«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Нұрхан оқулары» байқау туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Нұрхан оқулары» байқау туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңіріндегі тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық

«Нұрхан оқулары» байқау туралы



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, қоғамдық сананы жаңғырудың негізгі шарттарының бірі ұлттық мәдениет, ұлттық кодыңды сақтай білу, іргелі іргетасы негізгі патриотизим болып табылатын болса «Туған жер» бағдарламасының басты мақсаты – Қазақтан халқының шынайы патриоттық сезімге тәрбиелеу, ол өз еліне, ауылына, қаласына, туған жеріне берілу арқылы, оның тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен күнделікті өмірі, Отан алдындағы моральдық борышына деген сүйіспеншілік мақтаныш пен адалдықпен көрініс табады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңіріндегі тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.

Осы мақсатта басты кейіпкер Нұрхан Ахметбеков қыруар істі атқарған ел дамуына зор үлес қосқан азамат. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер негізін салған ақын. Ақын деп музыка мен поэзияны қатар алып жүретін, суырып-салмалық қабілеті зор өнер тұлғасын айтамыз. Осындай ірі тұлға, аты аңызға айналған халық ақынына арналған «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қолдауымен Жангелдин ауданы білім беру бөлімі ұйымдастырумен 2018 жылдың 26 қыркүйек күні «Нұрхан оқулары» тақырыбында байқау өткізілді. Байқауға облыстың барлық аймақтарынан 30 астам оқушы қатысты. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады дегендей.

Киелі Торғай жерінің тумасы Нұрхан Ахметбеков артында өшпес із қалдырған ірі тұлға, жазушының өлеңдерін жатқа айтып, шығармаларын жырлап, және ғылыми жұмыс қорғап ақындар айтысы өткізілді. Байқауға ақынның ұрпақтары демеушілік жасап, ақынның ізбасарлары атанған елге құрметті азаматтар, Торғай тумалары Серікбай Оспанов, Серік Тұрғынбеков, Нағашыбай Мұқатов, Абылай Мауданов сынды ақын жазушыларымыз байқауға қазылық жасап қолдау көрсетті. Байқау қорытындысында жүлделі орын алған оқушыларға Білім басқармасы басшысы Кусаин Амангельдинович Каткеновтың қолы қойылған дипламдарымен марапатталды.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Бәсекелес тұлғаны – елді сүйетін оның өркендеуіне еңбек ететін, туған ауыл мектебіне көмек көрсететін азаматты қалыптастыру үшін қауымға өз қызметін бағыттау қажет. Сонда ғана қоғамның сана сезімі жаңалыққа бет бұрады.

Осындай игі ұйымдастырылып жатқан жұмыстар арқылы оқушылардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіре береміз деп ойлаймын және шәкіртерімізге берері мол.


Құлмағанбет Әсем Қайнолдақызы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы әдістемелік

кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі