400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕОРИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қабылдау қасиеттерін ескеріп, байқағыштық қасиеті қалыптастыру. Түйінді сөздер: қабылдау, түйсік, дифференциялау, адам, тұтастық, структура, зейін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕОРИЯСЫ

Суниятова Гүлсезім Азаматқызы

Бұл мақалада қабылдау қасиеттерін ескеріп, байқағыштық қасиеті қалыптастыру.

Түйінді сөздер: қабылдау, түйсік, дифференциялау, адам, тұтастық, структура, зейін.


ВОСПРИЯТИЕ И ТЕОРИИ ВОСПРИЯТИИ


Суниятова Гулсезим Азаматкызы

В данной статье мы должны принять во внимание свойства восприятия и способность наблюдать.

Ключевые слова: восприятие, восприятие, дифференциация, человек, целостность, структура, внимание.


PERCEPTION AND THEORIES OF PERCEPTION

Suniyatova Gulsezim Azamatkyzy

This article, we must take into account the properties of perception and the ability to observe.

Keywords: perception, perception, differentiation, person, integrity, structure, attentiveness.

Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында).

А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады.

Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көретін заттарға адам зейінін бұрмаса, олардың айналасындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып, қарамаса адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты. [1].

Қабылдау арқылы түйсіктің нәтижелері реттелінеді және адам есімдері мен дүние құбылыстары туралы білімге айналады. Әрине, түйсік пен қабылдаудың шекаралары жеткілікті түрде шартты болып келеді, өйткені көптеген жағдайда бұл үрдістерді дифференциялау (бөлшектеу) қиын. Сондықтан да бұл процестер көбіне өзара байланысты және бөлінбейтін құбылыстар ретінде қарастырылады. Қабылдау тек қана адам және жануар миында заттар мен дүниелердің кейбір жеке қасиеттерін бейнелейтін болса, қабылдау процестерінде заттар құбылыстардың (өз қасиеттері мен бөдшектерін кіріктіре, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде туындайтын) мида тұтастай бейнелену. Түйсіктер мен қабылдаулар шығу тегі жағынан ұқсас: олар адам сезім мүшелерінің ағзалық қасиеттер (түйсік ситуациясында) немесе заттардың (қабылдау ситуациясында) тікелей әсер еткенде туады. Адамның түйсігі мен қабылдауы үшін ең мәнді нәрсе – олардың әр қайсысына тек сезімдік компоненттің ғана емес, сонымен бірге сөз түрінде жеткізілген рациональды (ұтымды) компоненттің кіруі болып табылады. [2].

Қабылдауға әртүрлі елес, елестету мен ұғымдар кіреді, олар адамның бұрынғы тәжірибелері мен ойлау қызметінің нәтижелері мен ойлау қызметінің нәтижелері болып табылады. Ойлаудың ықпаллымен қабылдау оған тепе – теңірек болады. Қабылдау үрдістерінде сөйлеу мәнді рөл атқарады. Шет тілінің сөздік қорлары мен грамматикасын игеру сол тілде сөйлеп тұрған кісінің сөздерін шет тілін меңгерген адамның жақсы қабылдауына мүмкіндік туғызады (В. А. Артемов). Қабылдау ерік үрдістерімен тығыз байланысты. Қабылдаудың тепе-теңдігі мен анықтылығының шарты зейін болып табылады, ол қабылдаудың қызметін жақсартады [3].

Қабылдаудың структуралық теориясы. Зерттеудің басты әдісі – табиғи жағдайда элементарлық түйсікті зерттеу үшін аналитикалық интроспекция (лат. Ішкі көру немесе өзін-өзі бағалау). Структуралитердің айтуынша, біздің қабылдайтын заттарымыз аналитикалық интроспекциялық зерттеуде элементарлық түйсіктердің құрылымы болып шығады екен. Түйсіктер – қабылдаудың бірлігі. Қабылдау бейнелері түйсіктердің жиынтығы. Қабылдау Гешталь теориясы. Структура (құраушы) структалистердің айтқанындай, тұтастық оның элементтерінің қарапайым қосындысы емес, ал қабылдау түйсіктің жиынтығы да емес,деп санайды Гешталь психологиясы. Бөлек түйсіктер өзіне-өзі өмір сүрмейді, тек қана тұтастық құрылым – Гештальттар бар, олар «қосындылар» тұтастық емес принципіне бағынады. Қосындыларды емес, қабылдаудағы тұтас бейнені (образ), элементтердің перцептивтік ұйымдасу өрісінің процесіне қарастырады. Элементтер өзара әрекеттесіп, сапалық жаңа құрылымдар қалыптастырады. Гешталь психология фон мен фигура арасындағы айырмашылықтарды ашты [4].

Пайданылған әдебиеттер

1. Сайт: pps.kaznu.kz/ru/Main/FileShow/561630/106/123/1471/Жубаназарова Н.С./2018/1

2.Котова И. Б., басқалары. Психология. – Ростов: Феникс, 2003. – 78 б.

3. Жарықбаева. Жалпы психология. – А. – 2004. – 95 б.

4. Бабаев С. Жалпы психология. – 2003. – 108-119 б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
124
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі