Материалдар / Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары.

Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары.

Материал туралы қысқаша түсінік
дене жаттығуларымен айналысу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ: Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары.

Мектеп: №13 орта мектеп



Күні: 23/02/2018

Мұғалімнің аты-жөні:Альжанов Гылымбек


Қатысқаны:


Қатыспағаны:

Сынып: 1 а





Оқу мақсаттары

1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істеу

Жетістік критерийлері

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Кілт сөздер мен тіркестер. Өзім туралы Дене мүшелері

қозғалу дағдылары секіру, лақтыру, жүгіру.

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып.

Шапшаң жүгірудің дене шынықтыруда неліктен маңызды екенін айта аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту

- Сыйластық.

Пәнаралық байланыстар

Биология, хореография пәндерімен сәйкестендіріледі

АКТ қолдану дағдылары

Видео және суреттерді көру пайдалану

Бастапқы білім


Оқушылар алдыңғы дене шынықтыру сабақтарында өткен бөлімдерден және үй ішінде мен балабақшада негізгі қозғалыс қабілеттілігі мен сенімділігін және фундаменталды қозғалыс дағыдларын дамытты деп күтіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу. Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру ,

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде

5 .Жылдамдыққа жүгіру

6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында




Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Әр оқушыға үлкен көбік доп.














Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.




Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады:

Сабақтың ортасы




25 мин











































Қауіпсіздік техникасы

Жаттығу жасауда қауіпсіздік техникасын қайталау, әнгімелесу, түсіндіру, көрсету. Қауіпсіздік техникасын журналына оқушылар таныстыру .

Мектепте және денешынықтыру сабағында тәртіп ережелерін сақтауды жүруді қайталау, түсіндіру, әнгімелесу.


Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару

дағдылары

(К, Б) «Үлкен болып өсеміз»

Б.қ. – о.с.

1–2 – қолдар екі жаққа, жоғары, жоғары созылып,

аяқ ұшына тұру, – тыныс алу;

3–4 –аяқты тізеде бүгіп, қолдарды төмен жіберіп,

алға қарай иілу – дем шығару.

«Ермексазды илейміз»

Б.қ. – қолдар алға, саусақтар алшақ ашылған.

1 – саусақтар жұдырық болып түйіледі;

2 – саусақтар алшайған.

«Гармон»

Б.қ. – о.с.

1–2 – отырыңқырап, алға қарай иілу, қолдар тізе

үстіне бірінің үстіне бірі қойылған – дем шығару;

3–4 – жоғары көтеріле, қолдарды екі жаққа жаю,

еңкею – тыныс алу.

«Көбелек»

Б.қ. – алақанды жоғары көтеріп, қолдарды екі

жаққа жаю.

1–2 – алақанды ішке қаратып, қолдарды жоғары

көтеру;

3–4 – б.қ., бірқалыпты тыныс алу.

«Сұр жылан»

Б.қ. – о.с.

1–2 – алға еңкею, тізені ұстап, төмен отыру,

шынтақтар екі жаққа – дем шығару;

3–4 – б.қ. – тыныс алу.

«Қоңырау»

Б.қ. – қолды белге қою. Қолды жоғары екі жаққа

көтеріп, қоңырауды елестетіп, шынтақтан сілкіп

жіберу.

«Киім тазалаймыз»

Б.қ. – аяқтар алшақ қойылған, қолдар кеуде

тұсында сәл бүгілген. Киім тазалауды көрсету.


(Б, Ж) "Жылғадан өт" еліктеу ойыны

Оқушылар жылғадан тастан тасқа секіріп өтіп

жатқан тышқандардың қозғалысын келтіреді.

Оқушылар адымдап тастардың үстімен бірінің

артынан бірі жүреді. Сүрініп қалған оқушы –

ойыннан шығады.


демалу тынысын қалпына түсіру жаттығулары . қатарға тұрғызу орындыққа отырғызу . сабаққа қорытынды жасау . үйге тапсырма беру Таңғы жалпы дамытаттын жаттығу жасау





Сабақтың соңы



Демалу тынысын қалпына келтіру жаттығулары

Қатарға тұрғызу ,орындыққа отырғызу.

Сабаққа қортынды жасау.

Үйге тапсырма беру.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап ереді

  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Эстафета ойындар»


  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы

  • Б алалармен тақырып бойынша әңгімелесу



  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

  • бақылау, тыңдау, сұрақтар.

  • Оқушылардың қалай жүгіргендерін бақылау

Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

  • Жеке оқушылардың физикалық көрсетілімінің сапасы.

  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау


. Орындалған істестік тапсырма

НЗМ құныдылықтарын қолдайды.

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.


Рефлексия

Сабақта нені үйрендік?

Сұрақтарға жауап береді?

Нені білдім нені түсіндім?

Нені толық түсінбедім ?

Қандай жұмысты жалғастыру қажет?

Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?

Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


30 Сәуір 2018
3033
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі