Материалдар / Табыстың кілті үздіксіз білім алу

Табыстың кілті үздіксіз білім алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта интернет пайдалану студенттердің білімін бағалауда өтілген тарау немесе тақырыптарды қайталау барысында немесе жаңа материалды бекіту барысында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану және SWOD әдісі маңызы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2022
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Табыстың кілті үздіксіз білім алу

Заман ағымына қарай инновациялық технологияларды қолдану, кез келген сабақта цифрлық білім ресурстары мен электрондық оқулықты, интерактивті тақта, интернетті пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасау.

Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ елімізді көкке көтереді. Еліміздің болашағы жас-тардың сапалы білімі мен тәрбиесі, талап - тілегіне, арман - мұратына байланысты қалыптасатыны сөзсіз. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылық-тарымызды, тарихи дәстүрімізді жаңғыртып қоймай, экономика, ғылымын дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндетті.

Ал адам капиталдың өзегі – білім. Білім болашақ кепілі. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу - қай жағынан алғанда маңызды міндет. Білім әлемдік деңгейде шығу үшін, студенттеріміз көптеген озық технологияларды меңгеруі, жан-жақты, білім алып дамуына қолдау көрсету әр ұстаз міндеті.

Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені даусыз. Қазіргі білім мен техниканың дамыған заманында оқу үрдісінде бәсекеге қабілетті болатын әлемдік дең-гейге шығатын жас ұрпақты білімді, мәдениетті, тәрбиелі, жан - жақты болып қалыпта-суына ұстаздың еңбегі зор.

Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай атамыз айтып кеткендей және де ұстаздың өзі - адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлікті қажет етеді.

Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, білікті білімі, мәдениеттілігі, сабырлығы, ұйымдас-тырушылық қабылетімен, бірдей көңіл бөле және тіл табыса алатын, көзқарасы психо-логиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алуы.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.

Болашақты ойлайтын ұстаз шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алатын, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалық касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер ұстазды жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламарының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану туралы міндет қойылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қашықтықтан оқытуды біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді, қолжетімді әрі сапалы білім беру бәсекеге қабілетті маман дайындау және «Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарқында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деп атап өткендей, қашықтықтан оқыту технологияларының кез келген цифрлық білім беру ресурстары мен АКТ-ның сан алуан нұсқаларын пайдаланып қашықтықтан оқыту "Online", "offline" және "MODDE" жүйесі мен "ZOOM" " платформа мен ютуб каналында бейне сабақтары, инновациялық оқу әдістемелерді енгізу арқылы студенттердің саналы да сапалы білім сапасын арттыру.

АКТ-ны оқу үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі өте жоғары:

- ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу жұмысына жаңашылдық енгізу;

- цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып сабақты қызықты өтікізуге;

- студенттердің шығармашылық қабілеттері мен зерттеу әрекетінің дағдыларын дамытуға;

- коммуникативтік қабілеттерді дамыта отырып, студенттердің ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға;

- студенттердің білімге деген қызығушылын арттыруға;

- компьютерлік бағдарламалармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын арттыруға және т.б. мүмкіндік береді.

Студенттердің білімін бағалауда өтілген тарау немесе тақырыптарды қайталау барысында немесе жаңа материалды бекіту барысында цифрлық білім беру ресурстарын төмендегі көрсетілген сурет 1бойынша жұмыстар жасауға болады.


1 сурет. Білімін тексеру


Оқу үрдісінде студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқытушы әр түрлі әдіс - тәсілдерді және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданатын болса, сабаққа деген қызығушылығы артады.

Оқу үрдісінде өтілген тақырыпты талдау жасау - кеткен кемшіліктердің себебін анықтау. Жоспарлау аясындағы талдаудың әдістерінің бірі болып SWOT әдісі.

SWOT деген не?

SWOT – тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделген сараптамалық әдіс. Бұл сөздің мағынасы жоқ, дегенмен құрамындағы әр әріптің өзіне тән түсінігі көрсетілген сурет 2 .




Shape6 Shape4 Shape5 Shape2 Shape3 Shape1


2 сурет. SWOT талдау


Алғаш рет SWOT туралы 1963 жылы Гарвард Университетінде өткен бизнес- саясат мәселелерінің проблемаслары жөніндегі конференцияда профессор Кеннет Эндрюс айтып өткен 1960 жылдардан бастап бүгінге дейін SWOT - талдауы стратегиялық жоспарлауүрдісінде кеңінен қолданылуда.

SWOT – талдау жасау үшін ең алдымен, ақпарат жинау керек. Cодан соң, күшті, әлсіз, жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ішкі ортаны талдау үшін мәліметтер, есептерді жинақтау қажет.

Оқытушы үйренген әдіс-тәсілдерін, өз тәжірибесінде , қолындағы бар ресурстарды, оқушылармен логикалық және деңгейлік тапсырмаларды, ұжымдық, топпен жұмыс ақпараттық технология және коммуникация құралдарын оқу үрдісінде пайдалана алуы керек.

Соның арқасында мынандай күтілетін нәтижелерді айтуға болады.

  • Білім алушы ақпаратты өңдеп, ойлана алатын, алған білімдерін өмірде қолдана алатын , жан-жақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.

  • Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отан сүйгіш азамат тәрбиеленеді.

  • Оқыту технологияларын жетік меңгерген, шығармашыл, жан – жақты оқытушының саны арта түседі.

  • Жек тұрғаға және нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі арқылы оқушылардың түлғалық ерекшеліктері ашылады.

Күшті (мықты) жақтары:

  • Заманауи құрылғылар мен құрал жабдықтарды пайдалану;

  • білім порталдарынан түрлі қызықты ақпараттар алу;

  • жаңашылдыққа ұмтылатын оқытушылардың болуы;

  • жүйелі жұмыс;

  • АКТ – ны меңгеруі;

  • ұжымдық көмек;

  • кәсіби білім сапасы;

  • логикалық ойлауды дамыту;

  • әріптестеріміздің ауыз біршілігі;

  • адамшегершілік қасиеттің жоғары болуы;

  • уақытты ұтымды пайдалану;

  • оқытушы мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше қолжетімді болуы;

  • ата - ананың білім беру үрдісін және оқытушымен қарым - қатынасын бақылау мүмкіндігі


Әлсіз жақтары:

- Кәсіби біліктіліктің жетіспеушілігі;

- интернет желісінің төмендігі, қолжетімсіздігі;

- оқу орындарында техникалық және бағдарламалық құралдар болуы тиіс;

- оқытушы және оқушының үйінде де жақсы техникалық құралдар болуы тиіс;

- халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі;

- ата-аналардың балаларына оқуға қол жетімді құралдармен қамтамасыз ете алмауы;

- үй тапсырмаларының орындалмауы;


Мүмкіндіктер:

- Ақпараттық құрылғыларды меңгеруі;

- іс-тәжірибені таратуға, шығармашылығын шыңдауға;

- білім сапасын көтеру;

- ауыл мен қала баласының тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бар;

- оқушылардың оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу.


Қауіп – қатерлері:

- мұғалімнің жаңашылдыққа ынталанбауы;

- ізденбеу;

- ғаламтор желілерін пайдаланбау;

- оқушылардың компьютерге, планшетке тәуелсіздігі;

- теориялық білімді жеткілікті түрде ала алмағандықтан практикада дұрыс қолдана алмауы;

- қағазбастық;

- сабақта әдіс – тәсілдерді пайдаланбау т.б.


Жалпы, SWOT - талдау дегеніміз, бұл негізінде оқу үрдісінде ортаның тарапынан туындайтын жағдайлардың күшті және әлсіз жақтарында, мүмкіндіктер мен қауіптерге жасалалатын сараптаулар.



Сабақ қызықты өткізу үшін Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы студенттертің өз бетінше анықталған өзекті даму деңгейі мен қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілетін болжам әдіс-тәсілдерді және ойындарды пайдалануға болады.

  • Шаттық шеңбер - оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру;

  • Гүлмен тілек - тыңдау дағдыларын дамыту;

  • Менің есімімнің тарихы - оқушылардың бойында құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту;

  • Заряд алу - оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету;

  • Бұзық телефон - дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау;

  • Жалғасын тап - оқушыны жылдам ой қорытуға баулу

  • Екі дұрыс, бір бұрыс - оқушының ойлау қабілетін дамыту т.б.

Оқу үрдісінде студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты.


Сұраныс беру үлгісі:

1

Қатысушының тегі, аты-жөні:

Джунисбекова Мира Рахимбековна.,

Жұмабаев Қайрат Жандарбекұлы.


2

Облыс, аудан,қала,атауы:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

3

Жұмыс орының атауы:

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

4

Педагогтың лауазымы, сабақ беретін пән атауы:

Математика пәнінің оқытушы

5

Телефон, е-mail.ru

87475585851. kairat210761@mail.ru

6

Материалының тақырыбы:

Табыстың кілті үздіксіз білім алу


Индекс: 080000

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

Қойкельді бұрылыс 36 үй

Жұмабаев Қ.Ж. 8-747-558-58-51

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ