Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев:
«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.
Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы,
маңыздысы бола береді».
Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модкльдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобадай оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.
Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда.
Осы себептерге байланысты болар оқыту жүйесі яғни білім беру саласы жан-жақты дамып,талап күшейіп, өзгерістер енгізілуде.ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалардың ғасыры болмақ. Халқымыздың үш тіл білуі уақыт пен қажеттіліктен туындаған Елбасымыздың жобасы болып табылады.
Көп тіл білу-заман талабы.Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». /22/. Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» /27/- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ артық болмас. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі.
Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.
Президентіміз кезекті жолдауында , 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда, осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. /28/ Осы жерге нақтырақ тоқталып кетейік.Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі .Басқаша айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренетін боламыз..
Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, білімге алып бара жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену.
«Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» /29/
Ойымды қорыта келе, Елбасының мына бір сөзімен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз».
Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, соның ішінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге көп көңіл бөліп келеді.
2007 жылы мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Үш тұғырлы тіл» жобасын халыққа ұсынған болатын. Яғни, бүгінгідей жаһандану кезде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тұғырлы тілді білуді жүктеп отыр. Әсіресе, келешек ұрпақ жастары әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде.
Өскелең ұрпақтың білім ордаларында осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Шет тілін білу біздің жас ұрпақтарымызға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол-әрине, заманның өз ағымы. ХХI ғасыр – ол жаңа технологияның шарықтаған кезеңі. Ол сөз жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр.
Технологияның дамыған кезінде шет тілі дүние жүзі халыхтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы ену үстінде. Мемлекеттік тіл-мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі- ұлы байлық. Шетел тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал, қазақ тілі барлық Қазақстандықты біріктіріп, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді – деді елбасы өз жолдауында. Шетел тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге өсуде. Осы орайда, шетел тілі
Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат пен азаматша мемлекеттік тілді білу парыз болып табылады. Тілге деген құрмет, елге деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек. Халық тәуелсіздігінің ең бастысы- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті болып табылады. Тіл - қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық болып табылады.
Үштілділік – ол нақты тұлға ұжым мен халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы болып табылады.
Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін ерекше мәні бар құбылыс деп бағалаймыз. Себебі ол жас ұрпақтың білімінің кеңістігіне ойын емін-еркін жеткізуі арқылы болашаққа самғауына жол ашатыны сөззсіз.
Көп тұғырлы білім беру саласы қазіргі кезде Ресей, Ақш секілді көптеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерде кеңінен етек алса керек.
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі В. Шекспир, Д.Лондон т.б. сөйлеген. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап шетел тілі кеңінен кең тарала бастады және көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Шетел тілін оқытудағы мақсат қоғамның әр тұстарына қарай өзгеріп отырады. Бұрынғы кезде шетел тілінен білім беруге аса көңіл бөлінбесе, қазіргі таңда алған білімін өмірде тәжірибе арқылы жүзеге асыруда.
Үш тілде сөйлеу қазіргі заманның талабы деп білемін. Себебі; өз басым оны қолдаймын. Яғни, үш тілде еркін сөйлеу біліктілікті арттырып қана қоймай, оны дамыту арқылы іс жүзінде іске асыру жүзеге асады. Үш тілде еркін сөйлеу жаңа заман технологиясын пайдалану, соның ішінде заманауи интерактивтік және иновациялық технологияны қолдану, үш тілде білім алу, сол алған білімі арқылы сөйлеуге дағдылану және сөздік қорын жаңа ұғымдармен қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылығын ояту болып табылады.
Әлемде дамыған елу елдің қатарына кіру үшін және бірнеше шет тілін білу, уйрену сондай-ақ компьютерді жетік меңгеру ХХI ғасыр жастарының қолында деп ойлаймын. Сондықтан тілдерді үйрететін ұстаздарға қойылатын талап та күшеюде. Тіл арқылы өзге елдің мәдениетін, тарихын білуге болады.
Қазіргі уақытта шетел тілін білу жас ұрпақтың жаңа бір ақпарат алуына үлкен бір мүмкіндік береді деген пікірмен де келісуге болады. Себебі; « Үш тұғырлы тіл» - ол болашақтың кепілі. Уақыт талабы деп білуге болады. Болашақ жастар осы бір істің жанашыры емес, оны орындап іске асыруы тиіс.
Қорыта айтатын болсам: ертеңгі күннің болашағы бүгінгі күннен де неғұрлым жарқын болуына ықпал етіп, біліктінің емес, білімдінің күшінің арқасы екендігін естен шығармағанымыз абзал деп ойлаймын.
Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
-
оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
-
ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
-
деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Жобалық жұмыстың орындалуы оқушыларда белгілі бір қасиеттер, шеберліктер мен біліктіліктер жиынтығының бар болуын талап етеді. Олардың ең маңыздыларын атап өтелік [4].
Қасиеттер:
-
өзбеттілік;
-
бастамашылдық;
-
мақсатты дұрыс қоя білу;
-
креативтілік.
Шеберліктер мен біліктіліктер:
-
зерттеушілік: идеяларды генерациялау; жақсы, тиімді шешімді таңдау;
-
əлеуметтік өзара қарым-қатынас: оқу процесіндегі əріптестік, жолдастарға көмек көрсету жəне олардың көмектерін қабылдау, бірлескен жұмыстың жүруін қадағалау жəне оны керекті бағытқа түсіру;
-
бағалау: жүрісті жəне өзінің, басқалардың жұмыс нəтижелерін бағалау;
-
ақпараттық: қажетті ақпаратты өз бетімен іздеу; қандай ақпарат немесе қандай шеберліктер жетіспейтінін анықтау;
-
презентациялық: аудитория, көпшілік алдында сөз сойлеу; əртістік мүмкіндіктерді көрсету; жоспарланбаған сұрақтарға жауап беру; алуан түрлі көрнекілік құралдарды қолдану;
-
рефлекстік: «Мен не үйрендім?», «Маған нені үйрену қажет?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру; ұжымдағы өз рөлін дəл, пара-пар таңдау;
-
басқарушылық (менеджерлік): процесті жобалау; жұмысты, уақытты, ресурстарды жоспарлау; шешімдер қабылдау; ұжымдық жобаны орындау кезінде міндеттерді бөліп үлестіру.
Жоғарыда аталған қасиеттер, шеберліктер мен біліктіліктердің барлығы оқушыда бірден болмауы мүмкін. Олар белгілі бір жұмыс кезінде, біздің жағдайымызда жобалық жұмыс кезінде, қалыптасады. Яғни біздің мақсатымыз — жобалық жұмысты ұйымдастыру.
Бұл əдістің негізін салушылардың бірі — профессор Килпатриктің пікірінше, «жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын жəне оны орындай алатын, үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тəрбиелеу» болып табылады. Жобалық əдістің тартымдылығы, негізінен жұмыс процесінде (жоба бойынша) оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыта түсуінде. Оқушылар өз жұмыстарының нəтижелерін бағалауға жəне жоспарлауға үйренеді. Бұл əдетте оқуға деген қызығушылықтың артуына əсер етеді жəне оқыту нəтижелерін жақсартады.
Жобалау кезеңдері:
Дайындық.
Мақсатты анықтау кезеңі.
Жұмыстың мазмұны: тақырыпты анықтау, бір немесе бірнеше мəселелерді анықтау, соңғы нəтиже мақсаттарын нақтылау, жұмыс топтарын таңдау.
Оқушылар əрекеті: ақпаратты нақтылайды, тапсырманы талқылайды, мəселелерді анықтайды.
Мұғалімнің əрекеті: оқушыларды ниеттендіреді, жоба мақсаттарын дұрыс анықтауға көмектеседі, бақылап отырады.
Жоспарлау кезеңі.
Жұмыстың мазмұны: мəселенің анализі, гипотезалар ұсыну, гипотезалардың əрқайсысын негіздеу, ақпараттың қайнар көздерін, оны жинау жəне анализдеу тəсілдерін анықтау, тапсырмалар қойылымы жəне нəтижелерді бағалау критерийлерін таңдау, топтағы рөлдерді бөліп, үлестіру.
Оқушылар əрекеті: мəселелерді шешу гипотезаларын ұсынады, тапсырмаларды қалыптастырады, ақпараттың қайнар көздерін анықтайды, өздерінің сəттілік критерийлерін таңдайды жəне дəлелдейді.
Мұғалімнің əрекеті: анализдеуге жəне синтездеуге көмектеседі, бақылап отырады.
Шешімдер қабылдау кезеңі.
Жұмыстың мазмұны: қабылданған гипотезаларды тексеру əдістерін талқылау, қолайлы нұсқасын таңдау, нəтижені ұсыну тəсілін анықтау, ақпаратты жинау — интервью, сұрақтар, бақылаулар, тəжірибелер.
Оқушылар əрекеті: тексеру əдістерін талқылайды, қолайлы нұсқасын таңдайды, ақпараттың қайнар көздерін нақтылайды.
Мұғалімнің əрекеті: бақылап отырады, кеңес береді, ақыл айтады, жанама жүргізеді.
Негізгі.
Жобаны орындау кезеңі.
Жұмыстың мазмұны: гипотезаны растайтын немесе жоққа шығаратын қажет ақпаратты іздеу, жобаны орындау.
Оқушылар əрекеті: ақпаратпен жұмыс жасайды, зерттеулер жүргізеді, идеяларды синтездейді жəне талдайды, жобаны безендіреді.
Мұғалімнің əрекеті: бақылап отырады, анализ процесін бағыттайды (егер бұл қажет болса). Əрбір оқушының жобалық жұмысының ағымдық бақылаудың жеке карталарын құрастырады жəне толтырады.
Қорытынды.
Жобаны қорғау кезеңі.
Жұмыстың мазмұны: а) баяндама дайындау жəне безендіру; б) жобалау процесін негіздеу; в) алынған нəтижелерді түсіндіру, жобаны ұжыммен қорғау.
Оқушылар əрекеті: жобаны қорғайды.
Мұғалімнің əрекеті: бақылап отырады, қорғау процесін бағыттайды (егер қажет болса), қатарлы қатысушы рөлінде сұрақтар қояды.
Нəтижелерді тексеру жəне бағалау кезеңі.

Жұмыстың мазмұны: жобаның орындалуын, қол жеткізген нəтижелерді (сəттіліктер мен сəтсіздіктер) талдау, қойылған мақсатқа жетуді талдау, нəтижелерді бағалау, жаңа мəселелерді айқындау.
Оқушылар əрекеті: жобаны ұжымдық түрде өз-өзін талдау жəне өз-өзін бағалау. Мұғалімнің əрекеті: жоба нəтижелерін ұжыммен талдауға жəне бағалауға қатысады.
Жобаны бағалау
Жобаны бағалау критерийлері түсінікті болуға тиіс, олар 7–10-нан аспауы керек. Презентация ғана емес, барлық жасалған жұмыстың сапасы бағалануы тиіс [5].
Мұғалімнің позициясы: энтузиаст, маман, кеңесші, жүргізуші, «сұрақтар қоятын адам», координатор; мұғалімнің позициясы жасырын болуы тиіс.
Егер педагогтың міндеті жобалауға үйрету, оқыту болып табылса, онда жоба əдісі бойынша жұмыста назарды ең басты оқушы мен мұғалімнің бірлескен əрекеттерінің нəтижесіне емес, сол нəтижеге қол қандай жолмен жеткеніне аудару керек.
Жобаны бағалау кезінде жобаның типін, оның тақырыбын (мазмұнын), өткізу жағдайларын ескеру қажет. Жоба нəтижесі көбіне жеке кезеңдерді дұрыс ұйымдастырғанға тəуелді. Сондықтан оқушылардың жұмыстарын əр кезеңде қадам бойынша бақылап, қадағалау міндетті болып табылады (аралық бағалау). Ойындық жобаларды бағалауда балдық жүйені қолдануға болады. Шығармашылық жобаларда аралық нəтижелерді бағалау мүмкін емес. Бірақ жұмысты сонда да қадағалау қажет — оқушыларға көмек керек болып қалса, оқытушы дайын шешім түрінде емес, ақыл ретінде көмек беруі керек (кестені қара).
Білім беру процесіне ақпараттық технологияларды ендіру қажеттілігі туындап отырған секілді. Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушы мəтінмен жұмыс істеу, графикалық объектілерді жəне деректер қорын құру, электрондық кестелерді қолдану негіздерімен, яғни ақпаратты жинақтаудың жаңа тəсілдерімен, танысып, оларды қолдануды үйренеді. Ақпараттық технологиялармен бірге компьютер білім беруде, оқушының оқуы мен шығармашылығында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Өзіміздің бақылауларымыз көп жағдайда жобалық əдістеменің қолданылуы дəстүрлі оқыту процесіне орын беретінін көрсетеді. Бұның себебі: мұғалімдердің оқыту процесіндегі осындай балама түрінің қолданылу ерекшеліктері туралы уақытында емес немесе толық емес хабардар болуы жəне де жобалық əдістемені қолданғандағы оқушылар тарапынан кездесетін қиындықтар: тілдік қиындықтар, өзіндік ойлауға, ұйымдастыруға жеткіліксіз қабілеттілік. Сондықтан жобалық жұмысты ұйымдастыру ең алдымен оқу процесіндегі жобалық əдістемені қолданудың негізгі теориялық жəне практикалық негіздерін зерттеуді талап етеді.
Бұл мəселеге қатысты, біздің ойымызша, ақпараттық технологияларды қазіргі заманғы білім беру үрдісіне енгізу өте маңызды болып табылады. Мектеп болса да, жоғары оқу орны болса да, ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыс тауып келеді жəне оны əрі қарай дамытуымыз қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үштұғырлы тіл - заман талабы

шағым қалдыра аласыз