ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ

Тақырып бойынша 19 материал табылды

ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – ұлт тарихын ұрпақтан ұрпаққа сабақтастыратын төте жол. Сондықтан да тілі жоқ ұлттың өзі де жоғалады деген тәмсілдің астарында үлкен мән жатыр. Тарихымыздың беттерін парақтасақ, небір нәубетті жылдарды көреміз. Сүргінге толы замандар тіліміздің де жер бетінен жоғалып кету қауіпін тудырған еді. Алайда халқымыздың қанындағы қайсарлық, батырлық ешбір елде қайталанбайтын төл мәдениетімізді, тұғыры биік туған тілімізді сақтап қала білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ

 

 

Адамзат болмысына тән ғажайып құбылыстардың бірі – тіл. Тілдің тарихы жүздеген жылдар бойы қалыптасты. Сол арқылы әлемде өмір сүретін әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрін, болмысын паш етіп келеді. Кей деректерде жер шарындағы халықтар арасында 6500-ге жуық тіл бар делінеді Демек қанша тіл болса сонша мәдениет бар деген сөз. Тілдің пайда болуын адам баласының дүниеге келуімен байланыстырған жөн. Ал тілдің сан ғасырлар бойы қалыптасу процесін глоттогенез деп атайды. Негізінен тілдің пайда болуы туралы екі түрлі пікір бар. Бірі – биологиялық теория болса, екіншісі – қоғамдық теориялар. Қалай болғанда да тіл қоғамдық қажеттіліктен туындаған құбылыс 

Тіл – ұлт тарихын ұрпақтан ұрпаққа сабақтастыратын төте жол. Сондықтан да тілі жоқ ұлттың өзі де жоғалады деген тәмсілдің астарында үлкен мән жатыр. Тарихымыздың беттерін парақтасақ, небір нәубетті жылдарды көреміз. Сүргінге толы замандар тіліміздің де жер бетінен жоғалып кету қауіпін тудырған еді. Алайда халқымыздың қанындағы қайсарлық, батырлық ешбір елде қайталанбайтын төл мәдениетімізді, тұғыры биік туған тілімізді сақтап қала білді.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов өз тілінде сөйлескен халықтың ұлттық болмысы ешқашан жоғалмайтынын айтқан. Сонымен қатар, Алаш зиялысы қазақ деген халықтың ұлт боп сақталып тұруы үшін тіліміздің ахуалын қарнымыздың тоқтығын ойлағандай деңгейде ойлауымыз керек екенін жеткізген болатын. Өйткені тіл – адамның адамдық белгісінің ең биік нүктесі. Тарихқа жүгінсек, Қазақстан аумағында  100-ден астам тіл дамып жатыр. Ал еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

 Ақсу қаласының лицей - мектебінде ана тіліміз – қазақ тілінің дамуы, оқушыларды мемлекеттік  тілді жетік білуге баулу мақсатында сабақтан тыс түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, оқу жылының барысында  мемелекттік тілді қолдану аясын кеңейту,  көптілділікті енгізу мақсатында тілдер айлығы, «Тіл – тұғырым» жобасы аясында іс-шаралар өткізіледі. Өткізілетін іс-шаралар мәдениетті, тілдерді, елімізде тұратын халықтардың салт-дәстүрін сақтау және дамыту, достықты нығайтуда, мемлекеттік тілдік саясатты насихаттауда маңызды рөл атқарады. Осы іс-шаралар барысында барлық сыныптар қамтылады. Әр сыныпта сайыстар, викториналар, сахналық көріністер, акциялар, «Тілдің мерейі – елдің мерейі» тақырыбындағы сынып сағаттары, «Қазақшаң қалай?» деген айдармен сергіту сәттері, «Үштілділік-заман талабы» тақырыбындағы шығармалар сайысы, интеллектуалдық ойындар т.б. іс-шаралар өткізіледі. Сынып сағаттарында ұстаздарымыз болашақ ұрпаққа ана тілі мен мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беріп, өз ана тілдерін қадір тұтып, қастерлеуге және өзге тілдерді құрметтеуге насихаттайды.

 «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Ахмет Байтұрсынов шығармаларын жаппай оқуды ұйымдастырды (А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған). Акция аясында ұйымдастырылған іс-шарада көрмеге қойылған әдеби кітаптарға шолу жасалды, А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға болатын kitap.kzadebiportal.kz сайттарын ұсынды.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру, оқушылардың сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу тілі мен мәдениетін, тіл байлықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында оқушылармен «Қазақшаң қалай?» интеллектуалдық сайысы, «ХХІ ғасыр көшбасшысы сайысы ұйымдастырылды. Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға баулу мақсатында «Мақал - сөздің мәйегі» мақал-мәтелдер жарысын өткізеді. Сонымен қатар біздің мектебімізде ағылшын, орыс, қазақ тілдерінің мұғалімдері сайыстар, викториналар, ойындар ұйымдастырады.

Жалпы өткізілген шаралар оқушылардың патриотизм сезімі тәрбиесіне ықпал етеді, өз халқына деген адалдық сезімін қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін ашады. Лицей оқушыларының әр түрлі деңгейдегі шараларға қатысуы, олардың нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілеттілігінің, кәсіптік құзіреттілігінің, танымдық белсенділігінің, өзіндік қызметінің дамуына, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың мәдениеті мен тілдерін тануға мүмкіндік береді.

Тіл – ең үлкен қару іспетті. Ертедегі шешендік өнерімізге, халық ауыз әдебиетімізге көз жүгіртетін болсақ, жырауларымыздың, билеріміздің тапқырлығын көреміз. Тіпті, бір ауыз сөзбен соғыстың бетін қайтарған даналарымыз жайлы да жазбаларымызда көптеп кездеседі. Бұл – қазақ ұлтының ерекшелігі, тілінің тұнықтығы болса керек. Әлбетте қазақ тілінде сөйлейтіндердің қатары салыстырмалы түрде аз болуы мүмкін. Алайда біздің ана тіліміз әлемдегі ең бай тіл болып саналады. Тұрақты тіркестерімен, синонимдерінің көптігімен, ешбір тілде қайталанбайтын сұлу стилімен ерекше деуге толық негіз бар.

Тіл – аманат. Олай деуімізге мысалдар да жеткілікті. Мәселен, көне Орхон-Енисей жазбаларын алып қарасақ, сол замандағы түркі қағандарының өсиеттерін оқимыз. Міне, ұрпаққа қалдырылған мұра деп осыны айта аламыз. Жалпы қай тілдің өмір сүруі сол тілдің қолданысымен ерекшеленеді. Қай елде де тіл деген ұғым қастерлі. Себебі тіл дегеніміз – ынтымақтастықтың алтын бесігі, достықтың көпірі. Хакім Абайдың: «Қанша тіл білсең сонша адамсың!» - деген сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Расында да, неше тілді игерсек, соншалықты өрісіміз де кеңей түседі екен.

 «Өзге тілдің бәрін біл,

  Өз тіліңді құрметті!» - деп Қадыр Мырза Әли ақын айтқандай, ана тілімізді құрмет тұтып, бірнеше тілді меңгере білсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

          Қазақ тілінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне ұлт зиялыларының тигізген үлесі зор. Соның ішінде тіліміздің ғылыми терминологиясын, қазақ тіл білімінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсыновтың есімін атап өту керек. Ахмет Байтұрсынов қазақтың ұлттық болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшелігін жоймайтын ережелерін жазып шығу үшін жиырма жылын арнаған ғалым. «Тіл – құрал», «Әдебиет танытқыш» секілді көптеген еңбектері ана тіліміздің асқақтығын көрсетеді. Сонымен бірге ана тілімізде ғылыми еңбектер жазып қалдырған Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Әуезов, Ғұмар Қараш, Жүсіпбек Аймауытұлы сынды тұлғаларамызды айтамыз [4].

Қазақ тілінің басты ерекшелігі ретінде оның біртұрас формада болуын айтып өтуге болады. Мысалы, ана тіліміздегі диалектілер саны тым көп емес. Австралия, Аргентина, Қытай секілді бірқатар мемлекеттермен салыстырғанда ол елдердің тілі күрделі лексикалық қорлардың негізінде қалыпсқанын байқаймыз. Ал ана тіліміздің екінші ерекшелігі ескі тілдердің қатарына жататындығы. Тіліміздің даму кезеңі бірнеше ғасырларды құрайды. Әрі көне лингвистикалық шежіреміздің қалпы бұзылмаған. Біз осы мұрамызды мақтан тұтып, сақтауымыз керек [5].

          «Дос – екі денеде өмір сүретін бір жан», - дейді Аристотель. Достық тілі – осы екі дененің дәнекері. Сөйлеуден және әдеттегі ауызша түсіндіруден басқа, пікірлестердің қарым-қатынасы өте маңызды. Бұл ишараға, көзқарасқа, интонацияға да қатысты. Дегенмен, сөйлеу тұлға аралық қарым-қатынастың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тіл – ұлттық мәдениет пен руханияттың таңғажайып құбылысы. Тіл – әлеуметтік және терең тұлғалық құбылыс. Тілдің халықпен бірге өмір сүріп, дамитыны белгілі. Этносаралық қарым-қатынас, ұлтаралық достық туралы сөз қозғағанда тіл жайын айтпай өте алмаймыз. Өйткені тілдің бір-бірімізді түсінуге жол ашатыны мәлім.

          1998 жылғы ақпанда қабылданған жарлыққа сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланды. Қазақстан Республикасы бірнеше диаспоралы, әртүрлі тілде сөйлейтін халықтардың қоныстанған елі [6]. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген даналықты мысал ете отырып, өзге ұлт өкілдерінің өз ана тілімен бірге мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін жетік меңгергені шарт деп айтуға толық негіз бар. Осы орайда мемлекетіміздегі үштұғырлы тіл саясаты туралы да айта кеткен абзал. Ана тіліміз – қазақ тілі болса, орыс тілі – ресми тіл, ал ағылшын тілі – халықаралық қатынастар тілі болып саналады. Әлбетте қазақ тілін құрметтеу, қастерлеу әрбір қазақ елінің азаматының борышы. Ал қазақтың мәдениетін әлемге танытуда шетел тілдерін меңгергеннің пайдасы ұшан-теңіз. Себебі қазіргі ақпараттық қоғамда бір тілмен шектеліп қалуға болмайды. ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың заманы, ғылыми жаңалықтардың ғасыры. Сондықтан да ел жастарының бірнеше тілді меңгергені құпталарлық іс. Ал үштұғырлы тіл мемлекеттік тілге зияны тиеді деген пікірлердің де айтылып жүргені рас. Алайда межеленген стратегияны дұрыс жүзеге асырудың оң нәтиже беріп келе жатқанын айта кеткен дұрыс. Мәселен, бүгінгі күні шет мемлекеттерде білім алып жатқан қазақ балалары бірнеше тілде еркін сөйлей алады. Осылайша олар ұлттық құндылықтарымызды өзге елдерге де насихаттап келеді. Сондай-ақ, әлемнің көптеген тілдеріне аударылып жатқан қазақ шығармалары арқылы біз өз тіліміздің артықшылығын, төл өнерімізді, рухани мұрамызды, еліміздің байлығын таныту үстіндеміз. Бәлкім, достықтың тілі деген түсінік те осыған саятын шығар. Себебі тілдік қарым-қатынас арқылы тілі мен ділі басқа халықтар пікір алмасады, мәдениетімен танысады, туризм саласына үлес қосады. Бұл – достықтың алтын көпірі іспетті.

          Қай елде болса да тіл құдіретті, қастерлі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалатын ең бағалы дүние. Бүгінгі күні зерттеліп, зерделеніп келе жатқан тарихи құндылықтарымыздың жүзеге асуынан да тіліміздің, дәстүріміздің кереметін көруге болады. Тіл қашанда халықпен бірге өмір сүреді. Ұлтымыздың болашағын тілімізбен байланыстырамыз. Себебі тіл бар жерде тіршілік бар. Ал ана тіліміздің мерейін асқақтатып, сауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі тіл жанашырларының, ұстаздардың басты міндеті болмақ. Әлемдік бәсекеге қабілетті білімді жастарымызбен, өз тілімізді қадірлеп, өзге тілдерді еркін меңгере алған елдің болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.

Жүсіп Баласағұнның: «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі», - деген сөзін тілге тиек ете отырып жазбамды түйіндемекпін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
69
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі