ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ
БОЛАШАҒЫ
Әр ұлттың қай кезде болмасын алдында
тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы
ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жанжақты жетілген ақыл-парасаты мол, мәдени,
ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның
қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жанжақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық
салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білімі танымдық рөлі зор. Қазақ халқы
рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген
күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық
жырлары мен мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасырлар
бойы ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік арожданы жоғары намысқой етіп тәрбиелеп келген тарихи шындық. Тәуелсіздік
туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың
бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік әдептілік, елін, жерін, отанын
сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы атабабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық
өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына
қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне
айналып отырғаны даусыз. Сондықтан ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің,
тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да мектептегі жас
ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ –
бала үшін өмір мектебі. Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың
тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе
түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген
ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы,
зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы мәселелері жастар тәрбиесіне
жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар қазақ халқының әріден келе
жатқан мәдениеттің және білім, тәлім тәрбие беру жүйесінің негіздерімен
жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады.
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән ана сүтімен сүйекке сіңген
ізгі әдеп-ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз . Өз ұлтының өткені
мен болашағына бей-жай қарайтын тәрбиеден тысқары қалған жастар аз
емес. Ата-ананы сыйлау үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп
сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері
сөзсіз. Халық өнерін игеру жастарды отан сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап
халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдеп-ғұрыптарын
жалғастыруға баулиды.
Болашақ жастарға тәлім-тәрбие беруде Отанымыз отбасы мен мектепке
үлкен борыш артады. Отбасы болашақ азаматтың жеке басын аяғынан
тұрғызып, егеменді еліміздің болашағын, негізін жасайтын іргетас. Болашақ
азаматтың отбасында алған тәрбиесі, мінезі, жақсы мен жаманды ажырата
білуі, үлкендерден алған өнегес уақыт өткен сайын берік қалыпқа түсіп, оның
өмірінен үлкен орын алады. Жас ұрпақтың өнегелі тәрбие, білім алуының
негізін қалаушы – мектеп.
Мектеп – қоғамдық ұйымдар мен отбасы тәрбиесін ұштастыратын
негізгі орталық қана емес сонымен қатар ата-аналардың тәрбие істеріне
бағыт бағдар беріп, оларды жан-жақты тәрбиелеуге де жұмылдырады. Бала
тәрбиесіне әсер етуші үш фактор бар. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстаз,
үшіншісі – дос-құрбылары.
Балаға тәрбие беру кілті ата-ананың қолында. Ата-ана мен мұғалім,
бірлесіп жұмыс жасағанда ғана бала бойына ізгі қасиеттерді толығымен
сіңіруге болады. Жасыратыны жоқ – кейбір ата аналар бала тәрбиесіне
салғырт қарап, өз баласының мінезін, баланың ішкі дүниесіне
дүниетанымымен бірге баланы не қызықтыратынын, немен шұғылданғысы
келетін туралы біле бермейді.
Баланың ақыл-ой, адамгершілік-әдеп тәрбиесімен қоса жас шамасына
лайықты тәрбиесі, спорт түрлерімен шұғылдануын ата-ана қадағалауы керек.
Балалардың жан сұлулығымен қатар тән сұлулығына да мән берген жөн.
Тапсырылған жұмысты дұрыс орындамаса жекіп ұрыса берудің орынына
жұмыстың қалай жасалатындығын көрсетіп, үйретумен бірге баланың
шамасына, икеміне қарап, содан кейін оның дұрыс орындалуына талап ету
керек. Соңғы кездері бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналардың жылданжылға азаюы, ата-аналардың өз міндеттерін білмеуі, білсе де мойындамауы
жиілеп кеткені соншалық, көптеген ата-аналар баласына қарамайды,
жұмысым жоқ деген желеумен сауда жасап, мектептің қайда екенін білмейтін
де ата-аналар бар.
Дана халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен емес ұлтыңның
тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөз бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне келсек, біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіпөнген, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен дана
халықтың ұрпағымыз.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп
тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық
дәстүріміздің, әдеп-ғұрпымыздың, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған
насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу – бастыміндетіміз болуы
қажет. Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету,
оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру–
егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті.
Алия Байменова
№69 «Мақташы» ЖББМ КММ-нің директоры