Заманауи білім берудегі мұғалімнің жаңа тұрпаты
С.Т.Мусатаева
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
№17ЖББ ОМ,Қарағанды қаласы.
ХХІ ғасырда мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде адам әлеуетінің рөлі артып отыр. Қоғамға адамның зияткерлік қабілеті, оның білімділігі, жаңа білімді жинақтау мүмкіндігі қажет. Бүгінгі таңда инновациларды жедел игеретін, өмірдің серпінді сұраныстары мен талаптарына тез бейімделетін тұлға ғана жеңіске жетеді. Елдің даму үрдісінде адами құндылықтардың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандартына қол жеткізуге көңіл бөле отырып жүргізуді қарастырады. 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі бойынша орта жалпы білім беру жүйесінде кәсіби білім беру реформасын жүргізу көзделіп отырғандықтан, болашақта мектепке оқушылардың жеке дара шығармашылық, креативтік, зияткерлік қабілеттерін аша алатын жаңа тұрпатты мұғалім қажет.Жаңа тұрпатты мұғалім оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны енгізе алатын, қажетті өзгертулерді, түзетулерді жасай алатын, өз білімін толықтырып отыратын ұдайы ізденіс үстіндегі инновациялық- технологиялық іс-әрекетті меңгерген маман болуы тиіс, ал ол инновациялық ғылым мен білім арқылы болашақ мұғалімнің интеллектуалдық- технологиялық әлеуетін қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі әлемде оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше жан –жақты сауатты, іскер мұғалім- жаңа тұрпатты мұғалім болу мүмкін емес. Жаңа тұрпатты мұғалім- заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, инновациялық технологиямен қаруланған, өзін –өзі жетілдіругк үнемі ұмытылып отыратын,рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалдытұлға, білікті маман.
Жаңа тұрпатты мұғалімнің шешетін міндеттері төмендегідей: 1.Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту.
2.Оқушыны есікке дейін алып келіп, қолына кілітті беріп, сол құралды қалай падалану керек екендігін үйрету. Білім дүниесіне оқушының өзінен басқа ешкімнің де кіре алмайтындығын еске сақтау. 3.Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйрету, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолдарын көрсету:өзін-өзі тану,өзін-өзі зерттеу,өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі реттеу,өзін-өзі белсендіру, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру. 4.Оқушының барлық ішкі әлеуетін ашуға және оған шығармашылықтың шыңына шығуға көмектесу.
Мұғалім оқытуының мақсаты мынадай:
- білім беру аймағының пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісінің нақты мақсаттарын жобалау;
- оқу үрдісінін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыруда міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандартының талаптарына сәйкес құрастыру;
-оқу материалдарын даярлау және іс жүзінде іске асыруға ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;
- оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;
- оқушының дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау;
- құзіреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелерін жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру.
Ұлы шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп атап көрсеткеніндей, ұстаздық шеберлік, мұғалімнің өз пәнін жетік білуі, ойын оқушыларға жете түсіндіре алуы, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра алуымен өлшенеді.
Ұстаздық шеберліктің бөліктері мыналар:
- педагогикалық, әдістемелік білімдарлық, өз пәнін еркін, терең меңгеру;
- мұғалімнің өз мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
- кәсіптік көрегендігі;
- педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
- ұйымдастырушылық шеберлігі;
- инновациялық технологияларды меңгеруі;
-ұстаздық сезімталдығы, үлкен жауапкершілігі;
- педагогикалық техника;
-
креативтілік. Ұстаздық шеберліктің негізін
мұғалімнің тұлғалық сапалары құрайды.Төмендегі сызбада жаңа
тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары жан-жақты
ашылған.
Осы
мақаланы дайындау барысында оқушылармен «Жаңа мектептегі жаңа
тұрпатты мұғалім қандай болуы керек?» деген сұрақ бойынша сауалнама
жүргіздім. Сауалнамадағы оқушылардың жауаптары төмендегідей:
1.Мұғалім- менің қолдаушым, қорғаным болуы қажет. 2.Мұғалім-менің
жанашырым, ол бізді жақсы көреді. 3.Мұғалім- әділетті, адал адам.
4.Мұғалім-мені түсінетін, маған мен бәрін түсінетіндей сөйлейді.
5.Мұғалім – өз ісін жетік білетін, мені дұрыс жолға жетелейтін
адам. 6.Мұғалім бізге қобалжу мен қорқуға жол бермейді. 7.Маған
әртүрлі шығармашылық іс-әрекет түрлерін ұсынады. 8.Менің
іс-әрекетімді, көзқарасымды әділ бағалайды. 9. Маған ақыл береді
және ол менің ең жақын адамдарымның бірі. Оқушылардың жауаптарынан
жаңа тұрпатты мұғалімнің қандай тұлға болуы керектігі анық
берілген. Ал , тура осы сауалға өз әріптестерім төмендегідей жауап
берді.
Ізденімпаз
Мәдениетті
Еңбекқор
Жаңа тұрпаттағы
мұғалім
Төзімді
Ой –өрісі жан-жақты
Жаңашыл
Техникалық сауатты
Шебер
Жоғарыда айтылған әріптестерімнің жауаптарынан қазіргі заман талаптарына сай жаңа тұрпаттағы мұғалім - оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерін меңгерген, ізденімпаз, кәсіби жан-жақты жетілген, өз ісін шынайы сүйетін маман, шебер ұйымдастырушы, бағыттаушы және де жетелеуші тұлға.
Демек, әрбір жаңашыл ұстаз оқу үрдісінде оқытудың түрлі жаңа озық технологияларын қолданса, білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз. Ең бастысы мұғалімнің өз жұмысына деген оң көзқарасын қалыптастырып, үнемі ізденісте болуы, жаңаны меңгеруге талпынуы және жан-жақты кәсіби жетілуі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.К.Бұзаубақова . «Қазақстан мектебі» журналы, 2011 ж, №9; [24-28б]
2.Н.Ә.Назарбаев . Президент Н.Назарбаевтың International Herald Tribune басылымына берген сұхбаты. Астана -2010
3.А. Көбесов. Әл-Фарабидің мұралары.Алматы,1989,[49б].
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз