Ұлы Жеңіске – 80 жыл
«Тәуекелсіз – жеңіс жоқ»
Бауыржан Момышұлы
Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл толып отыр. Еске алар болсақ, 2024 жылдың 6 мамырында Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесі қарсаңында өткен мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоҚаев: "Келесі жылы бүкіл әлем жеңістің 80 жылдығын кеңінен атап өтеді. Қазакстанның фашизмді жеңуге коскан зор үлесін ескере отырып, алдағы мерейтой еліміз үшін де зор маңызға ие", деп ой қорыткан еді. Осы жолдарды тарқатар болсак, көрсетілген бағыттағы аткарар тірліктеріміздің аз емес екендігі белгілі. Солардың бір парасына тоқталсак, Президент өз ой-толғауларында екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың орны туралы жүйелі және нақты жұмыстың жүргізілгендігін қалайтындығы анық болып отыр.
Ұлы Отан соғысы бұрынғы Кеңес одағы халықтарының басынан кешкен оқиғалардың ең ауыры болғандығы белгілі. Жан алып, жан беріскен соғыстың төрт жылы КСРО-ның көпұлтты халқының басына түскен ең ауыр зауал болғаны анық. Осы орайда, жамбылдықтар да өз Отанын қорғау жолындағы ұлы іске атсалысқанын мақтанышпен еске алады. Біздің облыстан майданға аттанған жауынгерлер қатарында өшпес ерлік жасап, Кеңес одағының ең жоғары әскери атағына ие болғандардың саны бүгінгі күні 29-ға жетіп отыр. Осы даңқты бабаларымыздың қатарында А.Суханбаевты, С.Естемесовты, А.Дәулетбековты, С.Шәкіровты, Б.Момышұлын ерекше атап өтсек болады. Сонымен қатар, "Даңқ" орденінің толық иегерлері Е.Досмұханбетов пен Т.Тастандиенты осы топқа қосқанымыз абзал.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін өңірдегі барлық жұмыстардың соғыс талабына сай жүргізіліп, халық арасында жаппай саяси жұмыс үдете түсу ісіне үлкен мән берілгендігі көрсетіледі. Осылай, Қазақстан К(б)П ОК-нің 1941 жалды 4 казанда Қк(б) П Жамбыл облыстық комитетіне жіберілген хатында Отанымызға қауіп төніп тұрған кезде халықты неміс-фашист басқыншыларына карсы жұмыла бас көтеруге шақырғандығы жайлы мәліметтер мен басқа да іс-шаралар тізбесі беріледі. Осы және басқа да тапсырмаларды орындау барысы мен жылдағы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері тұрғысындағы құжаттар 399-шы корда жинақталған. Осы қорда Кеңестер Одағының Батыры атағын алмаса да, халық "хас батыр" санаған Ибрагим Сүлейменовты (Халық қаһарманы атағы 2022 жылдың 6 мамырында берілді) мәңгі есте сақтау үшін оның есімін Жамбыл ауданының "Төрткүл" колхозына, Жамбыл қаласындағы Билікөл көшесіне және батыр өмірге келген Сарысу ауданындагы "Комсомольский" ауылдық кеңесі мен "Қызыл күншығыс" колхоздарына беру туралы еңбекшілер депутаттары Жамбыл облыстық кеңесі аткару комитетінің 1944 жылдың 21 кантарда шығарылған қаулысы да бар.
Әрине жамбылдық жауынгерлер басқа да отандастарымен бірге майданның барлық шебінде ерлік көрсетті. Мәселен, Жамбыл қаласында 1942 жылдың қазанында құрылған 81-ші атты әскер девизиясы Сталинград майданының 28-ші армиясының құрамында, фашистерге карсы шабуыл басталғанға дейін Астраханның солтүстік шетіндегі 80-100 километрлік Волга жағалауын ерлікпен қорғады. Алты жарым айға созылған Волгадағы шайқасқа 50 мың казақстандық қатысып ержүректікпен көзге түскендері белгілі. Сталинградты қорғап, Паулюстің армиясын талқандауда негізгі рөлді шығыс халыктары, соның ішінде қазақстандықтар атқарғандығын неміс тарихшыларының өзі мойындағаны бүгінде нақтыланып отыр. Себебі, 1941 жылдың қарашасына дейін фашистер КСРО территориясының 40 пайызын, негізінен оның батыс европалық бөлігін жаулап алған еді. Сондықтан да аталған шайкаста ауыртпалық негізінен Шығыс халықтарына түскені анық. Кеңестік статистика әрбір жиырмасыншы жауынгердің казақстандық болғанын жасырмайды. Шындығында олардың үлес салмағы одан да көбірек болуы мүмкін. Атап айтар болсак, Сталинград түбінде Свердлов ауданынан Б.Жергенов, Б.Байжанов, Меркі ауданынан Ә. Сәрсенбаев, Б.Әлмереков, Т.Рысқұлов ауданынан К.Дүйсенбиев, К.Жатқанбаев сияқты жауынгерлер ерекше ерліктің үлгісін көрсетті. Аталған топта жамбылдықтардың аз болмағандығын жогарыдагы құжаттар анық корсетіп тұр. Жалпы өткен согыста аталарымыздың жанкештілікпен жасаған ерліктерінің ерен болғаны анық. Ендігі жердегі міндет, біздің аға буынымыз жеткен жетістіктерді багалай білуімізде болса керек.
Жамбылдықтар соғыс жылдарында партизан козғалысына да белсенді атсалысты. Тұрғынбек Тыныбеков, Сыдық Қайдарқожев секілді жерлестеріміз жау жылында фашистерге карсы ерлікпен шайкасты. Осы тұрғысында бұрынғы партизан, Ұлы Отан соғысының ардагері, запастағы офицер Мажит Мұханов ағамыздың естелігінде кеңінен баяндалады. Ол кісінің ерліктері жайлы майдангер-жазушы Әди Шәріповтың "Ормандағы от" деген кітабында, бір топ авторлардың "Ерлік" атты жинағында "Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында" деген альбом кітапта жазылған. "Отан соғысы" ордені, "Отан соғысының партизаны" медалі және жауынгерлік алты медаль партизандық ісімнің белгісі іспеттес» деп жазылыпты. Қазақ жауынгер-партизандардың мұндай жанкешті ерліктерінің аз болмағандығы анык. Айтар болсақ, тек Украинадагы Л.Грабчектың партизан құрылымында 41 қазақ жауга карсы шайқасыпты. Олардың арасында жамбылдық жерлестеріміз де болған.
Соғыс жылдары батырлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен әйелдер де аз болмады. Олар отанымыздың тәуелсіздігі мен азаттығын тек тылдағы ерен еңбектерімен ғана емес, Ұлы Отан соғысы майдандарында қолдарына қару алып та корғаған еді. 1943 жылдың ақпанына дейінгі кезенде Жамбыл облысынан шыққан 270 қыз-келіншек Қызыл Армия қатарында соғысып жатты. Олардың катарында Нұрғаным Байсейітова мен Тұрған Жұмабаева сияқты ерлік көрсеткен жамбылдық аналарымыз да болды. Тек, солардың атын жарыққа шығару әзірге кемшін. Бұл зерттеуді қажет ететін мәселе.
Алапат соғыста «әттеген-ай» дейтін тұстардың бірі Ржев дөңесін азат ету үшін болған шайқас, Кеңестік әскери тарихнамада Ржев түбінде болган «Марс» операциясы туралы нақты деректер берілмеген. Тіпті осы ұрыска тікелей басшылық еткен Г.Жуковтың өз мемуарларында бұл шайқасқа көп тоқтала қоймайды. Бұл жерде «жақсысын асырып, жаманын жасырып» күн кешкен кеңестік саясаттың салқыны атақты қолбасшыға да тиесілі болғандығына қамығасың. Нақтылап айтсак, Ржев бағытындағы 60 мыңдық неміс армиясына 1 миллион 30 мың адамдық әскерді карсы қою, әлбетте, біріншіден, әскери даярлықтың нашарлығын көрсетсе, екіншіден, сол әскер құрамындағы адамдардың тағдырына деген немкеттілікті білдірсе керек. Әрине, Ржев каласының Мәскеуден небәрі 200 километр қашықтықта орналасқандығын еске алсак, «Марс» операциясының соншалықты маңызды болғандығын түсінуге болатын секілді. Бүгінгі күн тұрғысынан түсінбейтініміз құрбандыкка шалынғандардың қатарында қазақстандықтардың, соның ішінде қазақтардың үлес салмағының көптігі. Дегенмен, уақыт бәріне төреші, қазіргі кезде осы ұрыста шейіт болған аруақтардың аты-жөндері кайта аталып, осы аталарымыз туралы там-тұмдап берілуде. Айтар болсак, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкесінің майдангер болғанын, ал ағасы Тверь облысының Ржев селосына қарасты Трубино елді мекеніндегі бауырластар зиратында жерленгенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Иваново облысында соғыс кезінде қаза болган казақстандык 73 жауынгердің жерленген орны табылғанына да ризашылық білдірген еді.
Осылай аталған мәселе ең жоғары денгейде карастырылып отырған кезде, біз не істеуіміз керек? Осы тұрғыда ой қорытсақ, біріншіден, Сталинград, Курск, Ленинград және басқа да майдандарда ерлікпен көзге түсіп, тең жартысы шейіт болған жамбылдық бабаларымыздың талайлы тағдырларын зерделеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жолға қойған абзал. Ол үшін нақты іс-шаралар тізбегі белгіленіп, оның орындалуы тұрақты жұмыс тобының бақылауында болғаны жөн. Күнделікті хабарласу мен делегациялар алмасу мәселесін де осы топтың шешкендігі жөн болар еді. Бұл іс-шаралардың тек мемлекет тарапынан қолдау болғанда ғана өз шешімін табары айтпаса да түсінікті.Екіншіден, соғыста қаза болған боздақтарымызды іздестіруді тездету қажет. Себебі, толық емес мәліметтерге қарағанда, облысымыздың тек Байзақ ауданынан соғысқа аттанған 2924 жауынгердің 1972-сі хабар-ошарсыз кеткен. Сондықтан да, осы саланы зерделеп жүрген галымдар мен ізденушілердің, өлкетанушылардың арасынан біліктілерін таңдап, олардың осы істі кешенді зерттеуіне мүмкіндік жасаған дұрыс.
Үшіншіден, осы бағытта атқарылған тірліктерімізді ұқсата түсу жолындағы іс-шараларды ширатқанымыз жөн. Мәселен, Сталинград шайқасына, «Марс» операциясына қатысып, ерлікпен көзге түскен жауынгер бабаларымыз туралы өмірбаяндық анықтамалық жазып шығуға болмас па еді? Немесе казірге дейін белгілі болған тұлғаларды, олар туып-өскен елді мекендерін де ұлықтап, соғыста шейіт болған боздақтардың аруағын риза ету керек емес пе? Ол үшін әрбір мұражай мен ауылдық округтерде «Әскери даңқ» бұрыштары ашылып, онда ерлеріміздің өмірбаяны, орден, медаль көшірмелерінің кітапшалары мен майданнан жазылған хаттары қойылса дұрыс болар еді. Мұндай игілікті істен қорғаныс ісі жөніндегі департаменттер мен түрлі деңгейдегі газеттердің, сонымен қатар, бүгінгі күні арамызда жүрген соғыс және еңбек ардагерлерінің және олардың да отбасыларының тыс калмайтындығы анық.
Жалпы, өткен соғыста аталарымыздың жанкештілікпен жасаған ерліктерінің ерен болғаны ақиқат! Ендігі жердегі міндет біздің аға буынымыз жеткен жетістіктерді багалай білуімізде.
Кәрібаев Өміржан
Р.Смаилов орта
мектебінің бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрағасы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы Жеңіске – 80 жыл «Тәуекелсіз – жеңіс жоқ» Бауыржан Момышұлы

шағым қалдыра аласыз