Материалдар / Таңдау пәндерінің берілуіне анализ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Таңдау пәндерінің берілуіне анализ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жекелеген пәндер бойынша білім сапасына анализ Зейнелхан Г
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2024
108
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер ету үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой-танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын математика пәнін оқу үдерісімен қатар оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейтіні баршамызға аян. Сондықтан қазіргі кезінде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырумен қатар уақыт талабына сай оқыту үдерісін жетілдіру. Сабақ сапасы мен білімділігін арттыру - әр мұғалімнің басты міндеті.

Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтау ғана емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатырған жұмыстардың негізгілерінің бірі жалпы білім беретін мектепте математика, жаратылыстану ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады. Осыған орай математка, жаратылыстану пәнін тереңдетіп оқытумен бірге, негізгі алған білімді жүйелеуге вариативтік сабақтар жүргізудің әсері зор және әр түрлі деңгейлі сайыстарда өз нәтижесін беріп жүр.

 Математика, жаратылыстану пәні бойынша вариативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті оқушылармен жұмысты жандандырудың мүмкіндігі мол.

Вариативтік сабақтар дегеніміз – оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар.

Вариативтік сабақтарының негізгі мақсаттары:

  1. Оқушылардың математика, жаратылыстану пәндерінен білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;

  2. Оқушылардың математика, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру ;

  3. Оқушылардың математикалық, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;

  4. Оқушылардың келешектегі кәсіби бағдарлауын анықтау;

  5. Оқушыларды бітіру емтихандарымен ҰБТ-ге дайындау.

  6. PISA, TIMSS халықаралық зерттеуге дайындау.

  7. ББЖМ –ге дайындау.

  8. Пәндік олимпиада, ғылыми жобаларға дайындау.

Оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 19 қосымшасы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30 қыркүйек 2022жылғы № 412 бұйрығымен 16 қосымша) негізінде жасалынған лицей сыныптарына арналған негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) 5абвг-6абвг сыныптарда вариативтік компонент жаhандық құзыреттілік (0,5 сағ), Дене шынықтыру, спорттық ойындар (1сағ). Лицейлік компонент:TIMSS ЖӘНЕ PISA есептері, Олимпиада есептерін шығару, Биология және қоршаған орта, Робототехника, Өлкетану, Жас зерттеуші, Математикадан мәтінді есептерді шығару, Функционалды математика, Домбыра (1сағ), 7абвгд, 8абвгд, 9абвг сыныптарының вариативтік компонент: -Жаhандық құзыреттілік, таңдау пәндері Алгебра (вариатив), Физика(вариатив), Информатика (вариатив), Химия (вариатив), Биология(вариатив), Көркем еңбек(вариатив), Элективті курстар;- Қазақ елінің тарихи жолдары, Дене шынықтыру: спорттық ойындар, Лицейлік компонент ;- Жаратылыстану бағыты бойынша халықаралық PISA тапсырмалары, Олимпиада есептерін шығару, Биология және қоршаған орта, «Python программалау тілі», Физика есептерін шешудегі CLIL технологиясының артықшылығы, Жас зерттеуші, 10абв сыныптарында жүргізілетін лицей сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен). Инварианттық оқу жүктемесі бойынша таңдау пәндері, Биология (вариатив), Химия (вариатив), Физика (вариатив), География (вариатив), Жаhандық құзыреттілік. Элективті курстардан тарихтағы цифрлар, Дене шынықтыру: спорттық ойындар, Лицейлік компонент, математикалық есеп, биология және медицина, математикалық сауаттылық, күрделі есептер шығару (1сағ). 10г сыныпынан инварианттық компоненттен таңдау пәндерінен физика (вариатив), биология (вариатив), география (вариатив), химия (вариатив), жаһандық құзыреттілік, Элективті курстардан тарихтағы цифрлар, спорттық ойындар.

11аб (физика-география), Таңдау пәндерінен алгебра (вариатив), география (вариатив), химия (вариатив), Физика (вариатив), жаhандық құзыреттілік, элективті курстан Қазақ елінің тарихы , спорттық ойындар, Лицейлік компоненттен физика және техника, математикалық сауаттылық (2сағ), биология практикумы, химиядан күрделі есептер шығару

11в (биология-химия) таңдау пәндерінен биология (вариатив), химия (вариатив), физика (вариатив), қазақ әдебиеті (вариатив), жаhандық құзыреттілік,элективті курстан Қазақ елінің тарихы, спорттық ойындар, аймақтық экология, математикалық сауаттылық (2сағ), биология практикумы, химиядан күрделі есептер шығару,

11г (физика - биология) инварианттық компоненттен таңдау пәндерінен физика (вариатив), химия (вариатив), география (вариатив), биология (вариатив), жаhандық құзыреттілік, элективті курстан қазақ елінің тарихы, спорттық ойындар осы аталған вариативті сабақтардың ерекшеліктеріне тоқсалсақ. TIMSS ЖӘНЕ PISA: мақсаты: Математика пәні бойынша оқушылардың сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, программалау тілінің қажеттілігін, мәселелерді шешудің тиімді жолын үйрену, күрделі, стандартты емес есептерді шешуді дағдыландыру .

Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

  • Стандартты емес есептерді шешу барысында теориялық білімдерін қолданады;

  • түрлі ой операцияларын жүзеге асыра отырып тез әрі дұрыс шешімді табуға үйренеді;

  • Есептер шешудің негізгі әдістерін меңгереді;

  • Оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;

Функционалды математика:

Курстың мақсаты:Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын баулу;

Оқушылардың пән бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту;

Стандартты емес есептерді шеше білуді қалыптастыру және дамыту;

Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;

Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

  • Стандартты емес есептерді шешу барысында теориялық білімдерін қолданады;

  • түрлі ой операцияларын жүзеге асыра отырып тез әрі дұрыс шешімді табуға үйренеді;

  • Есептер шешудің негізгі әдістерін меңгереді;

  • Оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;

Алгебра вариатив

  • Курстың мақсаты:

  • Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын баулу;

  • Оқушылардың пән бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту;

  • Стандартты емес есептерді шеше білуді қалыптастыру және дамыту;

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;

  • Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың математикалық өрісін, зерттеу біліктіліктерін дамыту;

  • Логиканы, ұғымталдықты, сезгіштікті, кеңістікте көре білу, математикалық ойлауды жетілдіру;

  • Оқушылардың өмірде математикалық білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

Олимпиада есептері, Математикалық есептерді шығару, Математикалық сауаттылық, Математикадан мәтінді есептерді шығару.

Курстың мақсаты:«Олимпиада есептерін шығару» тақырыбын оқыта отырып, оқушылардың ақыл – ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер: ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігі;

қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын

ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын жақсарту

Қорытындылай келе, елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушылардың өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. «Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыру талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау ұстаздың басты мақсаттарының бірі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!