Материалдар / ТҮБІР МОРФЕМАНЫҢ ТҮРКІТАНУДА ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ

ТҮБІР МОРФЕМАНЫҢ ТҮРКІТАНУДА ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Түбір және қосымша - жаңа сөз жасауға қатысатын негізгі элементтер. Тілімізде түбір морфема мәселесі түрлі аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі элементтердің бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол - сөзжасамдағы негізгі тұлға. Түбірдің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі элементтің бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2022
226
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТҮБІР МОРФЕМАНЫҢ ТҮРКІТАНУДА ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ

Алматы жоғары медицина колледжі

Экол.ғ.к Бейекенова.Ж.С

Түйіндеме

Түбір және қосымша - жаңа сөз жасауға қатысатын негізгі элементтер. Тілімізде түбір морфема мәселесі түрлі аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі элементтердің бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол - сөзжасамдағы негізгі тұлға. Түбірдің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі элементтің бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Түркітануда тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында қолданылатын формалардың тарихи тұрғыдан алып қарағанда, түбір деп тануға болатынын зерттеген еңбектер баршылық. Мұндай көне (өлі) түбірлердің кейбірі қазіргі кейбір түркі тілдерінде қоланыста бар. Біз өз зерттеуімізде түбірдің жоғарыда айтылған кейбір тілдік мәселелері және тарихи сөзжасамға қатысы туралы түркітанушы ғалымдардың пікірлерін саралауға тырысамыз.

Тірек Сөздер: түбір, өлі түбірлер, сіңіскен түбірлер, жылысу құбылысы, аффикстік морфема.

About Research of Root Morphemes in Turkology Abstract

The root and the ending are the main elements in the word formation. The root problem in the language considered from various aspects, but little studied as the main word-formative element. A word can't be formed without root; therefore the root is the main element. In word formation the root performs a definite function. This root functions primarily due to the fact that it determines the meaning of the new word. In Turkic studies there are works in which study words form of the modern language, do not have personal meaning and used only in the words structure, but which can be understood as the root of the historical aspect. Some of these dead roots are used in some Turkic languages. In our study, we analyze Turkologists views on some linguistic problems of the roots, which relate to the historical word formation.

Keywords: root, dead roots, morpheme, phonetic method of word formation, lexical meaning.

Кіріспе

Ұлтымызды рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін көрсететін негізгі сипат, ол тіл. Тілдің баюы сөздер мен сөз тіркестері арқылы болады. Ол сөздердің негізі түбір сөздер. Тілдің әр саласы түбірді өзінің зерттеу объектісі тұрғысынан, мәселен, этимологияда түбірдің шығу тарихы, лексикологияда лексикалық мағынасы, морфологияда грамматикалық мағынасы т.б. салаларда әр қырынан қарастырылады. Осы түбірлердің даму жолын анықтау тіл тарихы мен сөзжасам үшін аса маңызды мәселе. Тіліміздегі байырғы түбірлер халқымыздың тарихи дамуының куәгері болып саналады. Түрколог ғалымдар түбір сөздердің табиғатын көптен бері зерттеп келеді. Бұлжөнінде қазақ тіл білімінде І.Кеңесбаев, А.Аманжолов, Ғ.Айдаров, М.Томанов, А.Ибатов, А.Қалыбаева, А.Ысқақов, Ә.Қайдар, Ж.Манкеева т.б. ғалымдар зерттеп келеді. Бұл еңбектерде түркі тілдері түбірлерінің ерекшеліктері, дыбыстық құрамы, шығу тарихы мен дамуы, семантикасы, тілдегі қолданылуы зерттелген. Алайда жалпы түркі тілдері зерттегенде байқала бермейтін, тек жеке тілдерді жан-жақты қарастыру арқылы шешілетін кейбір проблемалар да бар. Сол мәселелердің қатарында біршама зерттеліп, бірақ әлі де зерттелуді қажет ететін мәселенің бірі бір буынды өлі түбірлер табиғаты.

Біз бұл мақаламызда сөздердің құрамында кездесетін бір буынды өлі түбірлердің қазақ тіл білімінде зерттелу жайын сөз етеміз. Өлі түбір жасалу жолдары беймәлім, мағынасы ұмытылған түбірлер. Өлі түбір тіл заңдылықтары негізінде пайда болып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен лексикалық мағынасын жоғалтқан. Бұрын өлі түбір семантикалық мағыналары бар дербес сөздер болғанымен, қазір жеке-дара қолданылу қабілетін жоғалтқан, қосымшамен бірге қолданғанда ғана белгілі бір мағынаға ие болады. Мысалы, жал түбірінің дербес мағынасы көмескі, ол жалаң, жалғыз, жалқы, жал-жал сөздерінің құрамында кездеседі.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, zhanar.suinzhanova@ iktu.kz

 Нийде университетнің докторанты, karligash78@mail.ru

Тіл білімінде өлі түбір терминін ілкі түбір, байлаулы түбір, этимон түбір, негіз түбір, тарихи негіздер деп әртүрлі аттармен қарастырады. Біз солардың ішіндегі «өлі түбір» терминін қолданамыз. Өлі түбірлердің бір заманда дербес сөз болғандығын түрколог ғалымдар тарихисалыстырма әдісімен дәлелдейді. Ең алдымен әрбір тілдің ішкі фактілерін тексеріп, жазба ескерткіштерінен қарап, содан кейін туыстас тілдердің материалдарымен салыстырып қарастырады. Ғалымдардың зерттеулерінен көретініміз біз өлі түбір деп санайтын түбірлердің туыстас тілдерде, тіпті сол тілдің өзінде дербес сөз ретінде қолданылатынын көреміз. Зерттеушілер тілде тірі түбірдің өлі түбірге айналуы бар да, өлі түбірдің «тірілуі» байқалмайтынын айтады. Бұл мәселе түркологияда біршама қарастырылған.

Бұл туралы профессор К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде «түркітануда лексикалық мағыналары бар, өз алдына дербес қолданылатын және тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, ары қарай бөлшектенбейтін негізгі морфемалар ғана түбір деп саналып жүр. Ал қазір өз алдына дербестігі жоқ көз, көр тәрізді сөздердің кө- тәрізді морфемасы түбір ретінде танылмай, аталған сөздер тұтас қалпында түбір делініп жүр. Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында қолданылатын мұндай морфемалардың алғашында лексикалық мағыналары бар дербес сөздер болғандығын ескерсек, оларды тарихи тұрғыдан алып қарағанда, түбір деп тануға болады. Мысалы, түркі тілдеріндегі, соның ішіндегі қазақ тіліндегі, ентік пен ентеле, жөтел мен жөткір, семіз бен семір, жақ (от жақ) жан (от жанды) тәрізді жұп-жұбымен келген сөздердің әрбір жұбының түбірі бір екендігі аңғарылып тұрады» деген пікір айтады (Аханов, 1973: 256). Қырғыз тіл білімі маманы Б.М.Юнусалиев «Қырғыз лексикологиясы» атты еңбегінде жақ және жан деген етістіктердің түбірі – жа-, ал жақ етістігінің құрамындағы -қ – сабақты етістік тудыратын жұрнақ та, жан деген етістіктің құрамындағы -н салт етістік тудыратын жұрнақ деп қарайды(Юнисалиев, 1959: 256).

Түбірлерді грамматикалық тұрғыдан қарастыра отырып, мұндай түбірлерді өлі түбірлер я көнерген негіздер деп атайды. Профессор А.Ысқақов өз еңбегінде өлі түбірлерге тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей түбірге және қосымша бөлшектерге оп-оңай, мүшелене бермейтіні, олардың ішінде, туынды сөздердің мағынасына ұйтқы болғанымен, формасы жағынан дербес сөз ретінде қолданылмайтын түбірлер де кездесетінін сөз етеді. Және момын, момақан, момыш; шалқақ, шалқасынан, шалқаң, шалқалау, шалқалақтау, шалқалаңдау деген сөздерді алып, олардың өзара түбірлес я төркіндес сөздер екенін дәлелдейді(Қайдар, 2014: 256). Олардың бастапқы түбірі қайсы екенін тұлғалық жағынан ажыратуға әбден болады: мұндағы бірінші топтағы түбірлес үш сөздің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлшегі – мом деген морфема да, екінші топтағы түбірлес алты сөздің түпкі бөлшегі – шалқ деген морфема. Бірақ бұл морфемалардың қайсысы болса да, сол қалыптарында қазіргі тілімізде дербес сөз ретінде қолданылмайды; олар тек сол қосымшалы формаларда тұрғанда ғана қолданылады; мұндай түбірлер, әдетте, өздерімен түбірлес сөздердің формаларын салыстыру арқылы анықталады. (Манкеева, 1991: 256)

Түркологияда ғалым Әбдуәли Қайдардың еңбегі орасан. Ғалым қазақ тіліндегі екі буынды бұйрық мәнді етістіктердің құрамындағы өлі түбірлерге жан-жақты талдаулар жасайды. Әбдуәли Қайдар 500-ден астам бұйрық райлы етістіктердің бар екендігін айта келіп, олардың жасалу модельдерін көрсетеді. Түбір тұлғаларды қолданысына және мағынасына байланысты тірі түбір және өлі түбір деп жіктейді. «Қазақ тілінде итер -алда тәрізді етістіктер – түбір мен тұлға болып жіктелмейтін біртұтас сөздер. Бұларды императив жүйесімен қарастырсақ, біріншісі -ар/-ер (безбезер, боз-бозар, қот-қотар, қыз-қыздар жас-жасар, ұз-ұзар т.б.), екіншісі өте продуктивті –та/те/-да/-де/-ла/-ле моделі арқылы жасалған туынды түбір екені даусыз. Ал ит пен ал қазақ тілі үшін өлі түбірлер болғанымен, ит - түбірі хакас тілінде іт - «толкать» «пихать» «проталкивать» түрінде, якут тілінде үт – «толкать, пихать, совать» түрінде бүгінгі таңда дербес қолданылатын түбірлер. Бір қызығы: ит- түбірі ХІ ғасырдағы Махмұд Қашғари «Диванында» жеке-дара қолданылып (olani itti «он его толкал») (МК, 1,171), одан итін-, итіл- тәрізді етіс формалары жасалып тұрса (ДТС, 2015), одан әлдеқайда көне Тұрфан өлкесінен табылған манихей мазмұнды ұйғыр ескерткіштері тілінде it- негізінде пайда болған itаr- формасы қолданылған: jema mujayg siyunuy itarur ermus «и он толкнул... марала» (ДТС,2015). (Манкеева, 1991: 256)

Ай-айыр, ау-ауыр, кіт-кідір, са-сау, ал-алда, қай-қайт, жор-жорт, қыз-қызық, қол-қолда, сүң-сүңгі, т.б. етістіктердің этимологиясын тарихи-салыстырма әдісімен көрсетеді (Қайдар, 2014: 256).

Қазақ тіл білімінде Ж.А.Манкеева - өлі түбірлерді арнайы зерттеп, диссертация қорғаған ғалым. Ғалым бұл туралы ғылыми мақалалар монографиялар, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Бұл туралы ғалым «Қазақ тіліндегі императив тұлғалы етістіктердің өлі түбірлері жайында» деп аталатын мақаласында бұйрық рай тұлғасындағы күрделі етістіктердің 35 түрлі үлгісіне талдаулар жасайды. Мысалы: bul - бүлдір «разрушить», «испортить» «портить» деген мағыналарда. М.Қашқари сөздігінде bul сөзінің түбірі «бүлінген», «бұзылған» деген мағыналарда беріледі деп түсіндіреді. Өлі түбірлерге келтірілген мысалдар ішінде А.Югнеки шығармасындағы «uz» - ұз «біреудің соңынан еру» деген мағынада болса, ал қазіргі қазақ лексикасында «ұза», «ұзат» - «удалится» мағынасында қолданылады дейді (Манкеева, 1991: 256).

Түбірді сөзжасамдық тұрғыдан қарастырған профессор Н.Оралбаеваның «Қазақ грамматикасында» (231-б) атап көрсеткен: «.... қазіргі тілімізде көптеген сөздерді шартты түрде түбір сөз деп қараймыз. Шын мәнінде, олар-өлі түбір мен қосымшадан тұратын тарихи туынды түбірлер. Ол диахрондық зерттеудің нәтижесінен анықталады. Түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болғанмен, жалғамалықтың нәтижесінде анық, көбінесе, екі буындыға айналуы тұрақты құбылысқа айналған», -деген пікіріне толық келісуге болады. Әрине, бұл бірден болатын тілдік құбылыс емес-оған талай уақыт қажет, ұзақ тарихи процесс. «Қазақ диалектологиясында» (232) өлі түбірлерді «ілкі түбірлер», синхрондық тұрғыда «негіз түбір» деп бөлуді ұсынады (Қазақ грамматикасы, 2002: 256).

Тарихи сөзжасам саласынан арнайы еңбек жазған ғалым Анар Салқынбай түбірдің тарихи даму жолын сөзжасамдық аспектіде зерттейді. Бірқатар сөзжасамдық жұптардың семантикасына мысалдар келтіреді. «Диахрондық аспектіде көпмағыналы сөздердің екіншілік мағынасын туғызатын кей фонетика-семантикалық сыңарлардың көрінісі мынадай: Қ-й; жоқ-жой, тоқ-той, соқ-сой т.б. Р-з; көр-көз, ар-аз, бор-боз т.б. Н-и; күн-күй, қан (дай) –қай(да) т.б. Р-и; тіре-тая, қыр-қий, жар-жай т.б. Н-ң; тон-тоң, қон-қоң т.б. Т-й; жат-жай, қатты-қайсар, құты-құй, жұт-жой т.б. Мұндай тұлғалардың ішкі семаникалық құрылымы бір-біріне жақын, бір денотаттың әртүрлі қасиеті мен сипатын айқындайды. Мысалы: көз-бір денотаттың атауы, көр-сол денотаттың қасиеті, қимылы. Демек сөздің мағыналық тектестігі анық» екендігін сөз етеді. Бұл тектестік, бірлік туынды сөздерді жасап тұрған себепші негіздің мағынасы арқылы, яғни этимон түбірдің өзек семасы арқылы беріледі. Көрсетілген сөздердегі генетика-семантикалық мағына мен тұлға ортақ. Ал зат есім, етістік деп топқа бөлініп, әртүрлі грамматикалық категорияларымен түрленуі – жаңа сөз туындағанының айғағы, көрінісі. Көпмағыналы сөздер тіл дамуында, адам танымында пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттілігіне сәйкес, басқа номинациялар туғызуға себепші негіз болу қызметін де белсенді атқарып келеді(Салқынбай, 1999: 256).

Қорытынды

Біз мақаламызда қазақ тілі білімінде өлі түбір бұрын семантикалық мағыналары бар дербес сөздер болғанымен, қазір жеке-дара қолданылу қабілетін жоғалтқан өлі түбірлердің тіл тарихы және сөзжасамдық негізде қарастырылған еңбектерге шолу жасадық. Әрине бұл мәселе туралы зерттеулердің бәрін бір мақаланың ауқымында қарастыру мүмкін емес. Қорыта айтқанда, қазіргі тіліміздегі сөздердің құрамында кездесетін өлі түбірлерді тарихи-салыстырма әдісімен зерттеуді жалпы түбір теориясына алып баратын жол деп білеміз. Оларды жеке тілдердің негізінде зерттеген дұрыс. Осы тәріздес жұмыстар түркітілдес тілдердің бәрінде қарастырылса, өлі түбірлер этимологиясына қосқан үлесіміз болар еді.

ӘДЕБИЕТТЕР

Аханов, Кәкен (1973), Тіл Білімінің Негіздері, Алматы.

Юнусалиев, Болот (1959), Киргизская Лексикология: Развитие Корневых Слов, Фрунзе.

Ысқақов, Ахмеди (1991), Қазіргі Қазақ Тілі, Алматы.

Әбдуәли, Қайдар (2014). “Ғылымдағы Ғұмыр”, Мақалалар, Баяндамалар Жинағы, Алматы: «Сардар» Баспа Үйі, б.120-122.

Манкеева, Жамал (1991), “Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка”, Алматы, б.37.

Қазақ грамматикасы (2002), Астана: Елорда, Академиялық басылым. Салқынбай, Анар (1999), Тарихи сөзжасам, Алматы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ