Таңғажайып Бүркітсай

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таңғажайып Бүркітсай

Материал туралы қысқаша түсінік
Түз тағысы тау бүркіті, оны сақтау, кейінгі ұрпаққа насихаттау туралы салауаттылық туралы әңгімеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Таңғажайып Бүркітсай

Біз жақында Орталық Қаратаудағы «Бүркітсайға» саяхат жасадық. Жол бастаушы сол жердің тарихын жақсы білетін құсбегілер: Мереке Өтеғалиұлы мен Өтеген Нұрмергенұлы. Олар бізге таудың географиялық орналасуы ерекше екенін айтты. Құсбегілер осы жердің тұрғыны болғандықтан, осы өлкеге қатысты ел аузында сақталған әңгіме-аңызды жақсы біледі екен, сонымен қатар олар құс баптаудағы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісті. Бүркітті қалай ұстауды, түлетуді, аңға салуды, тамақтандыруды, адамдармен қорықпай қарым-қатынасқа қалай үйрету керектігін сөз етті. Біз білмеген нәрселерді құсбегілерден сұрап білдік. Мереке ағамыз бізге құсбегілікке қалай келгенін айтып берді. Оның айтуынша, ол басында үйрететін адам іздеген, ел арасынан таппаған. Мереке ағамыз үйрететін адам жоқ деп апшымаған құсбегілік туралы кітаптарды көп оқыған. Ағамыз газет бетінен құсбегілерді көріп оларға хат жолдаған. Бір күні Мереке ағаға білікті құсбегіден хат келген. Сол хат жазған кісінің арқасында Маңғыстауда Мереке есімді құсбегі пайда болды. Мереке аға өзінің білгендерін жас буынға үйретіп жүр. Мерекенің қазіргі таңда шәкірттері өте көп. Мереке аға бізге бүркітке керекті заттарды әкеліп, көрсетіп, қалай қолдануды үйретті.

Ол жердің табиғаты өте әдемі екен. Біз жолы болғыш адам екенбіз, себебі: біз барған кезде бүркіт аспанда төбемізден кетпей ұзақ ұшты. Онысы қызғыштай балапандарын қорғаштап жүргені. Баласының амандығы үшін адам да, жануар да отқа түседі емес пе?! Оның тыным таппай қалықтағаны, аналық махаббатының жоғарылығы бізге ұнады. Бізді шыр айналып, әуеде сырттай бақылап кетпей қойды, бүркіт қалықтап, өзінің балалары үшін бәйек болды. Сол сәтте баласы үшін шырылдады. Баласына қауіп төнсе, адамға да шабуыл жасайтыны айтылды. Өтежан құсбегінің басынан осындай сәттер өткен де екен. Оның ұясы адамның қолы жетпейтін таудың ұшар басындағы қия шыңда орналасқан. Бүркіттің аналық махаббаты жүрекке сезім ұялатты. Маған бұл саяхат танымдылығымен қызықты болды. Бүркітшілердің табиғатты тануы, түз тағысын төзімділікпен қолға үйретуі, оны бізге түсінікті етіп жеткізуі әсерлі болды. Шатқалдардың ортасы сыңсыған дәрілік шөп, тау, бүркітінің қылығы, өсімдіктердің бітісі, бәрі үйлесімді әдемі табиғат құрап тұр. Табиғат шексіз де әсем әлем екеніне енді көзім жетті.



Сәуірбай Ерқанат, 7 «А»- сынып

Жетекшісі: Бүркітәлиев Дулат



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2021
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі