбокс ойлап тапты. Шахбокста шахмат және бокс турнирлері айналымға түседі және оның ұраны: «Шайқас – алаңда болады, ал жауынгерлер – шахмат тақтасына түседі». Сондай-ақ, «шахбокс» бүкіл әлем бойынша кеңінен танымал болып, бүкіл әлемдік шахмат бокс ұйымының бақылауына алынды.
5. Динамикалық патшайым
Шахматтың Ферзь немесе патшайым тасы шахмат тарихында көптеген өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрі оның тек диагональ бойынша бір торда ғана жүре алуынан басталды. Кейіннен ол екі торды аттап жүріп, содан кейін ат сияқты одан әрі жылжып отырды. Енді бұл тас диагональ да, көлденең де, тігінен де жылжиды. Алғашында ол патша кеңесші немесе уәзір болды. Бірақ, кейіннен шахматтағы ең мықты тасқа айналды.
6. Соқыр шахмат
Соқыр шахмат – бұл ойыншының шахмат тақтасына қарамай-ақ, барлық қадамдарды жасайтын ойын нұсқасы. Әдетте, ойында барлық тастардың орнын ауыстырып отыратын делдалдық етуші үшінші адам болады. Соқыр шахмат ойнау әдісі көптеген мықты шахматшыларда болатын керемет қабілет. Шахматтың бұл нұсқасында венгерлік шахматшы Янош Флеш чемпиондардың бірі атанды. Ол 52 адаммен бір уақытта шахмат ойнап, оның 32-сінде жеңіске жетті.
7. Шексіз мүмкіндіктер
Әр үш қадамнан кейін әр ойыншыда тоғыз миллионнан астам мүмкін позициялар бар. Америкалық математик қайталанбайтын шахмат ойындарының ең аз санын есептеп, Шеннон санын шығарды. Осы санға сәйкес, ықтимал бірегей партияның саны әлемдегі атомдардың санынан асып түседі. Атомдардың саны 10 ^ 79 деп бағаланған, ал бірегей шахмат ойындарының саны – 10 ^ 120.
8. Шахматтық компьютерлердің күші
Қазір шахматтық компьютерлер шахматтың маңызды бөлігі болып табылады. Шахмат тарихында ең мықты ойыншы саналатын әлем чемпионы Гарри Каспаров, 1997 жылы Deep Blue компьютерінен ұтылып қалып, бүкіл жұртты таңғалдырды. Оның шахматтық компьютерлерден жеңілуі шахмат әлемі үшін шынайы соққы болды. 2006 жылы әлем чемпионы Владимир Крамник компьютерлік Deep Fritz шахматтық компьютерінің күшін тағы бір атап өтті. Бүгінгі таңда шахматтық бағдарламаларды ойыншылар ойынды талдау және жақсарту үшін жиі қолданады. Сондай-ақ, оларды жиі гроссмейстерлермен теңестіреді.
9. Ұйықтап қалмау үшін қойылатын шахмат сағаты
Бастапқыда шахмат ойындары сағатсыз ойналатын. Сонымен қатар, ойыншылар бір-бірін шаршатып, тіпті бірнеше күн қатарынан ойнай алатын болған. 1851 жылы шахмат турнирінде төрешінің көмекшісі шахмат паритиясына «ойыншылар ұйықтап қалғандықтан ойын аяқталмады» деген қорытынды жасады. Осыдан кейін, бір жыл өткен соң халықаралық турнирде уақытты бақылау үшін сағат қойылатын болды. Ал 1883 жылы британдық Томас Уилсон жасаған алғашқы механикалық шахмат сағаты пайда болды.
Шахмат — ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. [1]
2.Шахмат ойынының ережесі
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі турка және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
Шахматты ойыншылар тобы да, бір-біріне немесе бір ойыншыға қарсы ойнай алады; мұндай ойындар әдетте кеңес беру деп аталады. Сондай-ақ, бір мықты ойыншы бірнеше қарсыластармен (әрқайсысы бөлек тақтада) ойнайтын бір уақытта ойын сеанстарының тәжірибесі бар. Ойын белгілі бір ережелерге бағынады; ресми турнирлерде ФИДЕ ережелері қолданылады, олар тек фигуралардың қозғалысын ғана емес, сонымен қатар төрешінің құқықтарын, ойыншылардың мінез-құлық ережелерін және т.б. реттейді. Стандартты емес ережелері, фигуралары, тақта өлшемдері бар шахматтың көптеген нұсқалары бар. Шахмат композициясының тиісті бөлімі-ертегі шахматы. Математика шахмат ойынының әртүрлі аспектілерін зерттейді (мысалы, классикалық "ходе барысы туралы есеп" және "сегіз патшайым туралы есеп"), соның ішінде компьютерлік модельдеу арқылы. [2]
3.Шахмат және оның шығу тарихы
Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға, Тибетке, Малайя аралдарына, Иранға тараған. Ал Ираннан шығыс халықтарына-арабтарға, армяндарға, грузиндерге, византиялықтармен түріктерге ауысқан. Иран, Кавказ арқылы Россияға, арабтар арқылы Европаға және Жер Орта теңізі аралдарының тұрғындарына, Пиреней, Аппенинге, одан Францияға, Германияға, Британияға, Испанияға дейін жеткен.Новгородтық жырлардағы саудагер жолаушы (көпес) Садко Ильмен көлінің түбіне батып бара жатып, алтын фигуралары бар қымбат бағалы шахмат тақтасын өзімен бірге ала кетеді. Оны қарсы алған теңіз патшасы Садкоға шахмат ойнауды ұсыныпты деседі.Орыс жерінде шахмат ойнау XV ғасырдың басында патша мен ақ сүйектердің балаларын тәрбиелеп, баулу жүйесіне енгізілген. Тарих бізге осы кезеңдердегі тамаша орыс шахматшыларының есімін сақтап жеткізе алмады. Иван Грозныйдың патшалығы кезінде Москваға келген Павел Одерброн деген біреу: «Орыстар немесе москвалықтар шахматты зор шеберлікпен ойнайды. Бұл ойынды олардың шебер ойнайтындығы сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар-жоғын білмеймін.» деп жазады.XIX ғасырда шахмат өнері дамыған елдер мәдениетінен кеңінен орын ала бастады. Халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлермен матчтарда кездесулері басталды.Қазақстанда әйелдер арасында өткен 1934 жылғы біріншілікте петропавлдық шахматшы Ольга Стрелова жеңіске жетті. Кейінгі кездегі өткен чемпионаттарда спорт шебері Аида Мүсілімова Қазақстанның он дүркін чемпионы болды. 1981-1982 жылдары Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын спорт шебері Гүлнар Сахатова иемденді.Орыстар немесе москвалықтар шахматты зор шебер-лікпен ойнайды. Бұл ойынды олардың шебер ойнайтындығы сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар-жоғын білмеймін. Павел Одерброн.XIX ғасырда Францияда-Л.Лабурдоннэ, Англияда-Г. Стаунтон, Германияда-А. Андерсен, АҚШ-та П. Морфи таңдаулы шахматшылар ретінде танылды. Россияда шахмат тақтасына қарамай ойнаудың асқан шеберлері П. Шиллинг, К. Яниш, Сергей Урусов пен оның інісі Дмитрий, шахмат есебін құрастырушы және күшті тәжірбиелі ойыншы И. Шумов, А. Петров шахмат мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. М. Чигорин-көрнекті орыс шахматшысы. Ол ширек ғасыр бойы үздіксіз Россия чемпионы болды және халықаралық жарыстарды сол кездегі мықты шахматшылар Қазақ халқы ежелден спортқа бейім болған. Сол сияқты біздің халқымыз ой спорты түрлерінен де құралақан қалмаған. Той-думандарда, жиындарда болмаса, спорттық жарыс, сайыс арнайы ұйымдастырылмады. Жаңа дәуірмен бірге өркен жайған таланттың бірі-әйгілі шахматшы, спорт шебері қостанайлық Анатолий Гаврилович Уфимцев еді. Ол Қазақстанның он дүркін чемпионы. Петербург шахмат мектебінің түлегі 1909 жылдан шахмат шебері Сергей Николаевич Фрейман, оралдық Шәмшит Мырзағалиев, астаналық Хәкім Омаров, шымкенттік Константин Коханов, алматылық Серікбай Бейсембаев, Евгений Браун-әйгілі шахматшылар. Аида Мүсілімова-Қазақстанның он дүркін чемпионы.[2]
4.Әлем,Қазақстан чемпиондары
Атырау қаласында 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

1-сурет. Қазақстан чемпионаты
Бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен Алматы, Ақмола облысы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Семей облысының 69 ойыншы барды (41 ұл және 28 қыз). Солардың ішінде еліміздің абыройын әлем, Азия чемпионаты мен ірі халықаралық сайыстарда асқақтатып жүрген Зарина Нұрғалиева, Аяулым Қалдарова, Марк Смирнов, Елназ Калиахмет, Жәңгір Бижігітов және т.б. бар.
Чемпионат нәтижесі келесідей:
Шахматтың классика түрінен қыздар арасында:
1 орын – Сұлтанбек Зейнеп, Шымкент қаласы
2 орын – Қалдарова Аяулым, Шымкент қаласы
3 орын – Попандопуло Кристина, Қарағанда облысы
Шахматтың классика түрінен ұлдар арасында:
1 орын – Әбділхаир Әбілмансұр, Шымкент қаласы
2 орын – Бижігітов Жәңгір, Алматы облысы
3 орын – Мажкенов Әлішер, Астана қаласы
Шахматтың рапид түрінен қыздар арасында:

2 орын – Холявко Мария, Алматы обысы
3 орын – Калиахмет Елназ, Алматы облысы
Шахматтың рапид түрінен ұлдар арасында:
1 орын – Амангелді Ернұр, Астана қаласы
2 орын – Ахилбай Иманғали, Алматы облысы
3 орын – Ахмединов Сатбек, Астана қаласы
Шахматтың блиц түрінен қыздар арасында:
1 орын – Нұрғалиева Зарина, Атырау облысы
2 орын – Сұлтанбек Зейнеп, Шымкент қаласы
3 орын – Қалдарова Аяулым, Шымкент қаласы
Шахматтың блиц түрінен ұлдар арасында:

2 орын – Смирнов Марк, Алматы облысы
3 орын – Исанжулов Арыстан, Абай облысы
Жеңімпаздар диплом, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.[3]
5.Шахмат ойынының мақсаты:
Тақта үстіндегі шиеленіскен тартыста белгілі бір мақсат бар. Ол шахмат ойынында басты фигура болып есепте-летін корольге мат беру. Корольге мат берілуімен партия аяқталады.Ойнаушылар кезектесіп жүреді, яғни кез келген фигураны оның жүру тәртібі бойынша бір шаршыдан екінші шаршыға жылжытады. Кезекте тек бір ғана фигураны жүруге болады. Бұл ереже тек рокировка (корольді тұрадан аттатып қою) жасағанда ғана сақталынбайды.Ақ жағының бірінші жүрісінен кейін, қара жағы бірінші жүріс жасайды. Сөйтіп ойын осылай жалғаса береді.

2-сурет. Шахмат
Әрбір шаршыда тек бір ғана фигура тұра алады. Алайда жүрілген фигураның жолында қарсы жақтың ережеге сәйкес «жеуге» болатын фигурасы тұрса, онда оны алып, орнына өз фигурасын қояды. Бірақ фигураларды жеу міндетті емес, оны жеу керек пе, керек емес пе, оны жағдайға қарап ойнаушының өзі шешеді.[4]
6. Шахмат ойынының пайдасы
"Бірінші кезекте шахмат-ол күрес".Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.Шахмат ойыны- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.Сондықтан, адам баласының дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, химия , физика секілді пәндерге көп септігін тигізеді. әлемдегі кең таралаған ойындарының бірі болып табылады. Психологтар жиі шахматты есте сақтаудың тиімді жолы деп атайды. Ол сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуге және түрлі идеяларды ойлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болар, дәрігерлер альцгеймер ауруымен күресу үшін науқасқа шахмат ойдауды ұсынады. Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді.[5]
Қорытынды.
Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі дегім келеді. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек. Мақаламды Шахмат ойынына байланысты Елбасымыздың «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» — деген қанатты сөзімен аяқтаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Н.Даулыбаев, Ж.Мақажанов Шахмат ойыны.-Алматы: «Қазақстан» 1984ж.
2. https://massaget.kz/
3. Ю.И.Карахан Шахмат ғажайып ойын Алматы «Қазақстан» 1985ж.
4. https://stud.baribar.kz/
5. Аттың жүрісі. Алматы Қазақстан 2002ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шахмет және оның тарихы

шағым қалдыра аласыз