Материалдар / УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердіқамтитын дене шынықтыру және спорттық қызмет қоғамдық және жеке мүдделерді біріктірудің тиімді механизмдерінің бірі болып табылады. Бұлстуденттердіңоқуүдерісі мен олардыңқоғамдықбелсенділіктерінжоғарылатудыңтиімдіқұралдарыныңбірі. Студенттердіденетәрбиесі мен спортқа баулу олардыңкәсібиқолданбалыденешынықтыружаттығуларыныңерекшеліктерінескереотырыпбасталады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Науатов Серикхан Кадирханович

П.Ғ. МАГИСТРІ, аға оқытушы

E-mail: 1981serik@mail.ru

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. Тараз қ.

«Дене тәрбиесі» кафедрасы.


УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ


Андатпа: Студенттерді қамтитын дене шынықтыру және спорттық қызмет қоғамдық және жеке мүдделерді біріктірудің тиімді механизмдерінің бірі болып табылады. Бұл студенттердің оқу үдерісі мен олардың қоғамдық белсенділіктерін жоғарылатудың тиімді құралдарының бірі. Студенттерді дене тәрбиесі мен спортқа баулу олардың кәсіби қолданбалы дене шынықтыру жаттығуларының ерекшеліктерін ескере отырып басталады.


Аннотация: Физкультурно-спортивная деятельность с участием студенческой молодежи является одним из эффективных механизмов сочетания общественных и частных интересов. Это одно из эффективных средств повышения образовательного процесса студентов и их общественной активности. Приобщение студентов к занятиям физической культурой и спортом начинается с учета особенностей их профессиональной прикладной физической подготовки.


Annotation: Physical education and sports activity involving students is one of the effective mechanisms for combining public and private interests. This is one of the effective means of increasing the educational process of students and their social activities. Induction of students in physical education and sports begins with taking into account the features of their professional applied physical training.


Кілт сөздер: Студент, дене шынықтыру, салауатты өмір салты,дене мәдениеті,дене тәрбиесі.


Ключевые слова: Студент, физическая культура, здоровый образ жизни, физическая культура, физическое воспитание.


Key words: Student, physical training, healthy lifestyle, physical culture, physical education.


Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2.1. Дене мәдениеті

2.2. Студенттің күнделікті өмірдегі салауатты өмір салты.

2.3. Адам денсаулығы-өмірдегі ең маңызды құндылық

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер


1. Кіріспе


Қазіргі кезде кәсіби қолданбалы дене шынықтыру және спорт студенттердің дене тәрбиесі бағдарламаларына енгізілген және студенттерді дене шынықтыруына бағытталған. Көптеген ғылыми зерттеулер кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі физикалық дайындықты қажет ететіндігін дәлелдеді. Дене тәрбиесі әр бір кезінде ең алдымен денсаулықты нығайту, содан кейін спорттық нәтижеге жету мақсатында қаралу керек. Дене шынықтыру және спорт уғымы салауатты өмір салтымен тығыз байланысты. Себебі казіргі технологиялар дамыған заманда салауатты өмір салты әрбір адамның, сонымен қатар әр бір студенттін ұстанымы болу керек.


2. Негізгі бөлім

2.1. Дене мәдениеті


Дене мәдениеті - бұл адамзат мәдениетінің органикалық бөлігі, оның ерекше дербес аймағы. Дене шынықтырудың негізінде өз бойында қажетті физикалық қабілеттерді тиімді қалыптастыруға, денсаулық жағдайын оңтайландыруға мүмкіндік беретін дене жаттығулары түріндегі мақсатты қозғалыс белсенділігі деп білеміз. Денсаулық - әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Адамның өзі негізделген және нығайтылған денсаулығы оның ұзақ және белсенді өмірін қамтамасыз етеді. Қоғамдық өмірде білім беру, тәрбиелеу және демалу жүйесінде дене шынықтыру өзінің сауықтыру, жалпы мәдени маңыздылығын көрсетеді. Дене дамуы адамның денсаулығын нығайту және сақтаумен тығыз байланысты. Әр түрлі физикалық жаттығуларды белсенді қолдану арқылы адам өзінің физикалық жағдайын жақсартады. Дене шынықтырудағы белсенділіктің нәтижесі - дене дайындығы және моторикасы мен дағдыларының жетілу дәрежесі.


2.2. Студенттің күнделікті өмірдегі салауатты өмір салты.


Сабақтан тыс уақыттағы салауатты өмір салтының негізгі бағыты оқудан кейін студенттің денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған. Ұйқы, тамақ, жеке гигиена, үй шаруашылығында және жеке шаруашылықты жүргізу, балаларды (кіші іні-қарындастарды) тәрбиелеу, қарттарға күтім жасау, университетке баруға және қайтуға кеткен уақыт пен күш, бюджетті толтыру мақсатында уақытша жұмыс жасау және т.б. - бұл сабақтан тыс (бос емес) уақыттың негізгі компоненттері.

Сабақтан тыс уақытта студенттің өмірі алуан түрлі болады. Осы уақытта қалпына келтірудің де, сауықтырудың да, салауатты өмір салтының құрылымдық топтарын шығармашылықпен өзгерте отырып, дамытуда да, қолдауда да айқын көрінеді.

Оқушылардың бос емес уақыты шексіз ұзақ болмауы керек. Керісінше, міндет барлық өмірлік және кезек күттірмейтін міндеттер мен мәселелердің қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз ету болып табылады, осылайша студент өзі үшін бірнеше сағаттық бос уақытты ойлап таба алады.


2.3. Адам денсаулығы-өмірдегі ең маңызды құндылық


Денсаулық - Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДС) ұйымы анықтағаны бойынша - бұл аурудың және физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, ол дегеніміз толық физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқат;

Адам денсаулығы - өмірдегі ең маңызды құндылық. Оны ешқандай ақшаға сатып алуға да болмайды, оны қорғау, жақсарту және жетілдіру, нығайту қажет.

Денсаулық көптеген факторларға байланысты болады. Қазіргі кезде адамдардың денсаулығы өмір сүру салтына байланысты 50%, қоршаған ортаға байланысты 20% арқылы, ал 20% - биологиялық (тұқым қуалайтын) факторлармен және 10% - медицина арқылы анықталады деген пікір басым.Сондықтан, егер адам салауатты өмір салтын ұстанатын болса, онда мұның бәрі оның денсаулығының 50% жоғары деңгейін алдын-ала анықтайды. Сонымен қатар керісінше, зиянды өмір салтын жүргізетін адам өз денсаулығына нұқсан келтіреді, өзін азап пен қиындыққы, ерте қартаю мен қуанышсыз өмірге алып соғады.Төменде біз салауатты өмір салтын дене шынықтыру мен спорттың негізгі құрамдас бөлігі ретінде айқындап, СӨС-тің үш тобын қарастырдық.


Қорытынды

Дене шынықтыру және спорт біздің қоғамда әрқашан жоғары деңгейде қарастырылған және жоғары бағаланған. Неліктен қазіргі кезде бұқаралық дене шынықтыру мәселесі өткір және принципиалды? Адамдардың денсаулығы туралы қамқорлық біздің қоғамның басты әлеуметтік мәселесі болғандықтан ғана емес. Бүгінгі таңда дене шынықтыру мен денсаулық, еңбек қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс ерекше айқын сезіледі. Халықтың денсаулығын нығайтуда, жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда, жастарды еңбекке дайындауда және Отанды қорғауда дене шынықтыру мен спорттың, оларды күнделікті өмірге енгізудің маңызы артып келеді. Әр адам жас кезінен бастап өзінің физикалық жетілуіне қамқорлық жасайтын, гигиена мен медициналық көмек саласындағы білімдері бар, салауатты өмір салтын ұстанатындай етіп ұйымдастыру керек. Біз дене шынықтыру мен спорттың барлық әлеуетті мүмкіндіктерін Қазақстанның өркендеуі үшін толығымен пайдалануымыз керек.


Қолданылған әдебиеттер:

1. «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы. 2013 жыл, 30 қыркүйек

2. Физическая культура студента: Учебник / Под ред. В.И.Ильинича. М., 1999.

3. Пономарев Н.И. Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания. – М., 1970.

4. Лисицын Ю.П. Слово о здоровье. – М., 1993.

5. Краснов И.С. Формирование здорового образа жизни – важное направление подготовки специалистов высшей квалификации / Вопросы физического воспитания студентов. XXVII, 2003, Изд-во СПбГУ.



Қатысушының тіркеу формасы:

ТАӘ (толық): Науатов Серикхан Кадирханович

Оқу немесе жұмыс орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

лауазымы (студенттер үшін - курс), ғалым дәрежесі: П.Ғ. МАГИСТРІ, аға оқытушы

Байланыс телефондары: +7 705 842 4698

Электрондық пошта мекенжайы (E. mail): 1981serik@mail.ru

Конференция бағыттары: № 1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!