400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шексіздікті таныған адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Шексіздікті тану - бұл өзіңнің миыңдағы бұғауды шешу , арманыңа сену. Әлемнің әр қырын алсақ та , шексіз тұсы бар. Біз біле бермейтін, сыры ашылмаған құпиялар ұшан теңіз. Оның барлығын ашу - мүмкін емес. Өзіңе ұнайтын ғана ғылымды игеріп, сол сала бойында суда жүзген балықтай қозғалу - зор бақыт әрі шексіздікті тани бастайсың.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шексіздікті таныған адам»

Шексіздік – ешқашан таусылмайтын, тоқтамайды дегенді білдіретін сөз. Бұл әлем шексіз ғажайыптарға толы. Қай қырын алсақ та, оның шексіз тұсы бар. Ол шексіз қырын адам өзі табады, іздейді және жетеді. Шексіздікті тану - бұл өз мүмкіндіктерін бағалау және түсіну . Ал ол биік түсінікті қалхыптастырған кім ? Шексіздікті таныған адам деп кімді айта аламыз?



Жақында «Шексіздікті таныған адам» деген фильмді көрдім. Туынды математика ілімінің ғажап жолдарын салып кеткен үнді математигі Сриниваса Рамануджан жайында көрсетіледі. Сриниваса Рамануджан – 1877 жылы Британдық Үндістан жерінде дүниеге келген. Қарапайым есепші мен діндар ананың отбасында өсті. Рамануджанның математикаға жүйріктігі, қабілеті мектеп жасынан – ақ оянды. Өзі тұратын аудан тұрғындарына есеп шығарудан көмектесіп, алғырлық танытқан. Бұл қасиетін көрші – қолаң, жақын туыстары байқап, қошемет көрсеткен. Оның математика іліміне қызығушылығы күн санап өсе берді, сандарды көрсе өзін тылсым әлемде жүргендей сезінетін . 14 жасында ол Эйлердің косинус және синус теоремасын ашқан. Бұл оның алғашқы ашылуы еді. Теорема Рамануджаннаның жария етуінен бұрын шыққанын көріп қатты мұңайды. Осы сәтсіздік оны алгебра мен формулалар әлемінен тоқтатқан жоқ. Математикадан күніне жүздеген есеп шығаруды жаны құмар ететін. Ол осындай қарымды қарқынмен 16 жасында Джордж Шуборидж Каррдың «Қолданбалы математиканың қарапайым шешімдері » атты 2 томдық жинағына қол жеткізеді. Дәл осы кітап бозбала Рамануджанның ғылымның «шексіздік» есігін айқара ашты. Ол 6165 теорема мен формуланы қамтитын жинақ құрастырды. Бір ерекшелігі – бұл теорамалардың ешбір дәлелденуі болмаған. Өзін математикаға жанын бере отырып, ғылымда өз қолтаңбасының қалай болмасын қалуы керек деп шешті. Ұйқысыз түндер мен жарықсыз күндерін сандардың тізбектік теоремасын ашумен өткізді. Рамануджан өз еңбегін еш құнсыздандырмай, Кембридж университетінінің профессоры Голдфри Хардиге өзінің ғылыми туындыларын хат қылып жолдады. Хатта ол өзінің ешқандай жоғары оқу орнын бітірмей, математикаға бала кезінен әуес болып, өзі оқып – үйреніп ,формулаларды өз бетінше құрастырғанын айтты. Көрнекті профессор жас ғалымның талантына таң қалды да, онымен жақынырақ танысуы үшін Ұлыбританияға шақырып алады. Міне , Кембридж университетінің табалдырығын аттаған күннен, Рамануджанның ғылымда жұлдызы жанды. Тәлімгері Хардимен бірлесіп, « Бөлімдер санының асимптотикасы» бойынша жұмысын сәтті аяқтады. Хардидің Рамануджанның бойындағы ерекше қабілетті байқап, оның ғылымда жолын жалғап беруі - нағыз ұстаздық потенциалын көрсетті. Бұл фильмнің негізгі ойы - ешқашан өз арманың мен мақсатыңнан таймау, тек өз білімің мен күшіне сену . Қарапайым , кедей отбасыдан шыққан адам үлкен белесті бағындырып, қиыл өткелдерді артқа тастап – өз мақсатымен бетпе – бет жолығуы “мүмкін емес нәрсе жоқ екенін” тағы бір рет айғақтады. Арманыңа сен, арманың - өмір шуағың !



Садық Медина

«Qadaz Media» білім орталығының оқушысы

Астана қаласы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі