Материалдар / Секіру және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Секіру және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
10. 3. 3. 3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау Түрлі бағыттағы дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаның энергетикалық жүйесімен байланысын зерттеу Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды. Ағзаға тиімді жаттығуларды орындайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
624
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 5


Мектеп


Мұғалімнің аты-жөні


Сынып






Күні






Қатысушылар саны:






Қатыспағандар саны:






Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы

Сабақ тақырыбы

Секіру және оның түрлері

Оқу мақсаттары

10. 3. 3. 3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау

Сабақ мақсаттары

Түрлі бағыттағы дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаның энергетикалық жүйесімен байланысын зерттеу

Бағалау критерийлері

Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.

Ағзаға тиімді жаттығуларды орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар, жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру, екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік, дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?

- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?

- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен орындау керек?

- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау қаншалықты қажет?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Жылдамдық, төзімділік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Ысқырық, секундомер, бор, өлшегіш, биіктікке секіруге арналған маттар, таяқшалар, бағандар, жалаушалар.

https://www.youtube.com/watch?v=S0792zB7f8E

https://www.youtube.com/watch?v=hjxnK3tG-Vk

Сабақтың ортасы

25 минут

(Ж, К, Ф) «Қайталамалы секіріс». Сынып, сан жағынан тең, бірнеше топқа бөлінеді. Топтағы бірінші оқушылар 5м оң аяқта, 5м сол аяқта, 5м екі аяқта секіреді. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар талдау жүргізеді.

Берілген ойынды өзіңіз өзгертуге немесе оқушыларға өзгертуді ұсынуыңызға болады. Оқушылар топтарда жұмыс жасап, «қайталама секіріс» кешенінің нұсқаларын ұсынып, талқылайды. Көрсеткеннен кейін оқушылар қай нұсқасы екенін анықтап, секіру тапсырмаларын жетілдіру нұсқаларын қарастырады.

(Т, К, Тәж, Ф) Сыныпты топтарға бөліп, тапсырма беру: «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйрену. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 100-110 см биіктікте орналасқан белгі таяқшасынан (планка) секіру. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгі таяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлу керек. 5-7 рет қайталау. Кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізу.

Оқушылар секірудің алдында екпін алуды орындайды (адымды қою және максималды жылдамдықты қамтамасыз ету), белгі таяқшасын бағындыру және қону. Биіктікке секіру сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Көрсету барысында орындалу әдісін түзету. Сұраңыз: Не үшін күнде таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін орындау қажет?

(Т, К) Сынып бірнеше командаға бөлінеді де, кезекпен ұзындыққа секіреді. Сөре мен мәре сызықтарын бір-бірінен 1м немесе 1, 5м қашықтықта бормен сызады. Ойыншылар алға еңкейіп, қолдарымен табан буындарынан ұстап (өкше). Екі аяқпен бірге итеріліп, сызықтың үстінен секіруге тырысады. Сәтті орындалған мүмкіндікті кері бағытта қайталау керек. Егер дұрыс орындалса өз командасына бір ұпай алады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Ойынды өткізу барысында ойын ережесінің сақталуына назар аударыңыз. Ойынды өткізу және әділ төрешілік үшін топты екі командаға бөліңіз. Секіруді кезегінің ретімен орындау. Сабақ барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалаңыз. Ойын ережесі: 1. Сызықты баспау керек. 2. Әр команданың ойыншылары кезекпен жарысады.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!