LEARNINGAPPS СЕРВИСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ
Жаңартылған білім беру
мазмұнына көшу мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктеуде. Солардың
бірі оқушылардың бағдарламаны меңгеруі мен олардың жетістіктері
бағалаудың дәстүрлі тәсілдерін өзгерту. Бағалау жүйесіндегі
тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін
мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму
жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін
білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады.
Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау
жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың
шама деңгейіне соншалықты
байланысты.
Мұғалім мен білім алушылардың
арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің
дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін бағалаудың жаңа жүйесі
қалыптастырушы бағалау үрдісін
енгізілді.
Жаңартылған білім беру
мазмұнында оқушылардың өз жетістіктерін бағалауда
жауапкершіліктерін күшейту негізінде бағалаудың дәстүрлі
әдістерінен қалыптастырушы бағалауға көшу тиімді деп
есептеймін.
Бүгінгі жұмысымның
өзектілігі
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын және тақырыпты оқытудың тиімділігін арттыру
мақсатында өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалау құралдарын
белсенді пайдалану;
Міндеттері:
-
LearningApps қызметінің
құралдарын үйрену;
-
серверде интерактивті
қосымшалар жасау;
-
сабақтың түрлі сатыларында
сервер құралдарын қолдану;
-
оқушылардың өзін - өзі бағалау
қабілетін дамыту;
-
оқушылардың белсенділігін және
қызығушылығын арттыру;
LearningApps сервисі
туралы
LearningApps - бұл әр түрлі
пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға
мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін
қолдау үшін арналған сервис деп
есептеймін
LearningApps сервисінің
алғашқы парақшасы
Сервердің ерекшелігі,
пайдаланушылар жасаған барлық тапсырмалар галереяда жиналған және
жалпыға қол жетімді болып табылады. Іздестіруге оңай болу үшін
барлық интерактивті тапсырмалар санат бойынша топтастырылған
(пәндер бойынша) . Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына
қарай да топтастырылған тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік бар.
Дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де пайдалануға
мүмкіндігі бар.Жеке материалдарды жасау және сақтау қарапайым
тіркеуден өткен соң ғана мүмкін
болады
LearningApps
құралдары
LearningApps құралдары әртүрлі
интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина,
сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша
таспа және т.б.
Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен
білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді
тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын
тексеру кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп
есептеймін.
Кей жағдайларда өз
қосымшаңызды құрастырмас бұрын, басқа да әріптестер құрастырған
қосымшаларды қарап шығуға кеңес беремін. Себебі әріптестер
жариялаған немесе құрған қосымшаларды қарай отырып, өзің құруға
талпынған қосымшаға жаңа идеялар алуға, сапалы қосымшалар табуға
болады. Дайын қосымшаларды пайдалану кейде уақытты үнемдеуге де
тиімді болуы мүмкін
Сервис мәтіндік ақпаратпен
ғана емес сонымен қатар графикалық, аудио, видео ақпараттарменде
жұмыстанудың көптеген таңдауларын
ұсынады.
Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды
таңдап, оны ашып, деректеріңізді енгізу үшін «Создать подобное
приложение» функциясын қолдануға
болады.
Әр қосымшаны құрудың алдында
мысалдар категориясынан дайын өнімнің қалай жасалғандығында көре
аласыз.
LearningApps сервисін
пайдалану арқылы кері байланысты
ұйымдастыру
Сіз дайындап ұсынған
тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің теориялық
білімдерін бірнеше рет тексеруге, білімдеріндегі кемшіліктерді
жоюға, тапсырмаларды дұрыс орындауға қол жеткізеді, осылай олардың
өз білімдерін өзін – өзі бағалауы артады. Оқушылардың топпен немесе
жұппен жұмыс жасаулары олардың өз білімдерін салыстыруға, өзара
көмек көрсетуге, өздерінің қабілеттерін өзге оқушылармен салыстыра
отырып бағалауға мүмкіндік туады.
Осылайша оқушылар берілген
тақырып немесе бөлім бойынша тапсырмаларды меңгерудегі өз
жетістіктері туралы кері байланыс алады және қаншалықты жақсы
түсінгендігін біледі.
Кері байланыс алған оқушылар
өздерінің білімін және оқуға деген ынта-жігерін арттыру үшін өз
алдына мақсаттар қояды деп
есептеймін.
Мұғалімде LearningApps
сервисін пайдалана отырып кері байланыс алуға мүмкіндік алады. Ол
үшін Сіз серверге тіркелген болуыңыз керек және өзіңіздің виртуалды
кабинетіңізді құрып, онда сынып пен оқушылар тізімін құру қажет.
Сыныптар тізімін жасағанда сервер оқушыларға арналған логин мен
құпия сөздерді автоматты түрде береді. Серверге тіркелген
оқушылар өз аудиториясына логин мен құпия сөзін енгізу арқылы
кіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындай
алады.
«Статистика» батырмасын шерту
арқылы мұғалім өзі ұсынған тапсырмаларды кімдер орындады немесе
орындаған жоқ және тапсырманы орындау барысында қандай кедергілер
болды осы жөнінде мәліметтерді бақылай
алады.
Берілген тапсырмалардың
нәтижесін қарай отырып, қай оқушыларға көмектесу керектігін, қандай
тақырыпты жеткілікті түрде дұрыс бермегендігін көре алады. Осы
кеткен кемшіліктерді жою үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы
қайта жұмыстануға тура келеді. LearningApps сервисінің тағы бір
мүмкіншілігі бұл пайдаланушылармен жеке хабарлама алмасу. Бұл
мүмкіндік Сізге оқушылар белгілі себептермен сабаққа қатыспағанда
немесе сырқаттанып қалған жағдайда көмектеседі. Сіз оларға әртүрлі
тапсырмаларды қарауды хабарлама арқылы жеке жазасыз. Осылайша,
барлық оқушылар қол жетімді түрде білім алуға, олардың
мүмкіндіктерін бағалауға және білім деңгейін көтеруге мүмкіндік
береді.
Қорытынды
Интерактивтік тапсырмаларды
орындаған кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтауы,
есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері
қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі,
жіктеу қабілеттері артады деп
есептеймін
Оқушылар LearningApps
сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық тапсырмаларды уақытылы
орындайды, олардың толық орындалуына қол жеткізеді деп
есептеймін
Оқушылардың сабаққа деген
ынтасы мен белсенділігін артыруда LearningApps сервисі шын мәнінде
қалыптастыруша бағалау құралы болып табылады. Тапсырмаларды орындау
барысында олардың қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды.
Берілген тапсырмаларды орындауда білімнің жоғары деңгейіне жетуге
деген келесі қадамдарын құра алады. Бір – бірінен көмек сұрайды
және көмектеседі. Сонымен қатар, өз материалдарын жасай отырып,
пайдаланушы оларды жеке қолдану және жалпы пайдалану үшін сақтай
алады.