Материалдар / «САНДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - УАҚЫТ СҰРАНЫСЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«САНДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - УАҚЫТ СҰРАНЫСЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Шілде 2018
3704
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сандық сауаттылық – уақыт сұранысы»


Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Осының бәрі – Қазақстан­­­ның әлемдік аренада мо­йын­­­далғанының айқын белгісі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жол­дауы еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңыз­ды қадамдардың бірі деп санай­мын. Жас буын өкілі ретін­де, әсіресе, «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы үшін ерек­ше қуаныштымын. Себе­бі, бола­шақ технологияға бай­ла­нысты, тех­нологиялық тұр­ғы­­да дамуға қол жеткізу бас­қа са­ла­ларға да серпін бере­ді. Со­ны­мен қатар, IT бағ­дар­лама­лар шығындарды азай­тып, уақыт­ты үнемдеуге көмек­тесе­ді, адам­дар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.


Мемлекет басшысы өз Жолдауында: "Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты", - деп нақты болашаққа айқын бағдар берді.


ХХІ ғасыр ақпарат дәуіріне айналып келеді. Ақпарат көлемі соншалықты көп, жекелеген адам оның барлығын игере алмайды. Жыл сайын адамзат жинақтаған білім қоры тез арада өсуде. Осы ретте сауаттылықтың жаңа түрі пайда болуда. Ол – сандық сауаттылық. Технологияларды пайдалана отырып, керекті ақпаратты алу үшін белгілі бір машық пен құралдар керек. Аталған құралдарды тиімді пайдаланудың өзі өнер. Сандық сауаттылық жаңа ғасырда өмір сүретін адамның ажырамас бөлшегіне айналды.


Сандық сауаттылық кең ауқымды құрама бөлшектерден тұрады. Сандық сауатты адамды сандық азамат деп атайды. Сандық азаматқа тән бірнше қасиеттер бар.

Бірінші: киберкеңістікке кіруге мүмкіншілігі бар азамат.

Екінші: сандық коммерцияны пайдалану. Оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер ала алу қабілетінің болуы. Сонымен қатар интернет арқылы интернет картасын пайдалана алу да кіреді.

Үшінші: сандық коммуникация. Интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орнату, хаттарды тасымалдайтын қызметтерді дұрыс пайдалану жатады.

Төртінші: сандық сауаттылық ұғымы азамттардың ресуртарды тиімді пайдалануға тікелей байланысты.


Бесінші: Сандық этикет бұл құрамдас бөлшегі. Өзін онлайнда қалай ұстау керек, басқа пайдаланушылармен қарым-қатынасқа түсе білу қабілеті.

Алтыншы: сандық заңдарды білу. Бұл заңи сауаттылықпен тікелей байланыста болады.

Жетінші: сандық құқықтар, жекелеген азаматтардың қолжетімді құқықтарының жиынтығы.

Сегізінші: сандық сауаттылық. Адам ағзасына технологиялардың әсерін білумен қатар, интернет арқылы өз денсаулығыңды сақтай алу қабілеті.

Тоғызыншы: сандық қауіпсіздік. Жеке ақпараттарды сақтау және оларды дұрыс пайдалана алу қабілеті. Бұл құрамдас бөлшектерді біліп, өмірде дұрыс пайдалана алған адам сандық азамат болады. 


Елбасы: «Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор», ‒ деді.

Елбасының жолдауы бойынша жиі айтылып келетін өзекті мәселе – Қазақстанды цифрлық сауаттандыру. Яғни халықтың өз-өзіне қызмет етуі. Ең біріншіден керегі – компьютерлік сауаттылық. ҚР-ның кез келген азаматының компьютерлік сауатты болуы заман талабы деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!