Материалдар / LESSON STUDY ӘДІСІ - САБАҚТЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮДЕРІСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

LESSON STUDY ӘДІСІ - САБАҚТЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮДЕРІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық технологияны пайдалану - өмір талабы. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық қажеттілік. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. Теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында мектептерге жолдамамен барған машықкерлерді де бастауыш сыныптың мұғалімдері жаңа технологиямен қаруланып, әдіс-тәсілдер қоржынын толтырып, жаңартылған білімнің жүйесін басшылыққа алып қарсы алуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2022
421
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

LESSON STUDY ӘДІСІ - САБАҚТЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮДЕРІСІ

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы Джакаева Гульзира Баженовна

Инновациялық технологияны пайдалану - өмір талабы. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық қажеттілік. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. Теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында мектептерге жолдамамен барған машықкерлерді де бастауыш сыныптың мұғалімдері жаңа технологиямен қаруланып, әдіс-тәсілдер қоржынын толтырып, жаңартылған білімнің жүйесін басшылыққа алып қарсы алуда.

Кітапханадан әдістемелік оқулықтар мен журналдарды оқи отыра Lesson Study тәсіліне тоқталып, толығырақ оқи бастадым. Өйткені, ол әдісті естігеніммен, бұрын түсінген жоқ едім. Зерттеу барысында, Lesson Study тәсілінің шығу тарихымен таныстым.

Lesson Study тәсілі қалай пайда болған?

Питер Дадли - Лестер университетінің құрметті профессоры. Питер Дадли көп жыл бойы Шығыс Лондонда және шет елдерде бастауыш және орта мектептерде сабақ берген. Питер 2001 жылы Ұлыбританияда Lesson Study тәсілін ұсынды. Сондай-ақ соңғы 12 жыл бойы ол Lesson Study тәсілін қолдану жөніндегі көптеген ұлттық және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын енгізді. Питер 2001 жылы Ұлыбританияда Lesson Study тәсілін ұсынды. Сондай-ақ соңғы 12 жыл бойы ол Lesson Study тәсілін қолдану жөніндегі көптеген ұлттық және ғылыми - зерттеу бағдарламаларын енгізді. Сонымен, Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілімен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study тәсілін ұйымдастыру үшін қандай іс-әрекеттер қолданылады?

  • Бірінші Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз;

  • Әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз.

  • Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз.

  • Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз.

  • Сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз.

  • Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетініңізді жазып отырыңыз (өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді.)

Lesson Study жүргізу тәсілі қандай?

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.Ол үшін 3 циклді жоспарлайды. Мысалы:енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін Lesson Study тобының бірінші отырысы өткізіледі. Соңғы отырыста өз қорытындыларын жазып, нәтижесінде ашық зерттеу жүргізеді.

Lesson Study бірінші циклі

  • Бірлесіп жоспарлау

  • Өткізу, қадағалау

  • Оқушылармен сұхбаттасу

  • Талқылау, ІІ циклді жоспарлау

Lesson Study екінші циклі

  • Бірлесіп жоспарлау

  • Өткізу, қадағалау

  • Оқушылармен сұхбаттасу

  • Талқылау, ІІ циклді жоспарлау

Lesson Study үшінші циклі

  • Бірлесіп жоспарлау

  • Өткізу, қадағалау

  • Оқушылармен сұхбаттасу

  • Талқылау, ортақ қорытынды жасау.

Lesson Study тәсілінің жүргізілуі: Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын бір топ яғни, 3 мұғалімді мұғалімді іріктеп алып, топ құрамыз. Бұл топтың құрамына басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады. Күтілетін нәтижелерді анықтап, негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізіледі. Lesson Study барысында топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең болады. Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп, топтық жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану қағидаттарына тоқталамыз. Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдалану барысында жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліп, аяқталғаннан кейін бірден талқылау жүргізуді қамтамасыз ету керек.

Қазақстандағы ашық сабақ пен Жапониядағы Lesson Study арасындағы айырмашылықты салыстырып көрейік:

Қазақстанда мұғалімдер ашық сабақтарды жылына бірнеше рет өткізуге міндетті. Дәл осы мектептің немесе басқа мектептердің осы уақытта сабақтары жоқ мұғалімдері оған қатысады. Бақылағаннан кейін олар сабақ өткізген мұғалімге өздерінің пікірлерін қалдырады. Сіздің ашық сабағыңыз Жапонияның Lesson Study тәжірибесіне ұқсайды. Lesson Study-да өз еркімен мұғалім ашық сабақ өткізеді және оның әріптестері сабақтың өткізілуін бақылайды. Қазақстандағы ашық сабақ пен жапондық Lesson Study тәжірибесі арасында кейбір айырмашылықтар бар. Айырмашылықтарының біреуі комиссияның және кестенің болуы. Lesson Study-да барғысы келетін мұғалімдер ғана емес, барлық мұғалімдер ашық сабаққа қатысып, содан кейін кеңеске қатысуы тиіс. Lesson Study комиссиясы тақырыпты таңдап, кесте құрады. Оларда ашық сабақ болатын күні оған қатысатын бір сынып қана мектепте қалады, қалғандары үйлеріне ертерек қайтады. Осылайша, мектепте барлық мұғалімдер ашық сабаққа және бұдан кейінгі талқылауға қатыса алады. Қазақстанда ашық сабақты бақылаушылар сабақты бағалауға және сабақты

өткізген мұғалімге өз пікірлерін қалдыруға тырысады. Жапондық Lesson Study-да бақылаушылар мұғалімдерге пікір қалдыра алады, бірақ олар өздерінің бақылау дағдыларын немесе олардың оқу дағдыларын жақсартуды қалайды. Жапонияда талқылауға қатысқан мұғалімдер басқа мұғалімдердің идеяларын түсінуге тырысады.

[1.14 б]

Мазмұны

Қазақстан

Жапония

Жылына 1 рет ашық сабақ

міндетті

міндетті

Ашық сабақты бақылау

ерікті

міндетті

Кесте

Ашық сабақ үшін

Ашық сабаққа арналған сабақ жоспары бойынша жиналыс, сабақтан кейінгі кеңесу

Lesson Study комиссиясы

жоқ

Кесте жасайды, таңдайды.

Сабақ қашан өткізіледі?

Қазақстанда сабақтары жоқ мұғалімдер ғана бақылай алады.

Басқа сабақтар болмайды және аталған сабаққа қатысатын сыныптан басқа сыныптар үйлеріне таратылады. Барлық мұғалімдер сабақты бақылайды.

Бақылаушының мақсаттары

Мұғалімге пікір қалдыру

Бақылау дағдысын жақсарту, мұғалімге пікір қалдыру

Сабақтан кейін талқылау

Тек мұғаліммен ғана талқылау

4-6 адамнан тұратын топтарда талқылау, содан кейін топ болып талқылау, қорытындысында алынған нәтижелерді талқылау.

Бақылау және талқылау көзқарастары

Мұғалімге пікір қалдыру немесе мұғалімді бағалау

Әр оқушы сабақ барысында қалай оқитынын бақылау. Сабақты қалай жақсарту керек екендігі туралы ойлану.

Ғылыми басшы

жоқ

Кейде ашық сабақты өткізуге жауапты мұғалім басқа тараптан келген бақылаушыдан оған кеңес беруін сұрайды. Көп жағдайда басқа тараптан келген ғылыми басшы сабаққа қатысады және мұғалімдердің пікірталасының қорытындысын шығарады, оларға кеңес береді.

Lesson Study тәсілінің оқытушыларға тиімділігі:

  • Әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

  • Мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

  • Оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

  • Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a);

  • Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Lesson Study тобына көмек көрсету үшін озат мұғалімдер мен кеңесшілерді шақыруға болады. Олар:

  • Lesson Study басталмастан бұрын мектепте басқа мұғалімдерге әдістемені көрсете алады.

  • Lesson Study үдерісін жоспарлау және оған өз ойлары мен ұсыныстарын енгізу барысында Lesson Study тобына қосыла алады.

  • Lesson Study тобымен бірлесіп, олар дайындаған Lesson Study-ді талқылап, педагогикалық әдісті әзірлеу тәсілдері туралы ұсыныс енгізе алады

  • (Тиісті құзыр берілген) бақылаушы ретінде Lesson Study-ге және оқушылар пікіртеріміне қатысып, сабақ қорытындыларын талқылауға атсалыса алады.

Жетекші пән мұғалімдері өздері Lesson Study цикліне қатысып, мектепте көшбасшы болатын болса, олар да осы сияқты рөлді атқара алады. Мұғалімдер оқытудың белгілі бір тәсілдерін қолданатындығын растайтын портфолио құру немесе кәсіби/ғылыми біліктілік алу мақсатында осы әдісті қолданған жағдайда Lesson Study тәсіліне деген қызығушылық артып, оның құндылығы кеңінен мойындалар еді. Сіздің топ оқушылардың білім алуы мен жетілуіне әсер ететін тәжірибе ойлап тауып, әрі оны басқаларға қызықты болады деп ойласаңыздар, тәжірибелік зерттеу ретінде оны төмендегі сайтқа жүктеуге болады: www. lessonstudy.co.uk. Бұл вебсайт сыныптар мен мектептерде өзінің тиімділігін бір жерде көрсеткен және басқа жерлерде де ықпал ете алатындығын дәлелдеген тәжірибені жетілдіруші практик мамандарға көмек көрсету үшін әзірленген.

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу тәсілі:

Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады. Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке- жеке жүргізілуі мүмкін. Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Cабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар: «Саған сабақта бәрінен де не ұнады?», «Сен нені үйрендің?», «Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?», «Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің?», «Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?» т.б.

Lesson Study тәжірибесін өткізу кезеңдері

1-кезең: Мектеп басшысы жүзеге асыратын дайындық. Оқу жылының басында мұғалімдер Lesson Study тәжірибесіне жауап беретін комиссия ұйымдастырады. Комиссия мүшелері – профессор-оқытушы құрамының өкілдері; бір сыныптың немесе бір пәннің оқытушылар құрамы. Олар талқылайды және Lesson Study үшін тақырып пен кесте анықталады. Lesson Study тақырыбы мұғалімдер өз сабақтарын және оқушылардың оқуын қалай жетілдіруге тырысатынын көрсетеді. Lesson Study тақырыбын әр мұғалімге бөліп беруге болады, бірақ егер бір мектептің мұғалімдерінің ортақ тақырыбы болса жақсы болады. Lesson Study-ды айына бір рет өткізу үшін барлық оқытушылар құрамын кәсіби дамыту үшін кестеге сай уақыт тағайындайды.

2-кезең: Жоспарлау. Lesson Study-да бір мұғалім белгіленген сабаққа дейін шамамен бір айда ерікті түрде зерттеу сабағын өткізу, сабақ жоспарын жазу үшін жауапкершілікті өзіне алады. Содан кейін ол сабақ жоспарын кездесуде ұсынады. Онда бір сынып немесе бір пән саласы мұғалімдері жиналады. Кездесуде мұғалімдер тобы сабақ жоспарының түзетулерін талқылайды. Талқылау барысында олар сабақты оқу жылының басында белгілейтін Study Lesson тақырыбына сай жақсартуға тырысады.

3-кезең: Сабақты бақылау. Мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, оның сыныбында ашық сабақ өткізеді. Мектептегі мұғалім немесе сол саланың мұғалімі зерттеу сабағын бақылайды. Сабаққа шолу жасаған кезде Сіз оған қатысуыңыз қажет.

Кейс-стади әдісі бойынша 1 ашық сабақ үлгісі ұсынылады (слайдта көрсетіледі).

Зерттеу сабағын ұйымдастыру барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізіледі:

* Сабақ мақсаты анық;

* Оқушылар өздерін тәртіпті ұстайды;

* Оқушылар сабаққа назар аударады (негізгі жұмыс);

* Мұғалім анық түсіндіреді;

* Мұғалім оқушылар назарын өзіне тарта алады;

* Мұғалім оқушыларды өз ойларын білдіруге және терең ойлауға итермелейді;

* Мұғалім тақтаға анық жазады;

* Мұғалім топтық жұмысты орнымен қолданады;

* Мұғалім АКТ құралдарын тиісті түрде қолданады;

* Жұмыс парағы немесе басқа материалдарды тиімді түрде қолданады;

* Оқушылар дұрыс нәрселерді жазып алады;

* Оқушылар сабақты түсінеді;

* Оқушылар өз пікірлерін айқын жеткізеді;

* Оқушылар бірін-бірі тыңдай алады;

* Мұғалім оқушылардың сөзіне, сұрақтарына дұрыс жауап қайтарады;

* Сабақ қорытындысы мақсатқа сәйкес болады.

Сабақты жүргізу барысында бақылаушы мұғалімдерге емес, оқушыларға назар аударуымыз қажет. Ал бақылаушылар барлық оқушыларды бақылай алмаса, өздеріне 4-5 оқушыдан бөліп алуға болады.

4-кезең: Сабақтан кейінгі талқылау

Ашық сабақ өткізгеннен кейін бақылаушылар оны талқылайды. Ашық сабақты талқылау мақсаты мұғалімдердің көзқарасын түзету немесе әр қатысушының сабаққа бейімін тереңдету емес, сабақты бағалау үшін қойылуы тиіс. Кейде Сіздің кері байланысыңыз нұсқаушыны ілгерілете алады, бірақ кейде Сіздің сабаққа қойған бағаңыз зиянын тигізуі мүмкін. Қазақстандағы мұғалімдер ашық сабақты талқылаған кезде, олар мұғалімнің мақсатын, оқушылардың білім алу жолын түсінуге тырысады. Басты мақсат – мұғалімнің бақылау дағдысын дамыту, бірақ бірін-бірі бақылаған кезде оқыту әдіс- тәсілдері де бір-біріне ұқсаса болып кетеді.

Сабақ барысын талдауда қатысқан оқытушылар топ құрып, стикерлерге өз ойларын жазып, іледі. Сабақ берген оқытушы бірыңғай идеяларды топтастырып, сабақты қалай жақсартуға болатынын талқылай аласыз. Талқылау нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Сіз талқылап жатқан кез-келген идея плакаттың бос аумағында жазылуы мүмкін.

5-кезең: Lesson Study туралы есеп жазу

Талқылау көмегімен келесі ашық сабаққа жауап беретін мұғалім сабақ жоспарын жазу үшін жаңа идея әзірлей алады. Бірнеше Lesson Study тәжірибелері арқылы бір жыл ішінде мұғалім өз рефлексиясын тереңдете немесе сабақтың жаңа идеяларын әзірлей алады. Егер Сіз Lesson Study туралы есеп жазсаңыз, бұл Сіздің дамуыңызды бір жылдан кейін көрсетеді және есеп жазу үдерісінің өзі Сіздің Lesson Study рефлексиясына түзетулер енгізеді. [2.25 б]

Рефлекция бойынша жазылған күнделігімді осы әдісті қолдану барысында жалғастыруға болады. Сонымен қатар, бұл әдістің жиынтық бағалауға да ықпалы өте зор. Өйткені, бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауды тексеруде менің оқушыларға арналған рефлекция бойынша күнделігім, Lesson Study тәсілі бойынша сабақ өткізуім көп көмегін тигізеді.

Сонымен, Lesson study тәсілінің тиімдігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, менің ұсынысым:

1.Жас мамандармен бірлесіп Lesson study тәсілін пайдалануды жүзеге асыру;

2.Шетелдік әдісті Қазақстандық бағдарламаға қарай ыңғайлап қолдану;

3.Lesson study тәсілі арқылы жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындау.


Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық, Астана, 2013

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!