Материалдар / Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен оңалту жұмыстарындағы мәселелер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен оңалту жұмыстарындағы мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
инклюзивті ібілім беру мұғалімдері мен мамандарына қосымша ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2020
3153
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен оңалту жұмыстарындағы мәселелер

Қайырбекова Айкерім Ниязқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының 4-курс студенті


Мемлекеттік білім беру процесінің басты мақсаты ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың қолжетімді білім алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстандық білім беру ұйымдары осы құқықты жүзеге асыруға ұмтылады. Алайда, бүгінгі таңда бұл мәселе инновациялық және дискуссиялық түрде қалуда. Өйткені, білім алушалырдың бойындағы ерекше қажеттіліктері біркелкі емес болуы мүмкін. Сондықтан, инклюзивті біліммен тек эмоционалдық, ерік-жігерлі немесе психоәлеуметтік бұзылыстары бар балалар қамтамасыз етілмей, оған қоса есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратында, ақыл-ойында т.б. бұзылыстарын да қамту мәселелері қарастырылуы тиіс.

Мүмкіндігі шектеулі балалады жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша педагогикалық ұжымның әрекетін координациялау үшін инклюзивті білім беру бойынша координатор деген жаңа штаттық бірлікті енгізген дұрыс (Леонтьева Е.Е. жасаған ұсынымдар). Инклюзивті білім беру бойынша координатор жоғарғы дефектологиялық білімі бар (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог, мұғалім-логопед. т.б.) инклюзивті білім беру саласында даярлықтан өткен және көру, есту, тірек-ұимыл немесе интеллектуалды дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеген кез келген маман бола алады. Интеллектуалды бұзылыстарға психологиялық даму тежелуі, интеллектуалды жетіспеушілік, оның ішінде Даун синдромы, балалар церебралды параличі, аутистік бұзылыстар және т.б. жатады.

Тірек қимылы аппараты бұзылған балалар іс-әрекет түрлерінің дамуы бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады. Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез-келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, машық-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытталады. Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.

Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы моториканы дамыту, коммуникативтік тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады. Түзету жұмысы баланың ауыр түрі мен жас ерекшелігін ескеріп жүргізіледі. Заттық- тәжірибелік және ойын іс-әрекетінің негізінде үлкендердің көмегімен сенсорлық-моторлық тәртіппен дауыстық әрекет қалыптасады. Тежелу және жеңілдету әдістері қолданылады. Бұлшық ет тонусы жетекшілік ететін қажетсіз патологиялық қимыл тежеліп, бір мезгілде еркін сенсорлық-моторлық активтілік жеңілдетіледі.
Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын жеңілдетіп, көру-моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру жұмыстары пайдаланылады. Кондуктивтік тәрбиенің әдістерін қолдану және жалпы және ұсақ моторикасының тәрбиенің жүйелілігінің қалыптасуын жүзеге асырады. Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:
- Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады;
- Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі); балалардың басым көпшілігі өздігінен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.
- Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі; Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамуындағы тежелу т.б).

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.
Өзіндік массаж қолдың бірізділіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:
1. Қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.

2. Алақанға өзіндік массаж.

3. Қол саусақтарына өзіндік массаж.

Осы массаждарды істеу барысында балалардың ұсақ моторикасы дамып, іс-әрекет жасауға, өзіне-өзі қызмет істеуге әсерін тигізеді. Сабақ өту барысында баланың ұсақ моторикасы жақсы даму үшін 5-6 жаттығу орындалуы қажет. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жаттығулардың барлық кешенін шартты түрде екі құрылымға бөлген:

1. Саусақтарға арналған гимнастика – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сақыналау, қолмен орындау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді. Соның нәтижесінде өз қозғалыстарын басқара білу іскерліктерін дағдыландырып, іс-әрекеттің бір түріне зейінін шоғырландырады. Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілу мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша. Ең бірінші сөздік нұсқауы көрсетіліммен жүргізіледі, яғни балалар көрсетілім бойынша жұмыс жасайды. Одан кейін олардың өзбетілік деңгейлері өсе түседі – көрсетілім шеттетіліп, тек сөздік нұсқауға ғана қалады. Балалар бірге қайталамаса да, шама шарқынша қимыл көрсетуге тырысады. Саусақ жаттығуына арналған тақпақты айта бастағанда бала қандайда бір әрекет жасап, көңіл күйі көтеріліп өз ішкі дүниесін қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы жеткізуге тырысады. Әрбір түзете-дамыту сабағын балаларға тек ойын арқылы жеткізе аламыз. Сондай ойын түрлері: «Саусақ театры», «Бала, бала, балақан», «Саусақ көлеңкелері», «Қуырмаш», т.б. атап өтуге болады. 2. Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың бірізділіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

Тоқымаға шеңбер өткізу;

Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;

Тиындарды іріктеу;

Жарманы жинау;

Сіріңкемен жұмыс;

Қағазбен жұмыс;

Жапсыру (балшықтан, пластелиннен, қамырдан);

Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;

Жуан жіппен түйіншек жасау;

Құммен, сумен ойнау;

Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);

Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;

Конструктор немесе кубиктер ойнау;

Ауада сурет салу;

Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б);

Қолөнері;

Саусақтармен жаттығуларды және ырғақты қозғалыстарды орындау индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді.
Саусаққа арналған ойындар жағымды эмоционалды көңіл-күй тудырады, үлкенге еліктеу білігін дамытады. Баланың жаттығуларды меңгеру нәтижесінде қолдың білектері мен саусақтары күш жинайды, қозғалғыштыққа және иілгіштікке ие болады. Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады. Қорыта айтқанда, балалармен жүргізілетін түзете-дамыту сабақтарындағы ойындар, жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың дамуында оң нәтижеге ие. Сол арқылы байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білеміз. Балаларды бір-бірімен, үлкендермен жағымды қарым-қатынаста, ұйымдаса ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін-еркін демалуға тәрбиеленеді.


Пайдаланылған әдебиетер:

  1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі, ҰБА, Астана 2016;

  2. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіьи құзыреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау;

  3. http://artpsy.kz/tirek-imyl-apparaty-b-zyl-an-balala/

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!