БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Акрамова Дилмира Валихановна Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан.
Аңдатпа. Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамыту өзекті ғылыми-зерттеу мәселелерінің бірі болып табылады. Бастауыш мектеп кезеңі баланың танымдық қабілеттерін қалыптастырудағы маңызды кезең болып саналады. Бұл кезеңде оқушылардың аналитикалық, логикалық және шығармашылық ойлау дағдыларының негізі қаланады. Білім беру бағдарламаларының жаңартылуы осы дағдыларды дамытуға бағытталғанымен, оқыту әдістемелерін жетілдіру қажеттілігі сақталады.
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдерге талдау жасалады. Аталған зерттеу барысында отандық ғалымдардың еңбектері қарастырылып, олардың тұжырымдары салыстырылды. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, алынған нәтижелерге негізделген қорытындылар жасалды.
Кілт сөздер: бастауыш сынып, когнитивті даму, ойлау дағдылары, проблемалық оқыту, зерттеу әдістері, сауалнама.
Кіріспе. Білім беру саласындағы заманауи зерттеулер оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Ғылыми еңбектерде когнитивті даму білім алушының интеллектуалды қабілеттерінің негізгі көрсеткіші ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамыту олардың оқу жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар өмірлік дағдыларын қалыптастыруға да ықпал етеді.
Осы орайда,,Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарындағы жалпыұлттық басымдық, сапалы білімге байланысты:«Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру маңызды» – деп ел дамуының жаңа бағытын іске асыру үшін адам капиталын дамыту бағыттарын көздейді [1]. Яғни,мемлекет білім беру кезінде ақыл-ой әрекеттерін дамытуды қолға алу керек екендігін айқындап отыр.Себебі,Қазақстанның даму кезеңінде ғылым мен білімнің өзара байланысы ,оның артықшылықтары мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты қозғаушы күші екендігі анық.
Мақаланың мақсаты:«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамытудың» теориялық негіздерін айқындап,Бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамытудың жолдарын айқындау.
Мақаланың міндеттері:зерттеу мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау,талдау нәтижесінде «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамыту»ұғымын нақтылау ,өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау және ойлау дағдыларын дамытудың тиімді әдістерін ұсыну.
Материалдар мен әдістер. Зерттеудің теориялық негізін анықтау барысында бірқатар ғалымдардың еңбектеріне шолу жасадық. Атап айтсақ, Т.Қ.Жұмажанова [2], А.Ж.Есназар [3], С.Б.Бабаев [4], Ш.Ш.Онтуганова [5], Ф.Ш.Оразбаева [6], Д.Қ.Пошаев [7], Ш.Б.Әлмұханбет [8], Н.Қияқбай [9], Р.Калдыбекова [10] ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынды.
Т.Қ. Жұмажанова өзінің еңбегінде проблемалық оқыту технологиясының оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамытудағы маңыздылығын көрсетеді. Автордың тұжырымдамасы бойынша, проблемалық тапсырмалар оқушыларды әртүрлі жағдайларды шешуге, пікір алмасуға және логикалық қорытындылар жасауға итермелейді [2, 83 б.].Бұл идеяның оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда тиімді екені анық, өйткені оқушы өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді, әртүрлі көзқарастарды қарастырады және логикалық ойлауын жетілдіреді. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларына күрделі проблемалық тапсырмалар беру оларды шатастыруы мүмкін. Осыған байланысты, бұл әдісті оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу қажет.
А.Ж. Есназардың «Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» атты зерттеуінде, сөйлеу дағдыларының ойлау процесімен тығыз байланысы айқындалған. Зерттеу нәтижелері бойынша, тиімді сөйлеу қабілеті оқушылардың өз ойын жүйелі түрде жеткізуіне, әрі аналитикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді [3, 51 б.]. Бұл көзқарас нақты дәлелдерге негізделген, өйткені сөйлеу дағдылары ойлау процесін жетілдіреді. Оған дәлел С.Б. Бабаевтың еңбегінде балалардың ойлау қабілеті мен тіл дамуының бір-бірімен тығыз байланысты екендігі айқындалады. Оқушылардың бай сөздік қоры және тілдік дағдылары олардың ойлау процестерінің дамуына оң ықпал етеді [4, 75 б.].Ойлау мен талдің тығыз байланысы зерттеулерде жиі айтылып жүр, өйткені бала ойлау арқылы сөздерді түсініп, дұрыс қолдануды үйренеді. Алайда, тек сөздік қорды көбейту жеткіліксіз. Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту үшін ауызша және жазбаша сөйлеуге бағытталған жаттығулар кешенін енгізу қажет.
Ш.Ш. Онтуганова «Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту» атты еңбегінде, логикалық амал-тәсілдерді қолданудың оқушылардың ойлау қабілетін арттырудағы тиімділігі талқыланады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, талдау, салыстыру, жалпылау және абстракциялау сияқты логикалық амалдар оқушылардың когнитивті қабілеттерін жүйелі түрде дамытуға жағдай жасайды [5, 61 б.]. Логикалық тәсілдер оқушылардың аналитикалық ойлауын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл әдіс оқушыларды деректерді салыстыруға, қорытынды жасауға және белгілі бір құрылым бойынша ойлауға үйретеді. Алайда, логикалық тапсырмалар бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі болуы мүмкін, сондықтан оларды ойын элементтерімен ұштастырып қолдану қажет.
Ф.Ш. Оразбаева проблемалық жағдайларды сабаққа енгізудің оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы әсерін қарастырады.Автордың тұжырымында, проблемалық тапсырмалар оқушылардың ақпаратты талдап, салыстырып, өз ойын қалыптастыруға ықпал етеді [6, 181 б.].Бұл идеяның практикалық маңызы бар, себебі проблемалық тапсырмалар оқушыларды өз бетінше ойлауға және шешім қабылдауға итермелейді. Бірақ,проблемалық оқытудың тиімділігі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер тапсырмалар тым күрделі болса, оқушыда сенімсіздік туындауы мүмкін. Сондықтан, бұл әдісті қолдануда тапсырмалардың күрделілігін оқушылардың деңгейіне сәйкес реттеу қажет.
Ал Д.Қ. Пошаев оқу әрекеттерін меңгеру барысында ой әрекеті мен сыртқы әрекеттер үйлесуі қажет. Оқыту – білім алушының ойлау іс-әрекетін басқару процесі болып табылады. Мұғалім тек оқушыны ойлануға мәжбүр ететін жағдай жасай алады, ал ұғымдарды қалыптастыруда әдістемеден гөрі мазмұн басым рөл атқарады. Білім беру процесінде мағына мен мәнді ажырату маңызды, алайда зерттеу көрсеткендей, бұл аспектілерге жеке назар аударылмайды, сондықтан басқарылатын білім беру жоспары қажет [7, 83 б]Оқыту үдерісінде білім алушылардың ойлау қабілетін бағыттаудың маңызы зор. Дегенмен, бұл бағыттау оларды тек дайын білімді қабылдауға емес, керісінше, өздігінен ізденуге, талдау жасауға және жаңа білімді қалыптастыруға ынталандыруы керек. Егер тек қана объективті мәнге назар аударылса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмендеуі ықтимал. Осы себепті, оқыту барысында мағына мен мәнді бірге қарастырып, оқушылардың белсенді танымдық әрекеттерін ынталандыру қажет деп санаймын.
Ақыл-ой картасын жасау арқылы оқушылардың ойын жан-жақты дамытуға,жаңа идеяларды ұсынуға,сыни тұрғыда ойлауға,стандартты емес шешімдерді табуға мүмкіндік беретінін тәжірибе барысында дәлелдеген ғалымдар – Ш.Б. Әлмұханбет [8,7 б]-ойлау дағдыларын дамытуда «Mindmapping» технологиясын пайдалану ерекше нәтиже береді. Бұл әдіс балалардың логикалық, шығармашылық және жүйелі ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Зерттеудің қорытындылары да осы технологияның тиімділігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, білім беру жүйесінде бұл әдісті кеңінен қолданудың маңызы зор деп есептеймін.
Оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуды сабақ барысында түрлі жобаларды ұйымдастыру арқылы дамыту мүмкіндіктерін Н.Қияқбай және бірлескен ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырған [9, 12 б]. Бастауыш сынып – оқушылардың ойлау дағдыларының іргетасы қаланатын маңызды кезең. Осы себепті, бұл жастағы балалардың сыни ойлау, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту аса маңызды. Жобалап оқыту әдісінің тиімділігі осы кезеңде ерекше байқалады, себебі балалар тек теориялық біліммен шектелмей, нақты тапсырмаларды орындау арқылы практикалық дағдыларын жетілдіреді.
Р.Калдыбекова «Оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын сұрақ қою әдісі арқылы қалыптастыру» еңбегінде білім берудің басты мақсаты – ойлауды дамыту, ал дұрыс қойылған сұрақтар оқушыларға материалды терең түсінуге көмектеседі. Мұғалімдер оқушыларды сұрақтар арқылы бағыттай отырып, олардың сыни ойлау қабілетін жетілдіреді. [10, 8 б]. Сұрақтардың оқушылардың ойлауын дамытудағы рөлімен келісемін, алайда олар тек жауап берумен шектелмей, өз ойларын саралап, қорытынды шығара білуі қажет. Егер оқушының ішкі ынтасы болмаса, ең тиімді сұрақтардың өзі аз пайда әкеледі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып «Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамыту – бұл олардың шығармашылық, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін кешенді түрде жетілдіруге бағытталған оқу процесі.»-деп анықтама жасадым.
Нәтиже мен талдау.Осы зерттеу аясында бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамытуға байланысты сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға №23 мектеп лицейінің 2« Ә »сыныбының 21 оқушысы қатысты.
Анықтау кезеңінде-бастауыш сынып оқушыларының ойлау деңгейін анықтау мақсатында авторлық сауалнама қолданылды.Оқушылардың нәтижелерінің талдамасын келесі кестеде ұсынамыз.
Кесте 1- Оқушылардың ойлау деңгейін анықтау сауалнамасы
|
№ |
Сұрақ |
Иә (%) |
Жоқ (%) |
|
1 |
Сіз логикалық ойындар арқылы оқытуды ұнатасыз ба? |
82% (17) |
18% (4) |
|
2 |
Сабақта зерттеу жүргізу қызықты ма? |
76% (16) |
24% (5) |
|
3 |
Сыни ойлау тапсырмалары қиындық тудырады ма? |
48% (10) |
52% (11) |
|
4 |
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай оқыту тиімді ме? |
90% (19) |
10% (2) |

Сурет 2- Оқушылардың жауаптары
-
1-сұрақ: Оқушылардың 82%-ы (17 оқушы) логикалық ойындар арқылы оқытуды ұнататынын білдірген, ал 18%-ы (4 оқушы) ұнатпайтынын айтқан. Бұл логикалық ойындардың оқушылар арасында танымал екенін көрсетеді.
-
2-сұрақ: Оқушылардың 76%-ы (16 оқушы) сабақта зерттеу жүргізу қызықты екенін айтқан, ал 24%-ы (5 оқушы) қызық емес деп жауап берген. Бұл зерттеушілік тәсілдердің оқушылар арасында қызығушылық тудыратынын көрсетеді.
-
3-сұрақ: Оқушылардың 48%-ы (10 оқушы) сыни ойлау тапсырмалары қиындық тудыратынын айтқан, ал 52%-ы (11 оқушы) қиындық тудырмайтынын айтқан. Бұл сыни ойлау тапсырмаларының кейбір оқушылар үшін қиындық тудыратынын көрсетеді.
-
4-сұрақ: Оқушылардың 90%-ы (19 оқушы) оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай оқыту тиімді екенін айтқан, ал 10%-ы (2 оқушы) тиімді емес деп жауап берген. Бұл оқушылардың көпшілігі жеке қабілеттерге сай оқытуды қолдайтынын көрсетеді.
Талдау:
Сауалнама нәтижелерінен логикалық ойындар мен зерттеушілік тәсілдердің оқушылар арасында жоғары бағаланатынын көруге болады. Сонымен қатар, сыни ойлау тапсырмалары кейбір оқушыларға қиындық туғызатыны анықталды. Оқушылардың көпшілігі жеке қабілеттерге сай оқытуды қолдайды..
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамыту үшін-қалыптастыру кезеңіне бірнеше тапсырма ұсынатын боламын.
1-тапсырма «Сиқырлы суреттер» (Байқағыштық пен логикалық ойлауды дамыту) Мақсаты: Оқушылардың зейінін, қиялын және логикалық ойлауын дамыту.
Тапсырма: Оқушыларға екі ұқсас сурет беріледі, бірақ бірінде кішкентай айырмашылықтар бар. Балалар сол айырмашылықтарды табуы керек.
Мысал:
• Бірінші суретте ағаштың үстінде құс отыр.
• Екінші суретте сол құс жоқ немесе ағашта бір жапырақ жетіспейді.
Жауабы: Оқушылар екі суретті салыстырып, айырмашылықтарды табады.Қосымша нұсқа: Егер суреттер қолданылмаса, мәтін арқылы да жасауға болады. Мысалы, екі сөйлем беріледі, олардың арасындағы айырмашылықты табу керек.
2-тапсырма «Кері есеп» (Логикалық ойлау және математикалық дағдыларды дамыту). Мақсаты: Оқушыларға есепті тек шешіп қана қоймай, өздері есеп құрастырып үйренуге көмектесу.
Тапсырма: Мұғалім оқушыларға жауабы дайын есеп береді, ал олар есептің шартын өздері ойлап табуы керек.
Мысал:
• Жауабы: 12 алма
• Оқушы құрастыратын есептің мысалы: «Анар дүкеннен 5 алма сатып алды, ал анасы оған тағы 7 алма берді. Барлығы неше алма болды?» Қосымша нұсқа: Мұғалім бірнеше жауап беріп, балаларға әрқайсысына сәйкес келетін есеп құрастыруды ұсына алады.
3-тапсырма «Ертегі жалғастыру» (Шығармашылық және сыни ойлауды дамыту). Мақсаты: Оқушылардың қиялын, сөйлеу қабілетін және оқиғаларды жүйелі баяндау дағдысын дамыту.
Тапсырма: Мұғалім ертегінің басталуын оқып береді, ал оқушылар оны өз ойларынша жалғастырады. Мысал: “Бір күні Айсұлу орманға серуендеуге шықты. Ол гүл теріп жүріп, кенеттен бір сиқырлы есікке тап болды…”
Жауабы: Оқушылар өз нұсқаларын айтып немесе жазады. Біреуі есіктің арғы жағында сиқыршы бар деп ойлауы мүмкін, ал басқасы ғажайып әлемге апарады деп жалғастыруы мүмкін.Қосымша нұсқа: Әр топ өз оқиғасын ойлап тауып, оны сыныпқа баяндап беруі мүмкін.
Бұл тапсырмалар балалардың ойлау дағдыларын дамытуға көмектесіп, оларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандырады.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамытуда логикалық ойындардың, зерттеушілік әдістердің және шығармашылық тапсырмалардың маңыздылығын көрсетті. Оқушылардың басым бөлігі белсенді оқыту әдістерін қолдайтынын және жеке қабілеттеріне сай оқыту тиімді екенін атап өтті. Дегенмен, сыни ойлау тапсырмалары кейбір оқушыларға қиындық тудыратыны анықталды, бұл әдістерді жас ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеуді қажет етеді.
Оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді кешенді түрде қолдану маңызды. Зерттеу барысында ұсынылған әдістер – «Сиқырлы суреттер», «Кері есеп», «Ертегі жалғастыру» секілді тапсырмалар балалардың аналитикалық, логикалық және шығармашылық ойлауын дамытуда тиімді екені байқалды. Бұл тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етеді.
Жалпы, бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту үздіксіз жүргізілуі тиіс процесс. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін ұштастыра отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру – сапалы білім берудің негізгі шарты. Сондықтан болашақта ойлау дағдыларын жетілдіруге бағытталған педагогикалық әдістерді жетілдіру, олардың тиімділігін ғылыми-зерттеу тұрғысынан негіздеу өзекті мәселе болып қала береді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (Стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.02.2021, №521 Жарлығымен).
2. Т.Қ. Жұмажанова Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы, 2019. – 83 б.
3. А.Ж. Есназар Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру: филос. док. ғыл. ... дис. Шымкент,2022. – 51б.
4. С.Б. Бабаев Бастауыш мектеп педагогикасы.-Қарағанды,2021.– 75 б.
5. Ш.Ш.Онтуганова Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту: филос. док. ғыл. …дис. Шымкент,2023.– 61 б.
6. Ф.Ш. Оразбаева Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2018. – 181 б.
7. Д.К. Пошаев, М.Д. Пошаев «Оқыту процесі – психологиялық жүйе: теориясы, әдіснамасы және практикасы» – Алматы, 2024. – 83 б.
8. Ш.Б. Әлмұханбет, А.Ж. Есназар, Қ.Молдабек. «MINDMAPPING» технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдысын қалыптастыру. – Шымкент, 2023.
9 б.
9. Н. Қияқбай, Е. Арғынбаев, Р. Адилбаева. «Жобалап оқыту адісі арқылы ойлау дағдыларын дамыту». Ясауи университетінің хабаршысы. – 2023. – № 2. 406 б.
10. Р. Калдыбекова, Б. Абдиманапов, Н. Карменова, Г. Бердыгулова «Оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын сұрақ қою әдісі арқылы қалыптастыру». Вестник Карагандинского университета. – 2023. 158 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз