Ұлы даланың ұлы есімдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы даланың ұлы есімдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Туктибаева Кундызай Болысбековна
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы даланың ұлы есімдері

Түктібаева Құндызай Болысбековна «Достық» жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Түркістан облысы Шардара ауданы.

Қазілгі таңда Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасуына, қазақ халқының мемлекеттігі мен ұлттық санасының нығаюына ерекше мән берілген. Дәлірек айтқанда, 1999 жылы «Тарих толқынында» деген кітапта Елбасы ұлттық тарихты, Еуразия құрлығында қазақтың және басқа далалық халықтардың орнын нақтылап айтты. Елбасымыздың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды.Осы бағдарламаның шеңберінде тарихи сананы нығайтуға, соның ішінде жалпы алғанда Қазақстан мен Ұлы даланың тарихында өшпес із қалдырған тұлғаларды қазақ халқына қайтаруды бағыттады. ғылыми зерттеулер жасалалып, ғылыми монографиялар, мақалалар әзірленді.қазақ халқының тарихымен мәдениетіне қатысты жаңа деректер табылды. 2013 жылы Н.Ә.Назарбаев алғаш рет бастама көтеріп, «Халық тарих толқынында» деген тарихи зерттеудің арнайы бағдарламасын дайындады. Еліміздің ғалымдары алыс-жақын елдермен олардан тыс жерлерденде аса құнды деректермен жәдігерлерді тапты. Тіпті бұрын белгісіз немесе қолжетімсіз болған, соның ішінде белгілі тұлғаларға да қатысты мәліметтерді жинаған болатын.Қазіргі жетістіктеріміздің басым бөлігі барлық Қазақстандықтардың еңбегінің арқасында мүмкін болды дей аламыз.

Тарихымыздың даңқты азаматтарымызбен мақтана аламыз. Бұл тарихи оқиғалар мен фактілерге толы еліміздің тарихын әлемдік өркениеттің қалтарысына шегеріп, дүниежүзі тарихының тура жолынан бұрмалап, «Тағылық», «Жабайы орда», «Артта қалған халық» , «Дұшпандар» деген айдарлар мен т.б. тағылған таңбалардан арылуға жағдай жасады.Кеңес үкіметі тарихты жасаушы халық қана, ұлы тұлғалардың тарихтағы орнын артқа шегеріп, бүркемелеуге тырысқан еді.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2017 жылғы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру » бағдарламалық мақаласында өз мәдениетіңді, ұлттық кодыңді сақтай білу жаңа тұрпатты жаңғырудың маңызды басты шарты болып табылады. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен дәстүрлер жаңғырудың маңызды алғышарты ретінде қаралады. Бағдарламалық мақалада ұлттық кодтың қазақ тарихымен мәдениетінің ұлы қайраткерлерімен байланысы бар екені айтылады. «Абайдың даналығы,Әуезовтің ғұламалылығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні- бұлар бізідің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» . Ұлы даланың Ұлы есімдері мәселесіне Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» (2018жылғы 21 қараша) деген бағдарламалық мақаласында да тоқталды. Мақалада өткен дәуірлердегі дүниежүзіне белгілі тұлғалар ( Ескендір Зұлқайнарын, Конфуци, Шекспир, Гете және т.б.) бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес символы. Елбасы «Ұлы дала тұлғалар жоғырын дүниеге әкелді» деп , Қазақ хандығы, Түркі қағандықтары, мұсылман Шығысының мемлекеттерінің әз-Тәуке мен Абылай, Күлтегін мен Бейбарыс және т.б. атақты қайраткерлерін ерекше атап көрсетті.

Бұдан басқа , қазіргі әдебиеттегі, музыкамен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар,және ел билеген тұлғалар бейнесінің өзекті галериясын жасауды қолға алуды тапсырды. Халықаралық тәжірибенің көрсететіні, әлемнің озық елдері мемлекеттіктің негіздерін нығайту, азаматтық қоғамды қалыптастыру мақсатында ата-бабаларының әрекеттерін, атақты көшбасшы тұлғалардың, мәдениет қайраткерлердің, отан қорғаушыларының өмірімен қызметін зерттеу мен естеліктерін сақтауға ерекше назар аударды.

Қазақстанда әскери, қоғамдық, мемлекеттік сондай-ақ мәдениет қайраткерлерінің өмірімен қызметіне арналған көптеген ескерткіштер бар. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты ғылыми – көпшілік сериаларды шығарып, тарату жұмыстарынжандандыру қажет екенін айтты. Осыған орай қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық ұжым құруға болатынын айтты. Біздің қаһармандарымыздың өмірімен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондайақ шетелдегілерде білетін болады. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады, өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі